Шығарылу түрі: қалайы қалпақшалармен қапталған, резеңке тығындармен тығыз жабылған 10 см3 шыны флакондарда.
Қолданылуы: мал туберкулезін аллергиялық диагностикалау. Аллергиялық зерттеу әдісі ауру малдың өзіне тән аллергенге гиперсезімталдылықтың баяу түрін анықтауға негізделген.
Қарсы көрсетілімдер: клиникалық көрінісі айқын ауру және дене температурасы жоғары жануарларға қолдануға болмайды.
Жарақаттанған, ісінген, іріңдеген және басқа да зақымданған теріге туберкулин енгізуге рұқсат етілмейді.
Сыртында анықтама қағазы жоқ, жарылған, ішінде бөгде қоспалары бар, мұздатылған, сонымен қатар ашылғаннан кейінгі 4 сағат ішінде пайдаланылмаған флакондар қолдануға жарамсыз болып есептеледі.
Қолдану тәсілі және мөлшері: Ірі қара мал мойнының ортасына «БИ-7» маркалы «инесіз инъектордың» немесе 1-2 см3 көлемді инесі мен жылжымасы бар шприцтің көмегімен 0,2 см3 мөлшерде тері ішіне егіледі. Туберкулин егер алдында енгізетін жердің жүнін қырқып, терісін 70 этил спиртімен сүртеді. Сүтқоректілер үшін туберкулин мөлшері - 0,2 см3 (10 000 ТБ), маймыл, қара күзен және құстар үшін – 0,1 см3.
Реакцияны есептеу: 72 сағаттан соң тері қабаттарының қалыңдығын кутиметрдің көмегімен өлшеу арқылы.
Препараттың жарамдылық мерзімі және сақталу жағдайы: туберкулин құрғақ, қараңғы жерде +2 ден +8 ºС температурада сақталғанда, дайындалған күннен бастап 3 жылға жарамды.
Препараттың бағасы: бағасы келісімді.
Өндіруші: «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС.
Мекен-жайы: 050016, Алматы қ., Райымбек даңғ. 223, тел. + 7 (727) 233-72-71.
1905
Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт
КазНИВИ
Роз бенгал антиген для пластинчатой реакции агглютинации (роз бенгал проба - РБП) при диагностике бруцеллеза животных
Препарат предназначен для серологических исследований сывороток крови животных на бруцеллез.
Состав: Роз бенгал антиген представляет собой стерильную, микробную суспензию розового цвета, содержащую инактивированную бактериальную массу, окрашенную красной 6С, полученную из штамма Br. abortus 100.
Достарыңызбен бөлісу: |