Адрес: 050016, г. Алматы, пр. Райымбека 223, тел. + 7 (727) 233-72-71.
1905 Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты КазНИВИ
Ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезге диагностикалауда пластинкадағы агглютинация реакциясына (Роз бенгал сынама - РБС) арнаған Роз бенгал антиген
Мал қан сарысуын бруцеллезге серологиялық тексеруге арналған препарат.
Құрамы: Роз бенгал антигені вакциндік Brusella abortus 100 штаммынан алынған, арнайы бояумен күлгін түске түстенген өлтірілген бруцелладан тұрады.
Қолдану бойынша нұсқау. Ауыл шаруашылық малдарының қан сарысуын бруцеллезге диагностикалауда пластинкалық агглютинация реакциясына (ПАР) (роз бенгал снамасы - РБС) роз бенгал антигенді қолданады.
Дозасы: бір сынамаға 0,03 см3.
Қолдану әдісі: Реакцияны таз және құрғақ эмальданған шұңқыры бар пластинкаларда бөлме температурасы 18-30 0С жүргізіледі. Пластинкалардың жиегіне, әр шұңқырдың қарсына зерттелетін қан сары суының нөмірі жазылады.
Алдымен реакцияны алдын ала бегілі (позитивті және негативті) қан сарысуларымен және бақылау физиологиялық ертіндісімен аяқасты агглютинациясына тексерілуге қойылады. Содан соң қалған барлық қан сарысуларын тексереді.
Ірі қара малдарының, жылқылардың және шошқалардың қан сарысуларын эмальданған пластиналардың әр шұңқырына немесе таза майсыздандырылған әйнекке құяды және антиген 0,03 см3 көлемінде қосып арнайы араластырғышпен біркелкі езінді болғанша араластырады.
Реакцияны қан сарысуымен роз бенгал антигеннің араласуынан кейін 4 минуттан соң көзбен қарап пластинаны сәл қиғаштап есептейді. 4 минуттан кеш болған агглютинацияы есептемейді.
а) антигеннің боялған бруцелларының айқын агглютинациясы бар, ойықтың ақ үстінде ұсақ немесе ірі қызғылт түсті мамықшалары түрінде көстетілген жағдайда реакция оң деп саналады.
б) егер агглютинацияға түспесе (қоспа, бір келкі, бір келкі түсте боялған) реакция теріс деп есептеледі.