Абор предназначен для исследования молока верблюдиц на бруцеллез


Қошқардың індетті эпидидимитін КҰБР-да балауға арналған реагенттер жиынтығы (тест-жүйесі)



бет19/51
Дата12.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#196525
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Аннотации-препаратов-1-5

Қошқардың індетті эпидидимитін КҰБР-да балауға арналған реагенттер жиынтығы (тест-жүйесі)


Мал қан сарысуын жұқпалы эпидидимитке серологиялық тексеруге арналған препарат.
Құрамы: Овистік антиген, сұрыптап алынған B.ovis 6 штаммына ультрадыбыспен әсер ете отырып алынады, стерильді, мөлдір, әлсіз бұлыңғыр сұйықтықты құрайды, өзіне тән белсенді заттары бар.
Қолдану бойынша нұсқау. Brucella ovis шақыратын қошқарлардың жұқпалы эпидидимитін балауға арналған компоненттер жиынтығы комплементті ұзағынан байланыстыру реакциясында Brucella ovis өзіне тән антиденелерін анықтауға арналған.
Дозасы: жиынтық 1600 сынамаға есептелген.
Қолдану әдісі: Зерттелетін қансарысуы бар пробиркаға гемолитикалық жүйені құймас бұрын, гемолитикалық жүйені үш - негативтік (жаңадан алынған немесе консервленген), позитивтік (овистік) және сынақтағы қансарысуларымен титрлейді.
Зерттелетін қансарысуларын антигенмен 1:5, 1:10 және антигенсіз 1:5 қатынастарында (қансарысуының антикомплементарлығына) тексереді, жаппай тексеру кезінде реакцияны бір пробиркада антигенмен қансарысуының 1:5 қатынасында жүргізеді. Қатарластыра отырып қансарысуларын гемолитикалық жүйеде титрлеуге құяды. Қансарысуларының керекті езінділерін жоғарыда келтірілген тәртіп бойынша дайындайды. Езілген қансарысуларын 62-64 °С су моншасында инактивтендіреді.
Есепке алуды барлық бақылаудың көрсеткіштерін бағалаған соң бастайды. Бақылаудағы антигенсіз қансарысуының өздігінен тоқтауы байқалған жағдайда, ол сынаманың нәтижесі есепке алынбайды. Егер антигені бар екі пробиркада да эритроцит гемолизі әр пробиркада 2 (++) кресттен кем болмаса немесе анық көрінсе (+++ немесе #), реакция оң болып есептеледі. Егер эритроцит гемолизі аз байқалса (мысалы бір пробиркада ++, ал басқасында + крест болса) реакция күмәнді болып саналады. Күмәнді нәтиже көрсеткен мал бастарының қансарысуларын үш аптадан соң қайта тексереді. Барлық пробиркада эритроцит гемолизі толық болған жағдайда реакция теріс болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет