(Lithocolletis pyrifoliella Grsm); жапырақ асты үңгі жеміс күйе көбелегі
(Lithocolletis corylifoliella) алманың миналаушы күйесі (Lyonetia clerсkella L);
бүршік масасы (Thomasiniana oculiperda Rubs) зиянкес бөжектері кірді.
Аталмыш 13 зиянкес бөжектің биологиясы мен зияндылығын зерттей
отыра оларға қарсы әр түрлі уақытта. I-II көшет танаптары мен аналық көшет
және қалемшелі бақта келесі бағдарлама бойынша қорғау шаралары жүргізілді.
Тәжірибе сызбасы:
1.Көшеттіктерде агротехникалық шаралар жүргізілді.
2.Энтомофагтарды еліктіру үшін балшырын өсімдіктерді (фацелия, қыша,
аскөк) балшырын өсімдіктері бүкіл вегетация бойы, әр 14 күн сайын шахматты
үлгіде көшет қатар аралықтарына және көшеттік жағалауларына отырғызылып
отырдық. Балшырын шөптерді 20-сәуір айынан бастап отырғыздық.
3.Көшеттіктерде көшет сапасын (тамырын,
жапырағын, сабағын)
жақсарту мақсатында өсу реттеуіштері (корневин, экстрасол) және
биотыңайтқыш (Байкал ЭМ-1)вегетативтік телітушілерді көбейтетін аналықта
және 1-2 танап көшеттіктерінде, ерте көктемде және жазың соңында
қолданылды.
Экологияландырылған
қорғау
шараларында
келесі
препараттар
қолданылды:
Авермектин+бензамидтер химиялық класс биоинсектицидтері:
1.Фитоверм,к.э(аверсектин С 2г/л.)
2.Проклэйм вит, в.р.г. (эмамектин бензоат 50 г/кг + луфенурон 400 г/кг)
Бактериалды биопрепараттар:
1.Ақкөбелек (вacillus thuringiensis, var. тhuringiensis)
2.Битоксибациллин (вacillus thuringiensis var. кurstaki)
Неоникотиноидты химиялық класс инсектициді
1.Актара в.д.г. (тиаметоксам 240 г/л)
Әр түрлі заттардан құралған химиялық класс инсектициді
1.Кораген, к.с. (хлорантранилипрол 200г/л)
Көшеттердің өсуін реттейтін биоактивті заттар
1.Экстрасол (вacillus subtilis штамм Ч-13)
2. Корневин (индол-4-ил(майлы қышқыл)
Биотыңайтқыш
1.Байкал ЭМ-1
4.Негізгі зиянкес бөжектерге
қарсы биопрепараттарды және
биоинсектицидтерді сондай-ақ азтоксинді препараттарды алмастырып, зиянкес
бөжектердің даму кезеніндегі оңтайлы уақыттарда қолдандық.
Біздің зерттеу нысандарымызға көшеттіктердің барлық танаптары мен
аналық қалемшелі бақ алынғандықтан, зиянкес бөжектерге қарсы дәрілеу
жұмыстарын барлық алқапта әр түрлі уакытта жүргіздік.
Достарыңызбен бөлісу: