Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет12/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

«ҚазЖжЖШ ҒЗИ»ЖШС
- «Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы 
ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 
ТШ-
тәжірибелі шаруашылық 
Ш/Қ
- шаруақожалығы
 
МЕМСТ
- мемлекеттік стандарт.
 
 
дана/м
2
- шаршы метрге дана; 
д.в. - ә.е.з. - әрекет етуші зат; 
л/га - гектарға жұмыс сұйықтығының шығысы; 
в. г. - суда еритін түйіршіктер; 
э. к. - эмульсия концентраты; 
м. в. с. к. - майлы-сулы суспензиялық концентрат; 
сух.п. - құрғақ ұнтақ. 
ЖШС – жеке шаруашылық серіктестігі 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 
Қазақстан Республикасы Президенті 
Назарбаев Н.Ә. халыққа Жолдауында «Қазақстанның агроөндірістік кешені 
тиімді болашаққа ие, көптеген жағдайларда, біз әлемдегі ең ірі ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірі бола аламыз. Әсіресе 
экологиялық таза тағамдарды өндіруде, made in Kazakhstan бренді мұндай 
өнімдердің эталоны болуы тиіс» ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту 
өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілудің 
қажеттілігін атап өтті. [1] Қазақстан Республикасының климаттық, топырақ 
жағдайлары бәсекеге қабілетті бақ шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. 
Халықты жергілікті өндірістің жемісімен қамтамасыз ету, жеміс өндірісін 
экспорттау - жеміс шаруашылығы ғалымдары мен тауар өндірушілерінің негізгі 
міндеті болып табылады. Қазіргі таңда республикамызда жеміс 
шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Элитті көшеттерді сатып алу 
және жеміс дақылдарын отырғызуда мемлекеттен арнайы субсидия бөлінеді.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында, алманың 
отырғызу материалдарын өсіруші және жеткізуші шаруақожалықтар өркендеп 
келе жатыролар: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: «Сарыагаш жер сиы» 
ЖШС, «Сарыағаш көжет» ЖШС, «R.S Агро-Групп Холдинг» ЖШС, Алматы 
облысы бойынша: «Сады Жетысу Трейд» ЖШС, Ю.А. Баденко», «Айдарбаева», 
«Махмуд», «Сотников», «Тенрикут шаруақожалықтары, Жамбыл облысы 
бойынша: «Мерке тәжірибе шаруашылығы» ЖШС, «Агрокомплекс» ЖШС,
«Гулдер» «Жасыл белес» шаруақожалықтарын атап өтсек болады.Қазақстанда 
өнімділігі жоғары бақтар құру ол- зақымданбағансау отырғызу материалдарына 
тікелей байланысты. Сау және сапалы отырғызу материалдарын өндірудің 
экономикалық және экологиялық маңызы бар.Отырғызу материалында 
зиянкестер мен патогендердің болуы, тікелей шығынды қоспағанда, 
пестицидтерді жиі қолдануға, зиянды организмдердің резистенттік түрлерінің 
жаппай көбеюіне, химиялық препараттарды қолдану мөлшерінің өсуіне әкеліп 
соқтырып, қоршаған ортаға және алынатын өнімге кері әсерін тигізеді.[2] 
Жоғары сапалы отырғызу материалы-өсімдіктің жылдам жеміс беруін
олардың өнімділігін жоғарлатуға, жеміс құнарлығын жақсартуға мүмкіндік 
береді. Мұның бәрін дұрыс және ғылыми негізделген көшеттіктердің 
зиянкестерге қарсы қорғау жүйесі болмаса қол жеткізу мүмкін емес. Ол үшін 
жергілікті көшеттіктердің энтомофаунасы, доминантты зиянды түрлердің даму 
ерекшеліктері, олардың дамуын болжау, зияндылығына дәрілеу зерттеу 
жұмыстары болмаса, орындау мүмкін емес. [3,4] 
Жеміс көшеттіктерінде зиянкес бөжектер өте қауіпті болып келеді, өйткені 
екпе-көшеттердің жинаған қоры болмағандықтан, өте жас әрі әлсіз.Қазіргі кезде 
жеміс-жидек дақылдарында зиянкес бөжектердің әртүрлі түр құрамы кездеседі, 
олардың бір түрі барлық өсімдіктерді зақымдайтын полифаг болса, енді бір 
түрлері арнайы маманданған зиянкес бөжектер болып саналады. Зиянкес 
бөжектердің түр құрамы әрдайым көбейіп отыруда, оның бірден-бір себебі 
сыртқы мемлекеттерден алып келінетін отырғызу материалына байланысты. 



Отырғызу материалдарын залалсыздандыру үшін, көп қолданбалы және 
жоғары концентрантты дәрілеу, көшеттіктерді қоршаған ортаны белсенді 
зақымдайтын 
зақымдау 
көзіне 
айналдырады. 
Осы 
мәселеге 
байланысты,отырғызу 
материалдарын 
өндірудің 
әртүрлі 
кезеңдерінде 
қолданылатын биопрепараттар мен азтоксинді қауіпсіз препараттардың әсер 
ету тиімділігін анықтау керек. Соған байланысты телітілген көшеттерді өсіру 
технологиясын жетілдіріп, соның ішінде экологиялық қауіпсіз биопрепараттар 
мен биоактивті заттарды қолдана отырып, ұластырма-сорттық үйлесімділікті 
алу және зиянкестердің табиғи жауларын еліктіру қазіргі таңда өзекті мәселе 
болып табылады және оны шешудің теориялық және практикалық жолдарын 
іздестіруді қажет етеді.[5] 
Осы жағдайға байланысты, оңтүстік және оңтүстік-шығысҚазақстан 
жағдайынданегізгі зиянкес бөжектермен күресу шараларын ұйымдастыру үшін 
алға келесі міндеттер қойылды: зиянкес бөжектердің түр құрамын анықтау, 
негізгі зиянкес бөжек түрлерінің фенологиясын және биологиясын зерттеу, 
зиянкес бөжектердің зияндылығын, оңтайлы даму сатысын анықтау, негізгі 
зиянкес бөжек түрлеріне қарсы экологияландырылған қорғау жүйесін 
құрастыру маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет