Абсолюттік биіктік (лат absolutus толық, сөзсіз) мұхит деңгейінен есептелетін биіктік. Абсолютті монархия



бет14/44
Дата08.02.2022
өлшемі43,74 Kb.
#119292
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Термин

Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі.
Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым.
Биотикалық фактор – ландшафтылардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.
Биохимиялық процесс – тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.
Биоценоз – тіршілік жағдайларда азды-көпті біркелкі болып келетін аймақты мекендейтін микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі.
Борықты сор – тұзы шығып жатқан жер.
Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.
Гамада – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы.
Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым.
Геоморфологиялық кешен – жердің ішкі және сыртқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.
Геосинклиналь – жер қыртысының ұзынынан созылып жатқан тектоникалық қозғалмалы ойпаң учаскесі. Мұнда сейсмикалық процестер күшті байқалады.
Геофизика Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.
Гербицид – арам шөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет