Э Энергетика жүйелерi - жоғары вольтты электр жеткiзу желiстерiмен қосылған және бiр орталықтан басқарылатын әр түрлi типтегi электр станцияларының тобы.
Экономика - 1) қоғамның белгiлi бiр дәуiрiндегi өндiргiш күштерге сай келетiн өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы, қоғамда үстемдiк етушi өндiрiс тәсiлi. 2) шаруашылықты белгiлi бiр саласының ұйымдастырылуы, құрылымы жағдайы.
Экономикалық өсу - өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсатта өнiм шығаруды және қызмет көрсетудi ұлғайту.
Экономикалық-географиялық жағдай - объектiнiң (қаланың, ауданның) оның дамуына белгiлi бiр ықпал жасайтын, одан тыс жатқан объектiлерге (транспорт жолдарына, ауданға, мемлекеттiк шекараларға, iрi өнеркәсiп базаларына) қатынасы.
Энергетикалық дағдарыс- энергетикалық ресурстардың ең алдымен мұнайдың өте-мөте тапшы болып әрi қымбаттап кетуi. Энергетикалық дағдарысты монополиялар әдейi туғызады, сөйтiп олар энергияны көбiрек тұтынуға итермелейдi, сонымен қатар бiрқатар елдерде мұнай өндiрудi әдейi тежеп тастайды, сол арқылы мұнай өнiмдерiнiң бағасын қымбаттатады.