Өзiн - өзi өтеу - кәсiпорынның жұмсалған шығындарын өз табысымен (өнiмдi сатудан түскен) жауып өтедi.
Өзiндiк құн - өнiм өндiруге жұмсалған барлық шығын. Өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнына барлық жұмсалған шығындар: шикiзат, материал, электр энергиясы, еңбек ақы, т.б. кiредi.
Пайда, кiрiс -табыстың, кiрiстiң жұмсалған шығыннан артық болды.
Р Ресурстар- ол еңбек, материалдық және табиғи ресурстар, т. б. болып бөлiнедi.
Реэкспорт - ертеректе шетелден әкелген шикiзатты ешбiр өңдеуден өткiзбей алып - сату, сол сияқты тауарларды да қайта сату.
Рынок (нарық) базар - (тауар айырбасының жүйесi). Жоспарлы түрде қызмет ететiн қоғамның тауар айналымы нарығын, яғни тауар сатушылар (өндiрушiлер) мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жинтығын құрайды.
Рыноктық (нарықтық) қатынас - нарықта тауар айырбасы кезiндегi сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынас.
С