Серiктес, әрiптес - белгiлi бiр жұмысты бiрiгiп жасаушы, әрiптес, серiктес адам не мекеме.
Т Табыс, кiрiс, түсiм - белiгiлi бiр өнiмдi өндiру, жұмысты атқару нәтижесiнде тиiстi кәсiпорындарға, сауда-өнеркәсiп мекемелерiне және жеке адамдарға түсетiн ақшалай табыс немесе материалдық игiлiктер.
Тәлiмi егiншiлiк - ауыл шаруашылық дақылдарын суармай өсiру.
Тұтынушы - шығарылған өнiмдi сатып алып тұтынатын адам не мекеме.
Табиғи ресурстар - олар адам еңбегiмен жасалмаған және адамдарға тәуелсiз табиғат байлықтары. Адам баласы материалдық байлықты табиғат ресурстар көмегiмен жасайды.
Тендер - белгiлi бiр жұмыстарды орындауға қажеттi тауарларды немесе мердiгерлiк iстi тапсыру үшiн тапсырма берудiң ерекше түрi.
Технология - технология 1) белгiлi бiр өндiрiс процесiн iске асыру, материалдар мен бұйымдарды өңдеу жөнiндегi жұмыстардың жиынтығы; 2) материалдар мен бұйымдарды белгiлi бiр тәсiлмен өңдеп шығару жөнiндегi жұмыс әдiстерi.
Урбанизация - қоғам дамуда өнеркәсiптi, халықты және рухани мәдениет ошақтарын iрi қалаларға шоғырландыру.
Ф Фермер - жердi жалға алып немесе өз жерiмен кәсiп етушi адам.
Ферроқорытпа -(латынның ferrum-темiр деген сөзiнен)- сапалы болат алу үшiн пайдаланылатын темiрдiң басқа металдармен қорытпасы.
Шоғырландыру - iрi кәсiпорындарға топтастыру, яғни қуаты жоғары кәсiпорындар. Мысалы, Қазақстандағы шойын, болат және прокат өнiмдерiнiң Қарағанды толық циклдi және қайта қорыту комбинаттары бередi.