Сыртқы сауда бiрлесiтiгi -бұл дербес сауда ұйымы, заңды құқы бар мекеме, шаруашылық есеп жағдайында мемлекеттiк заңға сәйкес әрекет етедi. Бiрлестiк ереже бойынша делдал ретiнде сыртқа тауар шығаруды қамтамасыз етушiлермен және сырттан тауар әкелушiлерге тапсырма берушiлермен арадағы қарым-қатынасты шаруашылық келiсiм негiзiнде ал шетелдiк контрагенттермен (мiндеттеменi шарт бойынша алатын адам немесе мекеме) келiсiмдiлiк және шарттар негiзiнде жүргiзiледi.
Сыртқы сауда айналымы - бiр немесе бiрнеше мемлекетте белгiлi бiр уақыт аралығындағы (ай, тоқсан, жыл) сыртқа шығарылған тауарлар мен сырттан әкелiнген тауарлар құнының саласы.
Сыртқы сауда -бiр елдiң, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелу (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Бұл мемлекеттердiң бiр-бiрiмен экономикалық тұрғыдан жақындай түсуiне, олардың мемлекеттiк және экономикалық тәуелсiздiгiн нығайтуға мүмкiндiк туғызады.
Салықтар -жеке адамдардың, кәсiпорындардың және мекемелерде мемлекеттiк немесе жергiлiктi бюджетке төлейтiн мiндеттi төлемi.
Сала - өнiдiрiстiң жеке саласы, қызметтiң белгiлi өрiсi.