Ылғалдану коэффициенті – нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.
Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар бейорганикалық заттардан органикалық зат түзе алады).
Экзогендік геоморфологиялық процесс – сыртқы күштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.
Экология – тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым-қатынасы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
Экологиялық жағдай – айналадағы ландшафт ортасының жаратылыс жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).
Экологиялық фактор – айналадағы ортаның тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күн қызуы мен жел, су, өсімдіктер, жануарлар, адам әрекеті).
Эол (грек. aіolos – жер әміршісі), Аккумуляция (лат. accumulatіo – жиналу). Жел ұзақ уақыт айдап көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий теңізінен Қызылқұмға дейінгі аймақтағы эолдық құмдар) болады.
Эффузия (лат. effusіo – төгілу) – жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (магма, вулкандық тау жыныстары).
Достарыңызбен бөлісу: |