|
Абсорбентті таңдауда оған бірнеше талаптар қойылады
|
бет | 2/8 | Дата | 11.12.2021 | өлшемі | 1,4 Mb. | | #99431 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: абсорбцияАбсорбентті таңдауда оған бірнеше талаптар қойылады: - жоғары селективтілігі, яғни газ-тасымалдағыштың неғұрлым аз еріген жағдайында бөліп алатын компонентті талғампаз сіңіру қабілеттілігі;
- абсорбцияланатын компонентті өте жоғары сіңіру қабілеттілігі, басқаша айтқанда жұмыс жағдайларында сіңірілетін компоненттің өте жоғары ерігіштігі. Бұл абсорбенттің жұмсалуын азайтады;
- неғұрлым аз ұшқыштығы, яғни газ ағынымен кетіп қалмауы үшін жұмыс температурасы жағдайында абсорбент буы серпімділігінің аз болуы;
- жұмыс жағдайына тұрақтылығы, яғни абсорбент түрлі өзгерістерге ұшырамауы қажет, мысалы, айырылуы, тотығуы, шайырлануы және тағы басқа өзгерістер;
- жұмысқа қолайлылығы, яғни от алуға беріктігі, зиянсыздығы, аппаратураға коррозиялық әсерінің аздығы;
- құнының арзандығы мен қол жетімділігі;
- десорбция жағдайында жеңіл қалпына келуі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|