Өнеркәсіптік абсорбенттер жоғарыда келтірілген талаптардың бәрін бірдей қанағаттандыра алмайды. Сондықтан практикада абсорбенттерді процесті жүргізу жағдайларына (газ қоспасының қасиеті менмен құрамына, температураға, қысымға, газды тазарту дәрежесіне) қарай таңдайды.
Абсорбциялық процестер химиялық технологияда кеңінен қолданылады және бірқатар маңызды өндірістердің негізгі технологиялық сатысы болып табылады (мысалы H2SO4 өндірісінде SO3 абсорбциясы; HCl алғанда HCl абсорбциясы: азот қышқылы өндірісінде азот тотықтарының абсорбциясы; NH3, C6H6 ,булары, H2S;және т.б. компоненттердің кокс газының абсорбциясы;)

Абсорбция процесі көбіне жылу бөле жүреді. Абсорбентті (сіңіргіш сұйық) онда сіңірілетін компоненттің ерігіштік дәрежесіне байланысты таңдайды. Сұйық сіңіргіштерде газдардың ерігіштік дәрежесі сұйық және газ фазаларының физикалық және химиялық қасиеттеріне және температурамен қысымға байланысты. Практикалық жағынан қарағанда, процесс өткізу барысында шығымы аз болатын сіңіргіш тиімдірек.