Кіріспе коагуляция (ұю)



бет1/5
Дата29.12.2022
өлшемі2,18 Mb.
#164871
түріПрезентация
  1   2   3   4   5

Презентация
Тақырыбы: Коллоидты жүйелердің түзiлуi
Орындаған: Рахымбек М.
Группа:1504-11
Қабылдаған: Мадыбекова Г.
Шымкент, 2022 жыл
КІРІСПЕ
Коагуляция (ұю) – коллоидты бөлшектердің бірігу үдерісі, нәтижеде ірі агрегаттар түзіліп, агрегатты тұрақтылық жоғалады. Коагуляция бөлшектер арасындағы тартылу күштері бірдей зарядталған гранулалардың тебу күштерінен артқан кезде жүреді. Коагуляция үдерісін әртүрлі факторлар туғызады: температура өзгерісі, концентрация өсімі, механикалық әсер, сәулелендіру, электролиттер қосу, ультрацентрифугалау т.б. Ең зерттелгені және ең практикалық маңыздысы – коллоидтарды электролиттермен коагуляциялау. Электролиттер, бір жағынан зольдерді тұрақтандырады, екенші жағынан, оларды артық мөлшерде қосу зольдердің коагуляциясына әкеледі.
Коллоидты ерітінділерге электролитті қосу қарама – қарсы иондардың барлық қабатындағы, оның ішінде, адсорбциялық қабаттағы мөлшерінің өсуіне, сонымен бірге, дзета – потенциалдың кемуіне әкеледі.
Мицелланың дисперсті ортамен байланысы нашарлап, коагуляция жүреді. Электролиттермен коагуляциялаудың тәжірибеде жинақталған заңдылықтарын коагуляция ережелерімен береді.
Барлық күшті электролиттер коагуляция (ұю) шекарасына жететін концентрациясында коллоидты ерітіндіні ұйытады.
Ұю шекарасы (– 1 литр зольдің коагуляциясын туғызу үшін қажетті электролиттің ең аз мөлшері. Ұю шекарасын мына теңдеумен есептейміз:
(𝛾) =
Мұнда - коагуляция шекарасы( моль /л) , с – электролит концентрациясы ( моль /л) , V – электролит ерітіндісінің көлемі (л), W - золь көлемі. Сонымен, берілген золь үшін ең төмен ұю шекарасын көрсететін электролит ең жақсы ұйытқыш болып табылады.
Заряд таңбасы Гарди, 1900 жылы ережесі: Ұю процесін зольдегі коллоидтық бөлшектің зарядына таңбасы карама – қарсы ион туғызады. Мысалы, оң зарядты Fe(OH)3, бөлшектеріне NaCI, K2SO4, электролиттерін қоссақ, онда « ұйытқыш – иондар » ретінде CIˉ, SO4²ˉ, PO4³ˉ аниондарын атайды.
Валенттілік ережесі
Электролиттің коагуляциялық әсері Шульце ережесімен беріледі: ұйытқыш ионының заряды артқан сайын оның коагуляциялау қабілеті де жоғары. Егер бір зарядты иондардың ұйыту қабілетін 1– ге тең деп алсақ, онда екі зарядты иондардың ұйыту қабілеті 25 есе, үш зарядтыларда 550 есе артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет