Абстрак т Ғылыми жобаның негізгі мақсаты


санына байланысты қазақ аспаптары



бет4/5
Дата01.10.2024
өлшемі145,01 Kb.
#205477
1   2   3   4   5
Байланысты:
"Киелі сандар " ғылыми жоба

2.4 7 санына байланысты қазақ аспаптары

Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары- сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.

Жетіген -қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

2.5 Санмен басталатын адамдардың есімдері және жер-су атаулары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет