Абстрак т Ғылыми жобаның негізгі мақсаты


Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың сырын ашу



бет3/5
Дата01.10.2024
өлшемі145,01 Kb.
#205477
1   2   3   4   5
Байланысты:
"Киелі сандар " ғылыми жоба

2.3 Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың сырын ашу
Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді.
Уақыт озған сайын мақал-мәтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап жатады. Ақын-жазушылардың мағынасы терең көркем сөздері, нақылдары, шешендік сөздер, жұмбақтар, өсиет сөздер және тағы басқалары мақал-мәтелдердің қорын көбейтіп отырады.[12]
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: «Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз». «Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз».
Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кәсібі – аңшылық болған. Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық – жастарды еңбекке, ерлікке, әртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір тақырыбы – еңбек пен кәсіпке арналған.
Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруға мақал-мәтелдердің маңызы зор.
Мақал-мәтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, әсіресе, 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы:
Бір мылтықтың аузына,
Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық мөлшерін білдіріп тұр, бірақ мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Мақал-мәтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады:
1. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.
2. Мақал-мәтелдердегі септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан есімдер.
3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-мәтелдер.
Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары және соларға байланысты ырымдар жатады. Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген.
Бір жетіде жеті күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде ән күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сәрсенбінің сәтті күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сәрсенбі күні кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген.
Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын ерекше құрмет тұтқан. Аяғы ауыр әйел 9 ай, 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға 9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған.
Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, әрі қарайғы мүшелі 12 жылдың қосылуы арқылы болып отырған. Мүшелді – қатерлі жыл деп санаған. Өлең жолдары, мақал-мәтелдер, жырлардан 12 санын ерекше қасиет тұтып отырғандықтарын байқаймыз.
Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын береді. Бұлар – ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер.
Мақал-мәтелдерде киелі сандар әртүрлі тұрғыда, көбінесе сан есімнің алты түрінің бірі – есептік сан есім ретінде жиі кездеседі. Есептік сан есімдер неше, қанша деген сұрақтарға деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сандық мөлшерін білдіреді. Олар бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бірнеше жікке бөлінеді.
Есептік сан есімдерде –ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жинақтық сан есімдер жасалады. Мысалы: Айла – алтау, ақыл – жетеу. Адам баласы қанша жерден айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл бөлдіртіп, ақылды болуға шақырады. Бұның тәрбиелік мәнінің зор екендігі аңғарылады.
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.

Ажал ақымақ үшін алтау,


Ақылды үшін біреу.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,


Жетеумін деме, сегізге жолығасың, - деп ақылдандырады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,


Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - деп ауызбіршілікке шақырады.
Төмендегі мақал-мәтелдердегі бір саны сандық мәнін жоғалтып, белгісіз есімдік (біреу) ретінде қолданылып жүр.
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.

Біреуге мал қайғы,


Біреуге жан қайғы.

Біреу тойып секіреді,


Біреу тоңып секіреді.

Біреуге пышақ оқтама,


Қара пышақ қарыс ұзарады, - деп болатын әртүрлі жамандықтардан, қауіп-қатерден сақ болу керек екендігін ескертеді. Бұндай ақыл-кеңестер есте сақталып қалады, балаларды тәрбиелеуге септігі тиеді.
Есептік сан есім тұрғысындағы киелі сандарға байланысты мақал-мәтелдер:
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада.
Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол нұсқайды.
Он екі мүшең сау болса,
Жаралымын деме,
Он саусағың сау болса,
Дәулет емес немене, - деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге, байлыққа, биік шыңдарға тек қана денсаулықтың, адал еңбек етудің арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету, шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады.
Лиро-эпостарда 12 киелі санына байланысты кездесетін жолдар:
Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай (Қамбар батыр)

Орай да орай оқ атқан,


Он екі тұтам жай тартқан. (Қобыланды батыр)

Он екі айдың жартысы жаз болады,


Жаз белгісі үйрек пен қаз болады. (Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
Сондай-ақ, 12 санына байланысты тағы да: «Он екі мүшең сау болсын», «Он екіде бір нұсқасы жоқ», «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген де сөз тіркестері бар.
Реттік сан есімдер заттардың саналу ретін білдіріп, нешінші, қаншасыншы деген сұрақтарға жауап береді де, -ыншы, -інші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады:
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Қашан да адам баласы үшін денсаулық – байлықтың ең негізгісі екенін, денсаулықсыз ешқандай ісіміздің алға баспайтынын айтса, үйдің ішіндегі құт-береке әйелге байланысты болатындығына мән бере келе, қойды төрт түліктің алды деп санағандығын көрсетеді.
Еңбек – адамның екінші анасы. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етуге баулиды, еңбекті екінші анаға теңейді.[14]
Мақал-мәтелдердегі сан есімдер жалғаудың түрлерін (септік, жіктік, тәуелдік) қабылдайды:
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Елу – ердің жасы,
Алпыста ел ағасы, - дейді халық. Елу-алпыста ақыл тоқтатып, еліңнің, халқыңның қамын, жағдайын, болашағын ойлайтын уақытың, шынығып, қайрат-күшіңнің шыңдалатын уақыты. Ата-бабамыз көшіп-қонып жүрген, сол көшпенділіктің өзі қазақ халқын шыңдаған, күш-қуатын жетілдіре түскен.
Отызында орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспассың.
Қырықта – қылаң, елуде – елес.
Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.

Бір ақымақтан – мыңға зиян,


Мың ақымақтан – он мыңға.

Бірдің кесірі мыңға,


Мыңның кесірі түменге.
Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді, мың адамды бүлдіреді деген ойдың мәнісі осында.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Сексеніміз жабылып,
Серке жыққан батырмыз.

Сегізбін деме, – тоғызға жолығарсың,


Тоғызбын деме – доңызға жолығарсың, - дейді.

Күйеу жүз жылдық,


Құда мың жылдық.
Қазақ халқы ағайын, туған-туысқанын сыйлап, дәріптеп келген. Құда-жекжаттың, күйеу, жиен, нағашылардың алатын орындары ерекше. Бұл мақал арқылы үрім-бұтақтың, құда-жекжаттың бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріні-бірі сыйлап өткендігін көрсетеді.
Халық даналығы, байлығы – мақал-мәтелдердің еліміздің болашағы – жастарды тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор. Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа ағымдарға байланысты мақал-мәтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет