Сан есім мөлшер категориясы



Дата25.05.2024
өлшемі16,68 Kb.
#202908
түріҚұрамы
Байланысты:
Сан есім


Сан есім мөлшер категориясы
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша?неше?нешеу?нешінші?деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сан есім деп аталады.
Сан құрамына қарай дара және күрделі сан есімдер болып екіге бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады. Мысалы: он,үш,бес,сегізінші,ондаған, жетеу т.б.
Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, екі мың он төрт, оннан бір,үш-үштен т.б.
Сан есімнің түрлері
Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді: есептік (бір), реттік (бір-інші) , болжалдық(жиырма-дай),топтау (он-оннан),жинақтық (бес-еу), бөлшектік (екіден бір) сан есімдер.
Тапсырма №1
Берілген сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: 7-жеті-жетінші
7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,369,2014,1990,1991.
Тапсырма №2
Көп нүктенің орнына қажетті реттік сан есімдерді қойып, мәтінге ат қой.
Мен .... жылы дүниеге келдім. Отбасымыздағы ... баламын. Сондықтан мені бәрі жақсы көреді. ... жылы мектепке бардым.
Қазақ тілін ... сыныптан бастап үйреніп жүрмін. Үйіміздің нөмірі - ... . Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті ... жылы бітіремін. Бізде аптаның ... күні – демалыс.
Тапсырма №3
Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, қандай сан есімнің түрі екенін анықта.

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түел болса, төбедегі келеді.

  1. Біреу жанына жолдас,

Біреу малыңа жолдас.

  1. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес,

Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.

  1. Қасқыр мен ұры мінездес;

Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес;
Екеуі де күнді аңдиды.

  1. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,

Жетеумін деме, сегізге жолығасың.

  1. Ағайын – алтау, ана – біреу.

11
Тапсырма №4
Үлгіге қарап, мәнерлеп дұрыс оқы.
Үлгі:
а) 5-3=2 (бестен үшті азайтқанда, екі қалады)
ә) 8+2=10 (сегізе екіні қосқанда, он болады)
б) 2*2=4 (екі жерде екі төртке тең болады)
3*3=9 2*50=100 100+40=140
3*4=12 3*40=120 30+8=38
3*5=15 4*5=20 200-100=100
6*3=18 21-20=1 90-9=81
Тапсырма №5
Берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап, олары дәптерлеріңе сөзбен жазыңдар.
Үлгі: үш-үштен, бес-бестен,...
3,5,10,8,6,2,40,70,80,100,1000,1,4,7,9,50,30,90
Тапсырма№6
Дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді бір бағанға жазыңдар.
Үлгі: дара сан есімдер: күрделі сан есімдер:
отыз жетпіс жеті
Отыз, тоқсан,елу, жетпіс жеті, алпыс тоғыз, жүз елу үш, он сегіз, жиырма төрт, мың екі жүз елу сегіз, алты, үш, қырық екі, жиырма жеті, он үш, тоқсан,тоғыз, екі, алпыс, үш,төрт-бес, екіден бір, алпыс-жетпіс, бес-бестен, он-оннан, екі-үш, бір бүтін үштен екі.
Тапсырма №7
Берілген сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.
Үлгі: Есептік сан есім: бес, ...
Реттік сан есім: бесінші, ...
Жинақтық сан есім: бесеу, ...
Топтау сан есім: бес-бестен, ...
Болжалдық сан есім: беске жуық, ...
5,7,3,20,180,1000,34,71,82,120.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет