Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет16/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2

«Қоғамдық даму заңдылығы» түсінігі – білім қалыптастырудың барлық жүйесіндегі әрі маңызды, әрі өте күрделі кезең. Алдымен заңның белгілерін атап шығып, осыдан соң оларды түсіндеру қажет. Заң дегеніміз, объективті түрде құбылыстардың арасындағы олардың мағынасын көрсететін жалпыға бірдей, тұрақты байланыс. Оқушылар төменгі сыныптан бастап «Қандай ортақ белгісі бар?» деген сұраққа жауап бере бастайды. Заң туралы білім нақты тарихи материал, түсініктер жүйесі және теориялық тұжырымдау кезінде қалыптасады. Қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінуді қалыптастыру тарихи білім жүйесін толық меңгеру негізінде жүзеге асырылады. Фактілер жүйесін меңгерген оқушы оларды бір-бірімен салыстыра отырып, белгілі-бір құбылыстардың белгілі-бір дәуірде болмай қоймайтындығына көз жеткізеді.

Оқушылар тарихи материалды меңгергеннен кейін ғана жалпылаушы қорытындылар жасай алады. Оқушыларды оқиғаның басты және қосалқы себептерін анықтауға, себеп пен түрткіні, себеп пен қажетті тарихи алғышарттарды өзара ажырата алуға үйрету қажет. Бұл әрине, 6 сыныптан басталады. Сабақта үнемі «Неге?» деген сұрақ қойылып, қарастырылатын барлық оқиғаның болу себебіне үнемі назар аударып отыру қажет. Ол оқушының ойын оятып, құбылыстың байланысын көруге, тарихи заңдылықты анықтай алуға үйрететін жаттығу болып табылады. Жоғарғы сыныпта жұмыс күрделіленеді, назар себеп-салдарлық және заңдылықтық байланыстардың арақатынасына аударылады.

Заңдылықтарды қалыптастыру оқушылардың белгілі-бір интеллектуалдық іскерліктерді білуін қажет етеді (мысалы, жалпылау және абстракциялау). Сондықтан, оқушылардың тарихи заңдылықтарды түсіну қабілетін көтеру үшін олардың жалпы ойлау қабілетін дамыту да қоса-қабат жүргізілу қажет. Ол әртүрлі әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асады. Соның біреуі – салыстыру әдісі. Салыстыру барысында құбылыстар мен үдерістердің (процесс)  жалпы белгілері мен ерекшеліктері, олардың даму идеясының өзі анықталады. Салыстыруға үйрету міндетті түрде төменгі сыныптардан бастап, жоғары сынытарға қарай бірте-бірте күрделілене береді. Алғашқы кезде оқушылар құбылыстардың тек ортақ белгілерін, немесе айырмашылықтарын ғана іздеп табады, ал салыстыру үшін оларға тарихи құбылыстардың аз ғана белгілері беріледі. Бірте-бірте ұқсастықтары мен айырмашылықтары бір мерзімде табылуы тиіс нысандардың саны көбейе береді, ал салыстыру неғұрлым абстрактылы түрде жүргізіледі.

Тарихты тану үдерісі фактіні меңгеруден басталады. Тарихи фактінің ерекшелігі – оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет. Мысалы, Фарос маягының әлемнің 7 кереметінің бірі екендігін түсіну үшін оқушының бәрінен бұрын қазіргі заманғы маяктар туралы түсінігі болуы керек (оның үлкендігі, неден жасалғандығы, не үшін жасалғандығы және т.б.). 

Бірақ, жекелеген фактіні білуі – оқушының тарихты меңгергендігін көрсетпейді. Өзара байлнысы жоқ фактілердің қарапайым тізбегі тарихи материалды саналы түрде меңгеруді мүмкін ете алмайды. Сондықтан, тарихты оқыту үдерісінде фактілер өткен өмірде болған маңызды байланыстар мен өмір заңдылықтарын меңгеру үшін, өзара салыстыру үшін қажет. Тарихи фактілер өте көп. Тарихты оқыту үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет.

Тарихи фактілер екі сипатта болуы мүмкін:

Біріншіден, бұл тарихта бір ғана рет, белгілі-бір жағдайларда ғана, тек белгілі бір адамдар ғана қатысқан, мерзім мен кеңістік ішінде қатаң шоғырланған жекелеген оқиғаларды көрсететін фактілер. Олар қайталанбайды. Мысалы, Мұз қырғыны – бұл жеке тарихи оқиға. Ол Чуд көлінде 1242 жылдың 5 сәуірінде болды. Онда А.Невскийдің әскері мен немістің «төбат-рыцарьлары» қатысты. Ресейдегі крепостнойлық құқықтың жойылуы да жеке оқиға. Ол Ресейде 1861 жылдың 19 ақпанында болды. Оны жоғарыдан жасалып, шаруалардың өте үлкен наразылығын туындатты.

Екіншіден, белгілі бір тұтас тарихи кезең мен дәуірге тән, олардың сипатты белгісін көрсететін тарихи құбылыстар да болуы мүмкін. Мысалы, барщина мен оброк – феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалардың атқарған міндеттіліктері. Бұл фактілерді меңгерген кезде оны француз шаруасының, ағылшын шаруасының немесе орыс шаруасының атқарғанын білу маңызды емес, барщина мен оброкты басқа тарихи құбылыстардан ерекшелеп тұрған сипатын білу маңызды. Мұндай фактіні біз тарихи құбылыстар қатарына жатқызамыз. Басқа мысал: өндірістік төңкеріс – бұл қол еңбегінің машина еңбегімен алмастырылып, фабрикалық өндіріске өту және бұрын тарихта болмаған таптардың пайда болу үдерісі. Бұл үдеріс әлемнің әртүрлі бұрышындағы саналуан елдерде де болуы мүмкін. Аталған үдерістің болуы үшін капиталистік қарым-қатынас дамуы керек. Сондықтан, бұл тарихи факт - тарихи құбылыс.

Фактілер көлемі, күрделілігі, мағынасы жағынан өзара ерекшеленеді. Мысалы, Қырым соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып табылатын тарихи оқиға. Ол тарихта бір ғана мәрте (1853-1856 жж.), нақты хронологиялық кезең ішінде болды. Бұл соғысқа белгілі бір елдер ғана қатысты (Ресей, Түркия, Англия, Франция), кеңістік ішінде шоғырланған (әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Севастополь қорғанысы, Камчаткадағы-Петропавловск қорғанысы тәріздес фактілермен танысу арқылы игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер – бірінші кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні меңгермейінше  мүлдем мүмкін болмайды.

Өз кезегінде екінші кезектегі фактілер де нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген Синоп шайқасының өзі орыс және түрік эскадрасының орналасуы, олардың сапқа тұру ерекшеліктері, қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден құралады.  Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. Әдістемеде олар тек бір ғана қарапайым тарихи құбылысты немесе оның бір ғана сипатты белгісін көрсетететін қарапайым фактілер деген топқа біріктіріледі.



Тек әртүрлі сипаттағы фактілерді өзара ұштастыра отырып, тарихи оқиғаның нақты образын жасап шығаруға болады. Бұл тарихи фактілер мен материалдарды таңдап алуды өте ұқыптылықпен жүргізуді талап етеді. Бұл кезде мұғалім оқушылардың есінде өмір бойы сақталуы міндетті негізгі фактілерді және олардың өзінің мазмұнын ашу үшін қажетті қосалқы фактілердің арақатынасын дұрыс реттеп таңдап алуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет