Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет1/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2



Абстракт
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа даму жолына түскен бүгінгі Қазақстанның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен ... шешу» [1].

Қазақстанның ата заңындағы осы мұраттар жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. «... біздің мәдениет органдарының адамдардың бойына асқақ ой-ниет нәрін сіңіруге, жас ұрпақты халықтың, бүкіл әлемдік өркениеттің сан ғасырлық рухани және мәдени мұрасының қазыналарынан сусындата білуге қабілетті болуының маңызы ерекше зор ...» [2]. Қазіргі уақытта қоғамдық – гуманитарлық пәндерді оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айырықша көңіл бөлінген. Осы пәндердің ішінде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, аймағының, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын да, басқа халықтарды да лайықты құрметтеуі мүмкін емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсамайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шығара алмасымыз да ақиқат.

Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыстар жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын білуді міндеттейді. Өз елінің, халқының тарихын жетік білмейтін адам өз елінде де, одан тыс жерлерде де оның мүддесін ойдағыдай қорғай алмайды. Осы және басқа да жағдайлар Қазақстан тарихын алдымен мектепте, сондай-ақ қадірлі мамандық беретін басқа да орта оқу орындарында оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан мүлде жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді. Мұны осы пәннің мектептегі қазіргі жағдайы да талап етіп отыр. Бұл тақырыпты зерттеу осы күнгі мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің маңызды да өзекті мәселесінің біріне айналуы да содан.

Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958/59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. КСРО құрамындағы одақтас республикалардың бірі саналған Қазақстанның тарихына болмашы ғана сағат бөлініп, сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: тарих пәнінің мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары, оқу бағдарламалары мен оқулықтар, білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі, курсты оқытуға қойылатын талаптар мен оларды жүзеге асыруға жасалған қажетті жағдайлар, оқыту әдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы және мұғалімнің мамандық дәрежесі, пәннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы және басқа да қайшылықтар. Түсінікті болу үшін олардың бір-екеуіне тоқталайық. Тарих пәнінің білім мазмұнын анықтауда білімнің толықтығы, жүйелілігі, тарихилығы, обьективтілігі сияқты дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу міндетті екеніне қарамастан ол кездегі Қазақ КСР тарихы курсының мазмұны толық та, жүйелі де болмады, ал фактілер мен оқиғаларды талдап баяндауда тарихилық, обьективтілік ұстанымдар бұзылды. Немесе курсты оқытуға қойылатын талаптар мен соларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлар арасындағы қайшылықтарды қарастырайық. Мектептегі оқу пәні, не оқу курсы талапқа сай оқытылуы үшін оның оқу-әдістемелік кешені жасалуы қажет, ал Қазақстан тарихынан сол кешеннің құрамына қосылатын бағдарлама мен оқулықтан басқа құралдар дайындалған емес. Мұның өзі курсты оқытуда елеулі кемшіліктердің орын алуына соқтырды.

Осыған қарамастан мектепте Қазақстан тарихын оқыту проблемасы кешенді зерттелмеді. Соңғы отыз жылда оны оқытудың жеке мәселелері ғана зерттелді. Мәселен, ″Қөрнекі құралдарды дайындау және пайдалану″(И.Қадірбеков), ″Мәдениет тарихын оқыту әдістемесі″ (К. Каменир), ″Тарихи-көркем әдебиетті пайдалану″ (К. Аманжолова), ″Тарихи ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі″ (Е. Жевако), ″Оқулықтардың ғылыми-әдістемелік негіздері″ (М. Зарифова), ″5-сынып оқушыларында халықтар достығы туралы білімдерді қалыптастыру әдістемесіне″ (Б. Әбдіғұлова), ″Мектептерде тарихты оқыту әдістемесіне″ (Т.Тұрлығұлов) арналған еңбектер жарық көрді. Оның аса маңызды проблемаларын, яғни білім мазмұнын анықтауға, оқыту әдістемесін тұтас қамтитын, немесе оны жетілдіріп қалыптастыруға бағытталған зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақстан тарихының мектепте қашаннан бастап, қандай ретпен оқытылғанын, курстың қалыптасып даму үрдісін, оның барысында орын алған проблемалар мен тенденцияларды анықтап, талдап саралайтын да еңбектер жарияланған емес.

Кеңес мемлекетіндегі одақтас ұлт республикалар мектептерінде өз республикалары тарихын оқытудың жеке проблемалары да ғылыми әдістемелік тұрғыда зерттелді. Қазақ халқына тілі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діні ортақ түркі тілдес республикаларда педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертацияларда ( М. Алтаев, Г. Асланов, А. Артыков, Т. Муратгелдиев, Н. Ремеев, И. Шерстюк, т.б. ) осы курстың құрылымы мен мазмұны, КСРО тарихымен байланыстыра оқытудың әдістемелік жолдары, патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, оқыту әдістемесі мәселелері, кластан және мектептен тыс жұмыстар сияқты жеке проблемалары қарастырылып, олардың КСРО мектептерінде ұлт республикалар тарихын оқыту әдістемесін жетілдіре түсуге пайдасы тиді. Бірақ, аталған зерттеулер негізінен 1980 жылдарға дейін жүргізілді, ал одан бері тарихтың бұл курстарын оқытуда көп өзгерістер болды.

1970-1985 жылдары Мәскеудегі орталық педагогикалық баспалардан мектептерде республикалар тарихын оқыту тәжірибиелерін баяндайтын бірнеше жинақ шықты. [ 3, 4, 5]. Бірақ, орталықта да, жеке республикаларда да одақтас республикалар тарихын оқыту әдістемесін тұтас қамтитын монография әлі жарияланған емес. Соңғы деректерге қарағанда мұндай еңбек әзірге ТМД елдерінің ешқайсысында жарыққа шыққан жоқ. Жоғарыдағылардың салдарынан Қазақстан тарихы мектеп курсының білім мазмұны мен оны оқыту, яғни оқушыларға сапалы білім беру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар ұзақ уақыт шешілмей проблема күйінде қалып келеді.

Қазақ халқының ғасырлар бойындағы арманы орындалып, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылдады. Онда, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму жолына түсетіні, ізгілікті, демократиялық, құқықты мемлекетті құруға бел байлауды негізге алатыны айтыла келіп:

«Қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту және олардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту Қазақ ССР мемлекеттігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» [6] деп көрсетілді. Содан бері Республиканың қоғамдық өмірінің барлық саласында, соның ішінде халыққа білім беруде де үлкен өзгерістер болып жатыр. Жалпы білім беретін мектептердегі маңызды өзгерістің бірі – Қазақстан тарихының оқу жоспарына дербес пән болып енгізілуі, оны толық, жүйелі оқытуға қажетті сағаттың бөлінуі және мектептің үш басқышында да ( алғашқы басқышында дайындық, қалғандарында жүйелі) білім берудің көзделуі. Осы жағдайлар мектепте ″Қазақстан тарихын″ оқытуды мүлде жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Демек, бұл пәннің оқыту мақсатын, білім мазмұнын өзгертуден бастап, бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екені түсінікті. Бұларды алдымен ″Қазақ, Қазақстан тарихын″ оқыту кезеңдерін, оның курс болып қалыптасып-жетілуін, соны қалыптастыруда қандай тенденциялар бел алды, мұның бәрі оқу жоспарларында, бағдаламаларда, оқулықтарда қалай көрініс тапты, оқытуда байқалған проблемалар қандай еді? ″-деген сұрақтарды шешкенде ғана жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар мектептер мен мұғалімдердің талайдан жинақтаған тәжірибиелерінің ұнамды, ұнамсыз жақтарын ғылыми ой елегінен өткізу де келелі мәселелердің бірі. Осыдан кейін ғана барып жаңа пән - ″Қазақстан тарихы әдістемесінің қалыптасуы″ деген маңызды ғылыми проблеманы шешуге болар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет