Ғылыми зерттеулерді саралау барысында мектептегі Қазақстан тарихы курсының қалыптасуына сипаттама берілді, оның негізгі кезеңдері анықталды;
1958-2019 жылдар аралығында мектептерде Қазақстан тарихын оқытуда, оның оқытылу реті мен білім мазмұнын анықтауда орын алған ұстанымдар (принциптер) мен тенденцияларға ғылыми талдау жасалды;
90-жылдардың орта кезінен бастап пәннің білім мазмұнының ұлттық сипат алуының қажеттігі дәлелденді, оны анықтаудың ғылыми-теориялық негіздері көрсетілді;
Мектепте тарих пәнін , қазақстан тарихын оқыту әдістемесіне қатысты бірқатар маңызды проблемалар ажыратылып көрсетіліп, оларды келешекте арнайы зерттеудің қажеттігі дәлелденді.