Тарихты оқыту эдістемесіндегі тарихи құбылыстарды тудыру. Тарихи білім берудің ең басты элементі - ол білім.Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді.
Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материал мен теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның түрлері мен әдістері құрылымның қағидалары туралы ғылым) негіздерімен жұмыс жасай алу. Оқу процесінде оқушылар дерек, құбылыс, оқиға, процес сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді.
Дерек деген сөз латын тілінен аударылғанда «жасалынған, іске асқан» деген ұғымды білдіреді. М.Горький «дерек үйретеді, тәрбиелейді» деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы: Ұлы Отан соғысы - негізгі, Курск шайқасы - қосалқы дерек. Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерек. Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісін жатқызуға болады. Бұл оқиғалар нақты жағдайда нақгы адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай жекелеген қайталанбайтын оқиғаларды оқып үйрену оқушылардың тұрпатты құбылыстарды түсінуіне көмект
2. Тарихы материалды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдер, оларға қысқаша мінездеме. Сабақта мұғалім ауызша әңгімелеудің сан алуан түрлерін: сюжетті әңгіме түрінде хабарлау, картина бойынша суреттеп айту, тарихи оқиға, құбылыс және жеке қайраткерлерге сипаттама беру, конспект, тезис түрінде баяндау, түсіндіруді пайдаланады. Дидактар мен әдіскерлердің айтуынша, сюжетті әңгіме түрінде баяндауға белгілі тарихи сюжеті бар, кебінесе шиелініскен, кайшылықка толы жағдайды толыкканды және әсерлі түрде хабарлап беру жатады (1; 2; 3). Мұндай әңгімелеп беру әдісі Отан тарихының аса маңызды, шиелініскен окиғаларын, кұбылыстарын, мысалы, Аңырақай шайкасын, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісін, «Ақтабан шұбырынды, Алкакөлсұлама» жылдарындағы батырлар мен билердің ерлігі туралы тақырыптар баяндалған кезде қолданған тиімді. Сюжетті әнгімелерге қызыкты эпизодтар, қайраткерлерге берілетін сипаттамалар, тарихи оқиғаға қатысушы адамдардың диалогтары мен монологтарын кірістіру, мәтінге назар аударатын қанатты, мәнерлі сөздер, салыстырмалар, эпитеттер, афо-ризмдер т.б. жатады Мәселен, «Қазақстанның Жоңғар басқыншыларына қарсы соғысы» тақырыбын оқып үйренуде мұғалім әңгімесіне Төле би мен Бұқар жыраудың мына сөздерін пайдалануға болады:
«Уа, косіле шабар жерің бар,
Ту котерер ерің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған жолыңбар...
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Еркек болып туды деп.
Мына сені кім айтар!»
Төле би (4, 273).
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан.
Батыр шыққан даңқыңнан,
Қарсыласқан асылдар,
Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті Бөгембай»
Бұқар жырау.
Озат мүғалімдердің тәжірибелері, әдістемелік зерттеулері жоғары сынып оқушыларының қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмір-тұрмысының тұтас көрінісін картина бойынша суреттеу, «өткенге саяхат» түрінде құрылған театрландырылған сабақтарды, сюжетті әңгімелерді едәуір жақсы меңгеретіндіктерін көрсетіп отыр.
Әдіскер Г. Р. Косованың кітабында «саяхатты» суреттеп беру үлгісі келтірілген. Суреттеу, сондай-ақ жеке елдердің табиғаты мен оны мекендейтін халықтардың коғамдык өмірі мен тіршілігін суреттеп беру үшін де пайдаланылады. Мәселен, 8 сыныпта «XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті» сабағында Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі, олардың еңбектеріндегі еліміздің жағырафиясы, тарихы және этнографиясы туралы мәселені қарастырғанда қазақтын кеңбайтақ жерін, табиғи ерекшелігін сөзбен шынайы сипаттаған, суретпен бейнелеген поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің альбом кітабын пайдаланған тиімді (7, 121). Автор «Қазақ сахарасына саяхат» еңбегінде керуен жолдарының маңызы, ондағы жолбасшының атқаратын айрықша рөлі туралы әңгімелейді. Бұл қосымша материалды пайдалану жолбасшының атқарған маңызды да жауапты міндетін көрсетумен қатар, кен-байтақ еліміз, оның өмір тынысы, тіршілігі мен сыры туралы оқушыларда әсерлі сезім қалдырады. Керуен жолы жәй жол емес, қиын да қауіпті, қатерлі. Өйткені, ол адамнан шыдам-дылықты, төзімділікті, тапқырлықты, батылдыкты, табиғаттың қыр-сырын жақсы білуді талап етеді. Қазақ халқының табиғатпен етенеты-тызғыз байланысты болғанын, оның қыр-сырын жақсы білгенін айқын-яайтын Б. Залесскийдің «Казақ сахарасына саяхат» еңбегінен төмендегідей қосымша материал-қолданса, сабақтың әсерлілігін арттыруға едәуір ықпал жасайды.
«Жабырқау жатқанына қарамай осынау өлкенің өз сұлулығы да бар. Құдай өзі жаратқан әр түкпірге әр түрлі әдемілікті еншілеп беруді әсте ұмытпайды. Еуропалық тіршілікті еске салар мұнда ештеңе болмаса да, тағдыр тәлкегі қуалап батыстан әкелген адамды осынау сұлулыктыи өзі-ақ тәнті етер еді.
Арнайы салған жолы жоқ, құдыктары да сирек ұшырасар маң далада бағытыннан сан жанылсан, бір тамшы су таппай күні бойы адасуын мүмкін, сондықтан жолбасшысыз жол жоқ. Қазақтар дала сырықа жетік, түн баласы жұлдыздарға қарап бағдар алады. Ал жат жерлік болса жергілікті жұрттың әдеп-ғұрыптарымен танысу үшін де жолбастаушы жалдауға мәжбүр. Ауыз су табу, аттар мен түйелерге жайылым қарау, төте жол іздеу, көбіне қой етінен әзірленетін тағамды тауып, оны пісіру — міне, мұның бәрі де жолбасшының міндеті. Әдетте, ол керуеннен өн бойы алда жүріп, жол нұскап отырар еді.
Әнеки, ол кеңістіктегі жалғыз нокаттай болып алыста кетіп барады. Басқаларға қарағанда тезірек қимылдайтын жолбасшы демалар орынды тауып берген соң, шеп үстіне тыныстауға кисаяды. Керуен тоқтаған кезде ол тағы да атына мінеді. Әдетте, екі жолбасшы болады да, бірі керуеннің жанында қалғанда, екіншісі жан-жакты шарлай кезіп жүріп, не бір құдык, не бір іркінді су болса іздеп табады. Содан соң жолбасшы ежелгі телеграфтардын белгілеріне ұқсас бір-біріне алыстан кол сермесіп, хабар берер еді. Алғашқы жолбасшы атын желе жорттырып, шығыстан батыска қарай бірнеше шеңбер сыза немесе бірден бетін шығыска беріп жүрер еді, кейде бағдар бағаны сияқты орнынан қозғалмай сіресіп тұрған оның тұлғасы көкжиектен көрінер еді [102].
Достарыңызбен бөлісу: |