Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет21/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2

3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:

а) тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

Оқу атериалына құрылымдық-функциялық талдау. Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық-функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мүғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулыктың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесуі мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталады.

Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал жасаған деректер. Олар сабақ мазмұнынының фатологиялық негізін құрап, тарихи даму процесіндегі маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі талдаудан негізгі қорытынды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің мазмұны мен байланыстарында оқушылардың дүниетанымдық идсялары мсн ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық, мағлұматтар болуы мүмкін. Теориялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып келеді [101].

Басты деректердің арасында маңызды теориялық мазмұн арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйрснуі оқушылардың сезімдік толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және шығармашылық қиялын дамытады.

Сабақта басты деректерден басқа қосалқы оқу материалдары - қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық жәнс басқа да деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз аттың үстіндс қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгендігін, ал оның ұрпағы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсентгің Римдегі Олимииадалық ойындарда чемпион болғандығын екінің бірі біле бермейді.

г)тарихи материалды түсіндіру.

1. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту оқушыларға Казақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибелерді баяндайтын тарихи білімдер негізін игеру, оқушылардың Отанға, туған жерге, өз ұлтының тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеу, жеке түлғаның қалыптасып дамуында ерекше орын алады.



2. Қазақстан тарихы оқулығындағы маңызды идеялар, ұғымдар мен түсініктер нақтыланғанда көптеген кұбылыстар мен оқиғалардың ішінен білімдік, танымдық-тәрбиелік жағы ең маңызды фактілер мен идеялар: мұнда әсіресе "Отан, туған өлке, Қазақстан – менің Отаным, халықтар арасындағы татулық пен келісушілік, ізгілік, мейірімділік, адамгершілік, өркениеттілік, ұлт-азаттық қозғалыс,тәуелсіздік," т.б. ұғымдарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Басқа ұғымдардың маңызды белгілерін толық, түсінікті ашып көрсете отырып, фактілерді шамадан артық пайдалан-бай,материалды ашып көрсету өзінің игі әсерін тигізетіні дәлелденді.

3. Оқулық компоненттерінің (мәтін, игеруді ұйымдастыру аппараты, иллюстративтік материал, бағдарлау аппараты) үйлесімділігін сақтау, оларды мейлінше тиімді пайдалану отандық тарихты оқытуда жастардың қызығушылығын арттыруға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға негіз бола алады.

4. Бүгінгі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, республикамыздағы мектепті реформалау ісі, педагогика ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар негізінде оқулықты оқыту үрдісінің негізгі өзегі, оқу пәнінің моделі деп қараумен қатар, біз оқулықты жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, елжанды азаматты тәрбиелеуге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға,өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғалық бағдарлы оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырамыз. Оқулық- мемлекеттік білім стандартыньң талабына сәйкес оқу бағдарламаларында анықталған білімнің дайындық деңгейлері мен оқу-әрекет түрлерінің негізделген минимумын дамы-туы тиіс деп түсінеміз. Оқулық алынған терең де сапалы білімнің, білік, дағдылардың негізінде өздігінен дербес білім алатын, ізденетін және өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, өз тәжірибесінде қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде ұсынылады [102].

1. Оқыту әдісі туралы түсінік. Тарих – ғылым, білім ретінде адам өмірінде ерекше орын алады. Бұл ғылымның маңызы туралы белгілі ғұламалардың ой толғамағаңдары кемде-кем. Қоғам мүшелерінің тарихи білімдерін көтермей, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды. Сондықтан да әрбір өркениетті, тәуелсіз, дамушы мемлекет өз елінің азаматтарына, алдымсн жастарға тарихи білім беруге үлкен мән береді. Ал, тарихты оқытуды неден бастау керек? - деген сұраққа белгілі ғалымдар, педагогтар өз өлкесінің, елінің тарихын оқытудан бастау керек деген. Мұндай пікірді кезінде К. Д. Ушинский де, Жүсіпбек Аймауытов та айтқан болатын. Осыларды ескере отырып, Республиканың Білім министрлігі Қазақстан тәуелсіздік алғалы оқу орындарыңда Қазақстан тарихын оқытуды жақсартуға бағытталган бірқатар шараларды жүзеге асырды, асырып та келеді. Қазір Қазакстан тарихы орта мектепте жеті класында (5-11) дербес пән ретінде оқытылады. Басқа орта оқу орындарыңда окыту туралы да алғашқы қадамдар жасалды. Барлық жоғары оқу орыңдарында оқытылады және оларға түсетіндер осы пәннен орта мектеп көлемінде түсу емтиханын тапсырады.

Ендігі міндет - осы пәнді оқытуды жақсарту. Ол үшін оны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру қажет. Бұл игілікті істі жоғары оқу орындарының тарих факультеттеріңдегі "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" пәнінен бастау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет