Зерттеудің мақсаты: Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың жайын ғылыми тұрғыда талдау, тенденциялары мен проблемаларын анықтау;
Пәнді мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттерін, білім мазмұнын, оны оқытудың ұйымдастыру формаларын, әдіс-тәсілдерін және құралдарын жаңартудың методологиялық, ғылыми-әдістемелік жолдарын іздестіру;
Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін жаңарту, жетілдіру және тәжірибиеде байқау үшін дайындалған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды жарияланған әдебиеттерге талдау жасау жолымен зерттеу;
Зерттеудің негізгі проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасау.