НАУАН ХАЗІРЕТ – КӨКШЕТАУЛЫҚ ТАРИХИ ТҰЛҒА
Абуев Қадыржан Қабиденұлы
д.и.н., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасында тәуелсіз мемлекеттіліктің
қалыптасуы күн тәртібіне қазақ халқының тарихының көптеген
өзекті мәселелерін шығарды. Солардың бірі – халқымыздың
тарихи және мәдени қайраткерлерінің өмірбаяны, атқарған
қызметі
жөнінде
ғылыми
зерттеулердің
болмауы.
Тарихымыздың өзекті мәселелеріне тоқтай келіп, академик М.Қ
Қозыбаев былай деген: «Қазақстан тарихнамасының тағы да
бір аз зерттелген бөлігі - өткен кезеңнің көрнекті
қайраткерлерінің тарихи портретін жасау».
Қасиетті Көкше жерінде небір ел бастаған көсемдер, күміс
көмей шешендер, ақын-жыраулар, батыр-билер, ақылгөй-
даналар дүниеге келмеп пе еді! Ендеше дәл сондай тарихи
тұлғалардың бірі – Наурызбай Таласұлы. Оқымысты ғұлама
болғандықтан, ол әдебиетте де, халық арасында да Науан
Хазірет деп аталып кеткен. Науан Хазірет – рухы биік, жан-
жақты білімдар, ағартушы, халқының қамын жеп, болашағын
болжаған, оған мұсылмандықтың шапағатын жаюға бүкіл өмірін
арнаған қайраткер.
Науан Хазірет турасындағы әдеби нұсқаларға, құжаттар
мен деректерге тоқталсақ, ондай дүние баршылық. Солардың
ішіндегі ең құндыларының бірі -–Ақан Серінің Науан Хазіретке
арнаған 28 шумақтан тұратын толғауы. Ақан ағаның бұл
шығармасы үлкен әңгімеге арқау боларлық дүние, бұл ретте біз
бір-екі-ақ мәселеге тоқтала кетейік. Біріншісі – Ақан сері өз
шығармасында Науан Хазіреттің мұсылман дінінің шапағатын
279
жаюдағы
қызметін,
адамгершілік
қасиетін
өте
жоғары
бағалағанын байқаймыз.
Екіншісі – Науан Хазірет пен Ақан серінің бажа екендігі.
Хазірет екі рет некелі болған. Алғаш қарауыл Тінәлі қажының
үлкен қызы Бәтимаға үйленген, бірақ ол жастай дүние салған.
Ал Тінәлінің екінші қызы Ұрқияға Ақан сері үйленген…
Сөз етіп отырған тақырыпқа жазылған екінші өте құнды
дүние – ол халқымыздың ардақты ұлы, алаш қозғалысының
көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1910 ж. Санкт-Петербургте
жарық көрген «Киргизы» (Қазақ – А.К.) атты еңбегі. Бұл
еңбегінде Әлекең Ресей патшалығы тарапынан қазақ жерінде
отарлау саясаты жүргізіліп отырғанын айта келіп, әсіресе
орыстандыру, қазақтарды мұсылман дінінен аластатып,
христиандандыру әрекетін әшкерелейді. Осындай езгіге қарсы
оянған халық наразылығы көптеген беделді адамдар қол
қойған прокламация атты құжатта жарияланған.
Осы бір күрделі тарихи жағдайда мұсылмандық факторға
үлкен қауіппен қарап, оның отаршылдыққа қарсы күш екенін
түсінген патша өкіметі мектеп-медреселерді құрту мақсатында
үлкен шаралар қолданған. А.Бөкейханов бұл еңбегінде Науан
Хазіретке арнаған бірер ойларын жазған, оған кейінірек
тоқталамыз.
Келесі әдеби деректі Шығыстың жарық жұлдызы атанған
Мағжан
Жұмабаевтың
«Ақан
сері»
атты
очеркінен
кездестіреміз. Онда Ақан серінің Ұрқия, Ақтоқты уақиғаларын
бастан кешіп, Құлагер апатына кездіккенін айта келіп, оның
дінге, сопылыққа ден қойғанын жазады. «Сол уақыттан былай
Ақанның жанында үлкен өзгеріс болады. Бұқардан оқып
қайтып, Көкшетауда дәріс айтып тұрған, белгілі Науан
Хазіретке анда-санда барып сабақ алады», - деп жазады
Мағжан Жұмабаев.
Сондай-ақ, Науан Хазіреттей тарихи тұлға ұлы жерлесіміз
қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушыларының бірі Сәбит
Мұқановтың да назарынан тыс қалмаған. Оның Шоқан
Уәлиханов жайындағы «Аққан жұлдыз» романында мынандай
жолдар бар: «… Бір кезде Шұңғырша Қарауыл аталатын рудан
Бұқара – Шәріпке оқуға жіберілген Талас баласы Науан табан
аудармай он жыл оқып, «Он екі пәнді тәмам ғып» туған еліне
қайтып келеді. Науан келгенге дейін «Хан мешітінде» имамдық
құру, бала оқыту міндеттерін Ғалиақбар есімді татар молдасы
атқарған. Ел екеуін салыстырып қараса, Науан – теңіз,
Ғалиақбар – шұқанақ. Сондықтан Шыңғыс имамдықты да,
мүдәрістікті де Науанға берді… Ол «Көклән» медресесінің
280
үлгісімен «Хан медресесінде» ұлдармен қатар қыздарды да
оқытуға ниет етті».
Сәбеңнің кітабынан алынған осы жолдарды белгілі
жазушы Сарбас Ақтаев «Науан Хазірет және оның шәкірттері»
атты очеркінде келтіре отырып, былай деген: «Жоғарыдағы
жолдарға қарағанда, Көкшетау дуанының аға сұлтаны болып
тұрған Шыңғыс (Уәлихановты айтады – К.А.) оқу бітіріп
келгенде Науанды әуелі ауылында молда етіп ұстап, содан
дуанның бас имамдығына көтерген сыңайлы. Олай болса,
Хазіреттің ұстаздық жолы алдымен Сырымбетте, Шыңғыс
сұлтанның ауылында басталады емес пе».
Біздің пікірімізше, Сәкеңнің, Сарбас Ақтаевтың бұл
болжамы негізсіз, өйткені Шыңғыстың аға сұлтандық қызметі
60-шы жылдардың орта шенінде аяқталғаны белгілі. Ал Науан
Хазіреттің Бұхардан оқу бітіріп, Көкшетауға оралуы одан 20
жыл кейін. Бұл - біріншіден. Екіншіден, Сәбит Мұқановтың
шығармасынан
алынған
жоғарыдағы
жолдарды
көркем
әдебиеттің дәстүрі ретінде қараған жөн сияқты. Өйткені
Сәбеңнің
романында
Шоқан
Науан
Хазіреттің
жер
аударылғанын естіп, өкініш сезімін білдіреді. Іс жүзінде ол оқиға
Шоқан қайтыс болғаннан кейін 38 жыл өткенде болғанын
Сәбеңнің білмеуі мүмкін емес. Олай болса, бұл оқиғалардың
хронологиясын алмастыру Сәбеңе не үшін керек болды екен
деген сауалдың тууы заңды. Біздің ойымызша, бұл Сәбеңнің
көркем әдебиеттік тәсілді қолдануы, Науан Хазіреттің тағдырын
Шоқан өмірімен сабақтастыруы. Және бұл тектен тек емес. Ол
Науан
Хазіреттің
реакцияшыл
молла
емес,
керісінше,
оқымысты, артында мол мұра қалған қайраткер ретінде
сипаттау үшін жасалған әрекет болса керек. Осы мақсатта
автор Хазіретті теңізге теңеген, оның түрлі миссионерлердің
әрекетіне батыл қарсылық көрсеткенін жазған.
Науан Хазіреттің бейнесі қазақ әдебиетінің тағы бір
классигі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері-Ақтоқты» пьесасында,
сондай-ақ белгілі жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» атты
дилогиясында
да
орын
тапқан.
Өкінішке
орай,
осы
басылымдарда сол кездегі солақай саясат пен большевиктік
идеологияның салқын талабына сәйкес Науан Хазірет халық
арасында қара түнек сепкен реакцияшыл молла ретінде
сипатталған. Әрине, бұл ретте біз атағы халыққа танымал
ағаларымызға кінә қоюдан аулақпыз. Замана талабы мен
таптық тар құрсаудан шыға алмаған туындылардың белгілі бір
жүйеге қызмет етуге мәжбүр болғаны шындық қой. Дей
тұрғанмен, Науан Хазірет оның замандас-тұстастары Ақан сері,
281
Әлихан Бөкейханов, Мәмбетәлі Сердалин, т.б. пікірлерінде
ерекше тұлға, қоғам қайраткері, ғұлама ұстаз, имандылық иесі
ретінде көрінеді. Халқымыздың жадында да дәл осындай
тарихи тұлға ретінде сақталуда.
Соңғы кезде Науан Хазірет тарихына қызығушылықтың
артқаны байқалады. Оның айғағы ретінде мына авторлардың
туындыларын айтуға болады: көкшелік белгілі жазушы,
публицист Сарбас Ақтаевтың «Науан Хазірет кім?», «Науан
Хазірет және оның шәкірттері» атты очерктері. Өмірзақ
Озғанбаевтың «Рух күрескері» кітабінің «Хазіреттен – қарым,
ақыннан – ақыл алғанда…» атты тарауы, жақында Көкшетау
газетінде жарық көрген Айдос Әбутәліпұлының «Науан
Хазірет» атты көлемді мақаласы.Бұл еңбектер Науан Хазірет
тарихын зерттеу жұмысына қосқан қомақты үлес деп атауға
болады. Сонымен бірге осы жолдардың авторының екі
очеркімен Астана қаласында «Ақ арман» баспасынан жарық
көрген «Науан Хазірет» атты кітабын айтудың да артықтығы
болмас.
Осынау зерттеулерді жазуға ғылыми негіз болған
деректер Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
архивінін (ҚРОМА), Омбы облысының мемлекеттік архивінен
(ООМА) алынған материалдар. Міне, сөз етіп отырған
тақырыптың ғылыми тарихнамасы мен деректері осындай.
Ал енді Наурызбай Таласұлының өмірбаянына, атқарған
қызметіне көшелік. Ол соңғы дерекке, атап айтқанда, қабыр
басына қойылған құлпытастағы жазбаға қарағанда, 1843 жылы
Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген қарағай-қайың
басқан нулы да сулы өңірінде Талас Құтболат ұлының
отбасында дүниеге келген. Шыққан тегі Қарауыл руының
Есембай-Шұңғырша тармағынан.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, әкесі Талас
ауқатты, ағайын арасында беделді кісі болған. Жасынан зерек
Наурызбай ауыл молласынан хат танығаннан кейін, баласының
қабілеттілігін аңғарған әкесі оны Қызылжар медресесіне оқуға
берген. Медресені үздік оқып бітірген соң ол ерекше дарынды
түлек ретінде сол кездегі діни жоғарғы оқу орны болып
саналатын Бұхар медресесіне жолдама алады. Еліне келіп,
Баратайға жақын Бесқарағай деген жерде мешіт салу жұмысын
ұйымдастырып, бірер жыл сонда имамдық жұмысын атқарады.
Әйткенмен білімге, оқуға деген құштарлық талабы Науанды
одан әрі жетелейді. Ол азын-аулақ қаржы жинап, Бұхарға бара
жатқан керуенге ілесіп, Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Кезінде
Ломоносов Мәскеуге қалай барса, бұл да Бұхарға солай
282
барады».
Бұхар медресесі өткен ғасырда Орталық Азиядағы
бірден-бір жоғарғы оқу орны болатын. Мұнда көптеген ғұлама
оқытушылар болған. Бұхарда оқып жүрген кезінде Наурызбай
діни
Хадистермен
қатар
Шығыстың
бай
әдебиетін,
философиясын игеріп, көне түрік, парсы, араб, өзбек, татар
тілдерін жетік меңгерді.
Он бес жыл оқып, Бұхар медресесін үздік бітірген
Наурызбайдың үлкен дарын иесі екендігін таныған медресе
ғалымдары оны бүкіл мұсылман дінінің орталығы болған
Бағдат
шаһарына
жібереді.
Ол жерде білімін сонша
тереңдеткен Наурызбайды Бұхар медресесі өз қабырғасында
ұстаз етіп қалдырады. Бірақ Көкшетаулық мұсылмандар
қауымы
Бұхарға
арнайы
делегация
жіберіп,
Солтүстік
Қазақстан өңірінде мұсылмандықты уағыздайтын бірде - бір
жоғары
білімді
имамның
жоқтығын
тілге
тиек
етіп,
Наурызбайды еліне қайтаруды өтінді. Осы жағдайларды
ескерген медресе басшылары көкшетаулықтардың талабын
орынды деп тауып, Наурызбайды еліне қайтарады.
Бұл жөнінде Әлихан Бөкейханов былай деп жазған:
«Науан 15 лет учился в Бухаре, кончил там высшую школу и
сделал блестящую карьеру, исключительно благодаря своему
необычайному дарованию. В Бухаре Науан занимал место
преподавателя в высшей школе, откуда его вызвали
кокчетавские киргизы (казахи – К.А.), послав особых
делегатов».
Шығыс өркениетінің орталықтары болып саналатын
Бағдат пен Бұхар жоғарғы оқу орындарын тәмәмдап елге
оралғанда Науан Хазірет жан-жақты білімдар, ғұлама ғалым,
тәжрибелі ұстаз болып қалыптасумен қатар жәдиттік бағытты
ұстанған қоғамдық қайраткер де болып үлгерген. Міне, енді сол
оқып-білгенін, өз қызметін ел игілігіне жарату, халқын
отаршылдық бұғаудан азат ету жолдарын ойластырады.
ХІХ
ғасырдың
екінші
жартысында
түркі
тектес
халықтардың барлығы дерлік (Анатолия түріктерінен басқасы)
отарлық езгіде болды. Түркі халықтарына отарлық құрсауын
кигізген сол тұстағы екі алып империя – Қытай мен Ресей
мемлекеттері болды. Бұлардың біріншісінде сол тұста отарлық
езгіге қарсы қарулы көтеріліс жүріп жатса, екіншісінде ұлт-
азаттық күрестің ондай түрі аяқталып, енді екінші кезеңі
басталған - тын. Бұл кезең жәдиттік қозғалыстың дүниеге
келуімен сипатталады.
Жәдиттік қозғалыстың негізін қалап, басқарушылар
283
қатарында Ресей қол астындағы түрік халықтарының ұлтжанды
зиялылары болды. Олар – Шаһабуддин Багауиддинұлы, Каюм
Насири,
Исмағұл
Гаспаралы,
Садриддин
Айни
сынды
ғұламалар еді.
Аталған
қайраткерлердің
жәдиттік
көзқарастарының
қалыптасуына ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында бүкіл әлемде ұлт-
азаттық қозғалыстың өрістеуі, Ресейдегі билеуші монархияға
қарсы бағытталған демократияшылдық үрдістің етек жаюы,
орыс емес халықтарда зиялы топтардың пайда болуы сияқты
қоғамдық
құбылыстардың
зор
әсері
болды.
Көптеген
аймақтарда
саяси
партиялармен,
қозғалыстармен
бірге
жәдиттер (жаңашылдар) деп аталған мәдени – ағартушылық
бағыттағы қозғалыс та пайда болды. Бұл қозғалыстың түпкі
мақсаты түрік халықтарын отарлық езгіден азат ету еді. Ал оны
іске асыру үшін дін-исламдағы жәдитшілдікті түрікшілдікпен
ұштастыру, түрік ұлтшылдығын насихаттау, жаңа тәсілмен
оқытатын мектептер ашу көзделді.
Сөз етіп отырған кезеңде Бұхар қаласы жәдиттік
қозғалыстың негізгі ошақтарының бірі болып саналған.
Сондықтан жәдиттік идеяны көзі ашық, көкірегі ояу Наурызбай
бірден қабылдап, оны іске асыру жолындағы күреске дайын
болды. Сол себепті де ол Көкшетауға оралсымен бұл іске қызу
кірісті.
1886 жылы көпшілік қауымның сұрауымен облыстық діни
басқармасы Науан Хазіретті Көкшетау мешітіне имам қылып
тағайындады.
Жаңа
имам
халық
арасында
оқу-ағарту
мәселелерімен айналысып, діни әдет-ғұрыптарды ретке
келтіреді, көршілес ояздардағы мешіттермен тығыз байланыс
орнатады. Ол кісінің беделінің қандай жоғары болғандығын
мына бір дерек дәлелдей түссе керек. Халықтан жиналған
қаржыға Көкшетау қаласында жаңа мешіт салынады. Мешітте
неке қию, жаңа туған нәрестелерді тіркеу сияқты дәстүрлер
кеңінен
енгізіледі.
Архивтік
бір
деректе
ояз
бастығы
Костырконың тұсында, ал кейін басшылар Туполев, Коновалов,
Селицкий, Кельцев тұсында да осы тәртіп сақталды делінген.
Заманының өте білімді адамдарының бірі Науан Хазірет
халық ағарту саласына көп көңіл бөлді, атап айтқанда, қазақ
балаларының білім алуын үнемі қадағалап отырды. Мешіт
жанынан қырдан келген моллалардың білімдерін одан әрі
жетілдіру үшін оқу ұйымдастырып, халықтан түскен қаржыға
интернаты бар медресе ашады. Өзіне мектеп жұмыстары
бойынша көмекшілікке бұрынғы шәкірті, Қотыркөл болысының
тұрғыны Шаймерден Қосшығұловты алады.
284
Медреседе діни дәріспен қатар зиялы білім беру ісі де
айтарлықтай деңгейде болды: шәкірттер оқу мен есептеуді,
араб тілі мен орыс тілін қатар үйренді, Абай өлеңдерін жаттап,
Біржан мен Ақан әндерін айтты. Әсіресе шығыс әдебиетін оқып
үйренуге көп ден қойылды. Ол туралы мына бір деректі келтіріп
кетуге болады: мысалы, ояз бастығының бұйрығымен мектеп-
интернатта жүргізілген тінту кезінде, оқушылардан шығыс
ғұламалары Фирдоуси, Науаи, Саади, Низами және т.б.
кітаптары тартып алынған.
Бір айта кететін жәйт, ата-аналар балалардың оқуы үшін
ешқандай ақы төлемеген, себебі медресе жанында қосалқы
шаруашылық болып, шәкірттер қажетті азық-түлікті өздері
дайындаған.
Мұғалімдік
қызметті
Науан
Хазірет
пен
Шаймерден Қосшығұловтан басқа Ташкенттен келген өзбек
Ингам Қари мен саяси жер аударылған, қазақ тілін жақсы
меңгерген Петр Гарлишев атқарды. Науан Хазіреттің қызмет
атқарған тұсы Ресейдің Қазақстанда толық саяси үстемдігін
орнатып, енді шаруашылық жағынан игеруге кіріскен кезеңіне
дөп келеді. Осы мақсатта қазақстанда бірқатар әкімшілік, сот
реформалары жүзеге асырылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың
қалдығы жойылып, жер, оның қойнауы, ормандар мен өзен-
көлдер Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды.
Өзінің үстемдігін нығайту үшін патша үкіметі қазақ
даласына
орыс-казактарды,
шаруаларды,
чиновниктерді
жаппай қоныстандыру науқанын жүзеге асырды. Мысалы, 1896
ж. Ақмола облысында 99399 жаңа қоныстанушылар тұратын
132 село болды, ал 1900 ж. селолардың саны 200-ге, көшіп
келушілердің саны 160090-ға жетті.
Бұл әрекеттер маңызды іс-шаралар болғанымен, қазақ
даласында түпкілікті билік орнатуға жеткіліксіз деп саналды.
Сондықтан патша үкіметі Қазақстандағы өз саясатының басты
мақсаты етіп жаңа бодандардың бойына Ресей азаматтығы
идеясын сіңіруге тырысты.
Іс жүзінде бұл саясат қазақ халқын орыстандыру,
христиан дініне шоқындыру әрекеттерінен көрініс берді. Ол
үшін білім беру-ағарту ісіне қатаң бақылау орнатылды. 1874 ж.
үкіметтің шешімін оқу-тәрбие ісі мұсылман діни мекемелер
құзырынан алынып, отарлық әкімшілік қарауына берілді.
Шоқан Уәлихановтың, Салық Бабажановтың үлгісінен
орыс оқуының пайдасын көрген қазақтардың бірқатары өз
балаларын Омбының, Орынбордың т.б. қалалардың оқу
орындарына бере бастады. Қазақ жұрты балаларын орыс
тілінде оқуға ынталандырудың шараларын ойластырады.
285
Мәселен, Мұса Шормановтың (Баянауылдың аға сұлтаны)
баласы Сәдуақас Шорманов 1887 ж. 25 ақпанда Г.Н. Потанинге
жолдаған хатында былай деп жазған: «Қазіргі уақытта қазақ
балалары әртүрлі оқу орындарында оқи бастады. Гимназияда
19 адам, кадет корпусында – 5, мұғалімдер семинариясында –
4, техникалық училищеде – 2 тәрбиеленуші оқып жүр. Барлығы
Омбының оқу орындарында 30 қазақ баласы, біреуі Петербург
университетінде білім алуда».
Сонымен бірге үкімет қазақ балаларының ана тілінде
білім алуына түрлі шектеулер қоя бастады, тіпті қазақ
чиновниктерінің балаларын орыс оқуына беру туралы арнайы
нұсқау да шығырылды.Жергілікті ақсүйектер бұл әрекеттен
секем алып, қарсылық білдірді. Кейде тіпті патша үкіметінің
мынадай жағдайларға дейін барғандығын белгілі орыс
зерттеушісі, публицист, Шоқанның досы Н.М. Ядринцев өз
шығармасында былай деп жазады: «Қырғыз даласындағы
бұратаналар
кейбір
интернаттар
мен
мектептерге
өз
балаларын беруге мәжбүр болғандықтан, одан қорқып, кедей
балаларын сатып алып жіберген. Орыстандыру мәселесі,
ұлттардың өткір проблемасына айналды, бұл саясатты дөрекі,
ойластырмай күшпен қолдану бұратаналар арасында керісінше
қарысылық пен жиіркеніш тудырды», – дейді. Ядринцев орыс
тілін зорлап оқыту саясатын сынай отырып, «бұратаналардың
өз тілінде білім алуы, ғылымдармен танысуы білімді
бұратаналарды орыс тілінен, ұлтынан бездірмейді» – деп
сенді.
Үкіметтің арнайы шешімімен жергілікті әкімшіліктің
рұқсатынсыз ауылдық мұсылман мектептері мен қалалық
мектеп-интернаттарды ашуға қатаң тыйым салынды.
Мектеп ашуға басты шарт – ол мектептерде орыс тілінің
оқылуы еді. Сондықтан қазақ мектептерінің көпшілігі жасырын
жұмыс істеді. Үкімет саясатының рухани саладағы тағы бір
бағыты мұсылман дінін шектеу болатын. Патша үкіметі діннің
маңыздылығын ескере отырып және халық наразылығын
туғызбау
мақсатымен
қазақ
жерінің
түгелдей
Ресей
империясының құрамына енуі аяқталғанша, яғни ХІХ ғ. 60-шы
жылдарына дейін ислам дініне ілтипатпен қарады. Қазақ
даласына сенімді татар молдалары жіберілді, мешіттер салуға
қамқорлық
жасалып,
қажылық
Меккеге
баруға
кедергі
келтірілмеді. Алайда ХІХ ғ. ақырғы ширегінде үкіметтің исламға
көзқарасы өзгерді, бұл жалпы отаршылық саясаттың күшеюінің
нәтижесіне байланысты туындады. Қасиетті (Святейший)
Синодтың рұқсатымен 1881 ж. Омбы қаласында «Киргизская
286
противоисламская миссия» құрылды. Миссионерлік орыс-қазақ
аралас мектептері салынды. 1897 ж. қыркүйекте Архиерей
тарапынан православие дінін мұсылмандар арасында тарату
жолдарын қарастыру туралы арнайы нұсқау берілді.
Патша бодандарының барлығы патшамен бір дінде болу
қажеттігі идеясын үкімет те қолдады. 1902 ж. 22-ші наурызда
арнайы «Ереже» бекітілді, онда мұсылмандарды христиан
дініне аудару, біріктіру, біртіндеп, күштеусіз, айламен іске асыру
көзделді және жаңа дінді қабылдау өз еріктерімен болып
жатқандай сипатта өткізілуге тиісті болды.
Осылайша жергілікті жерде жаңа тәртіптің негізін
нығайтып алып, қазақтарды жаңа дінге сендіру үшін христиан
миссионерлерін жіберді, оларды өздерінің ақ патшасы
ұсынатын дұрыс ақиқат дін ғұрыптарын орындауға көндіру
қажет, – деп нұсқау берді.
Отаршылық саясат жергілікті халықтың наразылығын
тудырмай қоймады. Сондай қарсылық күрестің бір түрі
петициялар мен шағымдар жазып, жоғарғы әкімшілікке,
императордың өзіне дейін талап-арыз айту еді. Мұндай
петицияларда рух еркіндігі мен қатар жер-су мәселелері де
өткір қозғалып отырды.
Ғасырлар тоғысында шығыстық дәстүрдегі ағартушылық
идеясы үлкен маңызға ие болды. Осыған байланысты халық
арасында шығыс әдебиет үлгілері, араб жазуы, Ресейдегі түркі
халықтары тағдырларының бірлік идеясы кең тарады.
Науан Хазірет ұлттық дәстүрлерді сақтау ісіне халықты
топтастыру
үшін
қазақ
даласының
беделді,
белгілі
адамдарынан көмек сұрады. Оның өзі және көмекшісі
Шәймерден Қосшығұлов Абай Құнанбайұлына ұлттық мәдени
тәуелсіздігі үшін күресті басқаруға ұсыныс жасады. Үкімет
Науан Хазіреттің және оның көмекшісі Ш.Қосшығұловтың
әрекеттерін заңға қайшы деп тауып, жауапқа тарту жолдарын
қарастыра бастады.
1901 жылғы 20 мамыр күні ояз бастығы келіп, Таласовтың
қызметіне тыйым салынады деп, іс қағаздарын алып кеткен.
Көкшетау
уезінің
бірінші
учаскесінің
крестьян
бастығы
подполковник Троицкий 1903 жылғы 2 сәуірде Ақмола
облысының әскери губернаторы атына жазған мәліметінде
былай деп жазады: «2-ші сәуірде молла Таласовтың мешітінде
тінту жүргізілді. Тінту кезінде цензура рұқсат етпеген 164 кітап
пен қолжазбалар табылды. Оның біразы мектептікі, өзгесі
оқушылардікі екені анықталды, ал Таласовтың өзінен 108 кітап
пен жазған хаттары, қырғыз тіліндегі гектограф, баспа
287
әріптерінің
қалыптары
табылды».
Онан
әрі
Троицкий
Шаймерден
Қосшығұловтың
столынан
гектограф
пен
сиясорғыш,
Ботовскідегі
С.Шормановқа,
Зайсандағы
Кенишовқа, Семейдегі Құнанбаевқа почта арқылы хаттар
жолдағандығы туралы қолхат қағаздар адрестерімен бірге
табылғанын хабарлайды. Сонымен бірге Троицкий 1903
жылдың 3-ші сәуірінде Ш.Қосшығұлов оның бұйрығымен
тұтқынға алынып, түрмеге қамалғандығын да мәлімдеген.
Болған
жай
туралы
Ақмола
облысының
әскери
губернаторы дереу дала губернаторына телеграф соғып,
Көкшетау оязының бастығына мынандай нұсқау берген: «Тез
арада
Көкшетаудағы
мешіт
жанынан
заңсыз ашылған
интернатты жауып, ондағы оқушыларды таратып жіберу, молла
Таласовтың үстінен жансыз бақылау жасау қажет».
Кейіннен генерал-губернатор Семей облысының әскери
губернаторына Ш.Қосшығұловтың Шыңғыстау болысының
тұрғыны Ибрагим Құнанбаевқа жазған екі хаты туралы тексеріс
ұйымдастыруды тапсырды. Әскери губернатор генерал-майор
Галкиннің тапсыруымен Семей уезінің бастығы Навродский
істің мән-жайын тексеріп анықтауға Абай ауылына өзі келген.
Архивте уезд бастығының мәліметі сақталған екен, онда ол
былай деп жазған: «Қыстау мен кигіз үйді тексеру барысында
Құнанбаевтың атына жазылған хаттар табылды. Екі куәгердің
көзінше А.Құнанбаевтың барлық қолжазбалары алынып,
ерекше папкаға салынып, Әскери губернаторға тапсырылды».
Ояз бастығы Құнанбаевтан Көкшетаудан хат-хабар алып
тұрасыз ба, деп сұрағанда, ол: «Осыдан екі күн бұрын Зеит
Башировтың атына жазылған арнайы хат алдым» – деп жауап
берген. Хатта белгісіз адам Құнанбаевтан құрметті қазақ
ретінде үкімет орындарынан қазақ мұсылмандары үшін жеке
муфтият ашып беруге жәрдемдесуді сұрағандығын айтқан.
Одан хаттарды маған беруді талап еткенде, Құнанбаев ол
хаттарды осыдан 2 күн бұрын өз баласы Тұрағұлға бергендігін
айтқан.
Ал
ол
хаттарды
Шыңғыс
болысы
Рызықпай
Құдайбердиевке бергендігін, хат тінту кезінде болыстың
бешпетінің
қалтасынан
табылғандығын,
бұл
хаттардың
Құнанбаевтың
басқадай
хаттарына
қосып
тігілгенін
хабарлайды.
Бұл оқиғада екі елеулі нәрсе байқалады: біріншісі, бұл
хаттардың Ш.Қосшығұловтың атынан жазылғанымен шын
мәнісінде хат иесі, авторы, жазушысы Науан Хазірет екендігі.
Осындай тұжырымға осы жолдардың авторы хат мазмұнын
талдау барысында келіп отыр. Архивте екі хаттың біреуінің ғана
288
мәтіні сақталған, онда автор бес уез қазақтарының атынан
Ақмола облысының Абайға арнаған үндеуінде жалпықазақтық
мәселелерді, яғни ұлттық рухани тұтастық, дін еркіндігі, тіл мен
ұлттық мәдениетті қорғау мәселелерін көтереді. Екінші, бұл хат
авторы немесе авторлары Абайды ұлттың рухани көсемі
ретінде бағалап, жәрдем тілеуінде, осы орайда хаттың
басында жазылған мына бір сөздер айтылған жайдың сипатын
аша түседі: «Ассалаумағаләйкүм! Биік мәртебелі, аса құрметті,
жұрт ардақтайтын Ибраһим мырза!»
Хат Абайды орыстандыру мен ислам дініне қайшы
отаршыл саясатқа қарсы наразылық күресінде басшылық етуге
шақырғанымен, күш көрсетуге, бағынбаушылыққа үндемейді,
күресті бейбіт жолмен жүргізуді ұсынады.
Абай тек өз қандастарының арасында ғана зор құрметке
ие болып қоймағанын бұл жерде баса айта кетуіміз керек.
Абайды орыс әкімшілігі мен интеллигенциясы зор құрмет
тұтып, сыйлағанын Семей губернаторының 1903 ж. 30
қыркүйекте Дала губернаторына жазған хатынан байқауға
болады. «Сіздің, жоғары мәртебелім, осы жылғы 1-ші
қыркүйегіндегі
№12
ұсынысыңызға
байланысты
баяндайтыным:
Шыңғыс
болысының
қырғызы
Ибрагим
Құнанбаев
60
жаста
(шындығында
59
жаста-К.А.),
салыстырмалы түрде үлкен дәулетке ие – 1000-ға жуық
жылқысы, 2 мың қойы бар.
Құнанбаев өте сауатты, білімді адам, ол екі рет үш
жылдан би, үш рет үш жылдан Шыңғыс болысының билеушісі
болды. Сонан соң үкіметтің тағайындауымен 3 жыл Мұқыр
болысының басшысы қызметін атқарды.
Қызметте Құнанбаев өзін ақылды басшы ретінде көрсетті.
Құнанбаевтың барлық балаларының орысша сауаты бар. Оның
орыс әдебиетінен хабары мол, үнемі кітап, газет, журналдар
жаздырып алып оқиды. Кезінде бұратана халықтың арасында
зор беделге ие болған көрінеді. Қазіргі кезде қартаюына
байланысты партияаралық тартыстарға араласпайды, бірақ та
кеңес сұрап келетіндер әлі де көп…» Құжатта бас штабтың
генерал-майоры Галкиннің қолы қойылған.
Осы құжаттың авторы – жоғары лауазымды шенеунік
Семей облысының губернаторы өзінің адамгершілігімен және
тазалығымен көзге түседі. Керісінше, Н.Таласовқа тексеру
жүргізген Көкшетау оязының бастығы, подполковник Троицкий
туралы ойымыз мүлде басқаша. Оның Ақмола губернаторының
атына жазған 1902 жылғы 3 сәуірде жазған хатынды былай
деген: «Сот ведомстволары қазақтардың зиянды істеріне
289
тосқауыл қоюдың орнына, керісінше, бүркемелеп отыр.
Айталық, Көкшетау мировой судиясы стат - кеңесшісі
Кудровецкийдің бей-жайлығы осыны дәлелдейді. Қазіргі кезде
оның сыбайластары: М.Сердалин (бақылауда), оның бұрынғы
аудармашысы,
Зеренді
болысының
тұрғыны
Балқожа
Құдайбергенов, заңгер Айдархан Тұрлыбаев, молла Таласов,
оның көмекшісі Қосшығұловтар болыс пен қалаларды аралап,
насихат жұмыстарын жүргізуде».
Басшылардан «әбден көңілі қалған» Троицкий тіпті өзінің
әріптесі,
Петропавл
ояз
бастығын
«Қазақтардың
діни
мұқтаждықтарына көмек беруде», - деп, одан әрі қынжылыс
білдіреді. Сөзінің соңында ояз бастығы мешіт ислам дінін
насихаттаудың
орталығы
болып
отырғанын,
ал
мешіт
жанындағы мектептің заңсыз екендігіне тоқталып, бұлар ортаға
өте қауіпті деп, қорытынды жасайды.
Православие шіркеуінің басқа діндерден, ағымдардан
басымдылығын, артықшылығын тілге тиек ете отырып,
Троицкий мұсылман дінінің қызметіне шектеулі түрде ғана
заңға сәйкес рұқсат беру керек дейді. Мына бір ойлары оның
бет-пердесін толық ашып берсе керек: «Пора покончить с игрой
на почве религиозной, мусульманской. Пора разобраться в
этих вопросах, пора наложить руку на центры, изъять их
деятелей в места нейтральные, а население поставить
должными разъяснениями на надлежащий путь».
Ояз бастығының ұсыныстарын толық мақұлдаған дала
генерал-губернаторы
ішкі
істер
министрілігінің
атына
«Қосшығұлов пен Таласовты Дала өлкесінен аластату және
қазақтар арасындағы сенімсіздік тудыратын адамдарды үнемі
қадағалау үшін 155 сом жіберуді» өтініп, хат жолдайды.
Тиісті орындардың жауабы көп күттірген жоқ. Ішкі істер
министрілігінің 1903 жылғы 17 шілдедегі арнаулы мәжілісі
молла Таласов пен қамауда отырған оның көмекшісі
Қосшығұловқа «өкіметтің қаулыларына қазақтарды қарсы
қоюшылар» деп баға берді. Ішкі істер министрі қол қойған бұл
қаулыда былай делінген: «Аталған екі адам Шығыс Сібірге жер
аударылып, Иркутск генерал-губернаторының қарамағына
жіберілсін. Қосшығұловқа – 5 жыл, Таласовқа – 3 жыл мерзім
кесілсін. Шешім 1903 жылдың 12 маусымынан күшіне енсін».
Халық арасында кең танымал Науан Хазіреттің жер
аударылуы қазақ арасындағы жағдайды одан әрі шиеленістірді,
ашу-ызасын
тудырды.
Нақақтан-нақақ
жала
жабылып
итжеккенге кеткен Хазіретті босатып алу туралы ел арасында
петицияға қол жинау қозғалысы басталды. Осы орайда Әлихан
290
Бөкейханов былай деп жазды: «Егер үкіметтің саналы түрде
қазақ халқын орыс оқу-ағартуынан қасақана бөліп тастап,
панисламизм құшағына құлата салғысы келсе, есімі елге
мәшһүр Науан Хазіретті қудалаудан артық ештеңе де ойлап
таппас еді». Аталмыш дін қайраткерлерінің пиғылында не орыс
халқына, не христан дініне деген қарсы көзқарас болған жоқ.
Патша
үкіметінің
христиан
дінін,
шіркеуді
өздерінің
отаршылдық саясатында кең пайдаланғанын да атап өткен
жөн. Айталық, ғасырдың басында, эсерлік саяси бағыт ұстаған
священник
В.Рюминский
«орыс
шіркеуі
Ұлы
Петрдің
өзгерістерінен кейін өзінің алғашқы парызы – Христостың
өсиетіне сәйкес діншілдердің қауымы атағынан мүлдем
айырылып қалды. Ол рухани полицияның министрлігі мен
полиция чиновнигінің дініне айналды»,-деген еді.
Наурызбай Таласов пен Шәймерден Қосшығұловты азат
ету туралы министрлікке дейін өтініш жазған қазақ қауымы
өкілдерінің петицияларын дәлелдейтін куәліктер мұрағатта бар.
Осы қозғалысқа белсене ат салушының бірі - кезінде Әлихан
Бөкейханұлымен Омбы техникалық училищесінде бірге оқыған
Мәмбетәлі Сердалин болатын. Жер аударылған жерлес
ағаларын қамаудан босатуды көздеген Мәмбетәлі мыңдаған
адамдардың қолдарын қойдырып, Петербург қаласына өзі
аттанады. Петербургте Мәмбетәлі арқылы бүкіл жайға толық
қаныққан Әлихан барлық байланыстары мен таныстары
арқылы министрліктің табалдырығын тоздырып, Науан Хазірет
пен Шәймерден Қосшығұловтың мерзімінен бұрын бостандыққа
шығуына қол жеткізеді.
Айдаудан
келген
соң
Науан
Хазірет
Көкшетау
қаласындағы мешіттің имамы қызметін жалғастыра отырып,
жастарға білім-тәрбие беру жұмысын да қайра қолға алады.
Сол тұста Науан Хазіреттің бастауымен халық қаражатына
жаңа мешіт тұрғызылады. Бірақ та ол кейін кеңес үкіметі
орнағасын тәркіленіп, әр түрлі қажетікке пайдаланады да, 30-
шы
жылдары
мұнда
тарихи-өлкетану
мұражайы
жайғастырылады. Тек еліміздің тәуелсіздікке қолы жетіп,
имандылыққа бет бұрғаннан кейін ол ғимарат қайра өзінің
ерекше міндетінде пайдалануға беріледі. Бүгінде ол –
Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының Науан Хазірет
атындағы орталық мешіті.
Ал Науан Хазіретпен айдауда бірге болған оның шәкірті
Шәймерден Қосшығұлов болса саясатпен айналысуға кірісті.
1905-1907
жылдарда
Ресейде
тұңғыш
демократиялық
революция жүріп жатқан болатын. Оның жеңіліспен аяқталғаны
291
белгілі, алайда революция Ресейдің қоғамдық-саяси өміріне
елеулі өзгерістер әкелді. Соның бірі - Мемлекеттік Думаның
шақырылуы еді. Оған депутат сайлауға басқа «бұртана»
халықтармен қатар қазақтардың да қолы жетті.
1906-1907 жылдарда шақырылған Мемлекеттік І-ші және
ІІ-ші Думаға депутат болып бес дуан Ақмола облысынан
Шәймерден Қосшығұловтың сайлануына Науан Хазірет те
ықпал етті. Думада Ш.Қосшығұлов мұсылман фракциясының
жұмысына белсене қатысумен қатар қазақ тілінде тұңғыш газет
шығаруды ұйымдастыруға кірісті. Газет «Серке» деген атпен
1907 жылы наурызда Петербургте жарық көрді. Оның
редакторы көрнекті қоғам қайраткері ақын Мыржақып Дулатов
болды. Газет қазақ халқының мүддесін қорғап, көптеген
әлеуметтік-саяси мәселелерді өткір қойып отырды. Соған
байланысты патша үкіметі қазақ тілінде шығатын газетті қауіп
тұтып, оны жаптыртты.
ХХ ғ. басында қазақ елінде озық ойлы, халқының
болашағы үшін еңбек сіңірген, ел мүддесін қорғаған зиялы
қауым қалыптасқаны белгілі. Санының аздығына қарамастан
қазақтың
ұлттық-демократиялық
интеллигенциясы
зор
әлеуметтік,
қоғамдық-саяси
мәні
бар
мәселелермен
айналысты.
Атап
айтқанда,
олар
Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов,
М.Тынышпаев,
М.Дулатов,
М.Жұмабаев,
Ж.Досмұхаметов,
Ж.Аймауытов
сынды
қайраткерлер.
Солардың қатарында біз сөз етіп отырған көкшетаулық Науан
Хазірет,
Мәмбетәлі
Сердалин,
Айдархан
Тұрлыбаев,
Шәймерден Қосшығұлов та болды.
Отаршылдар қазақ халқының жері мен оның табиғи
байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ,
олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты
тілінен, дінінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған
шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907
жылы «Қазағым менің, елім менің!» атты «Серке» газетінде
басылған мақаласында былай деп ашына жазған еді: «…Ең
алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның
ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады.
Халықтан жиналатын қаражаттың көп бөлігі халыққа тіпті де
керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің
дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға,
біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа
бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды…»
Науан Хазірет есімімен байланысты тағы да бір жайт – ол
ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам екендігі. Ел
292
арасында дау-дамай туа қалса оған қатысты адамдар Науан
Хазіретке келіп жүгініп, әділдігін айтуды сұраған. Осындай
жағдайдың бір көрінісін Габит Мүсірепов өзінің аты шулы «Ақан
сері – Ақтоқты» пьесасында келтірген. Сонымен қатар
шешендігі мен парасаттылығы, ақылгөй даналығы Науан
Хазіретті қалық бұқара арасында сый-құрметке бөледі. Науан
Хазірет айтып еді деген қанатты, ұлағатты, діни өсиет-
насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |