Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



Pdf көрінісі
бет95/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124
Байланысты:
abuev

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. -Алматы, 1979. 

- 312 б.

2. ОҒК қоры, -25 бума, -1 дәптер.

3. ОҒК. -114 бума, -6 дәптер.

4.  Жармухаметов  М.  Көкейкесті  әдебиеттану.  Азаттық 

идеясының  қазақ  әдебиетіндегі  көрінісі:  әдіснама,  таным, 

көркемдік. – Астана, 2006. - 437 с.



ЕРТЕДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕ 

САЛАУАТТЫЛЫҚ ПЕН ӘСЕМДІК ТӘРБИЕСІНІҢ ДАМУЫ

  

Әліпбек А.З., Қойшиев Қ.Е., Оразымбетова К.Ш.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 

Шымкент қ.

alipbek_ardak@mail.ru

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  біздің 

болашағымызды  жаңа  бағытпен  рухта  тәрбиелеу,  олардың 

дүниетанымын қалыптастыру, жаңа адамды жан-жақты, білімді, 

өнерлі етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі 

екендігін  заңдылық  етіп  берді.  Осыған  орай,  ендігі  кезеңде 

жаңа  адамды  жан-жақты  дамыған,  білімді,  өнерлі,  жеке 

өмірінде 

салауатты 

өмір 

салты 


мен 

эстетикалық 

құндылықтарды сақтай алатын және оны бағалай алатын жаңа 

адамды  қалыптастыру  мәселесі  тұр.  Алайда,  бұл  мәселе  осы 

заманның  ұрпақ тәрбиесінде өзекті болып отырғанымен, өзінің 

бастауын  сонау  сақ-ғұн  дәуірінен  алатындығына  ерекше 

тоқталып өткенді жөн көрдік. 

Ғалымдардың 

айтуынша, 

Қазақстанмен 

жапсарлас 

жатқан  Иран,  Ауғаныстан,  Пакистан,  Үндістан  сияқты  елдердің 

өмірінен  сақтардың  мәдени-рухани  ықпалының  ізін  күні  бүгінге 

дейін  аңғаруға  болады.  Сақ  дәулетінің  (мемлекеті  (іргесін 

қалаушы  –  Алып  Ер  Тұнға  (Афрасияб)  Діні-Тәңірлік  дін.  Яғни 

көк  тәңіріне  табынып,  табиғатпен  тіл  табысуды  өмір  сүрудің 

кепілі,  табиғилықты  өмір  сүрудің  мұраты  деп  білген.  Жазуы 

қазіргі  ғылым  тілінде  айтылып  жүрген  рун  жазуы  немесе  түркі 

жазуы болған. Бұл пікірлерден шығатын қорытынды, ежелгі Сақ 

мемлекетінің  аса  құдіретті  империя  дәрежесіндегі  азулы  да 

айбынды  өзіндік  жазуы,  мәдениеті  мен  тәлім-тәрбие  дәстүрі 

301



бар көрнекті ел болғаны. Ал бұлар – шынында скифтер болды. 

Бұлардан  басқа  мисийлық,  фракиялық  және  геттардан  әрірек 

өмір  сүрген  тайпалар  -  гиппомолгілер  (бие  сауушылар), 

галактофагтер  (ашыған  сүт  (қымыз)  ішетіндер)  және  абийлер 

(кедейлер,  тіршілік  құралдарынан  жұрдай).  Сонымен  қатар, 

ұлан  байтақ  қазақ  жерінде  күркелерді  мекендейтіндер  және 

көшпенділер,  мал  бағумен  және  сүт  ішумен,  ірімшік  және  ең 

бастысы  қымыздан  ірімшік  жасаумен  айналысатындар  да 

болған;  олар  тек  затты  –  затқа  айырбастаудан  басқа  қор 

жинауды және сауда жасауды білмейтін.

Сақ  елінде  мәдениеттің  дамығанын  тарихи  тұлғалардың 

іс-әрекетінен,  ой-пікірлерінен  көруге  болады.  Мысалы,  белгілі 

жазушы  Гесиодтың  «Жерді  айналып  шығуы»  еңбегінде 

Гарнийді 

Финея 

күймеде 


(арба 

үстінде) 

үйлері 

бар 


галактофагтардың  жеріне  алып  кеткені  туралы  деректеме 

жазылады:  Содан  кейін  Эфор  олардың  неге  қарапайым  өмір 

сүретінінің  себебін  келтіреді,  олар  бір-біріне  сараңдық 

көрсетпейді,  жақсы  дәстүрді  сақтайды,  (өйткені  оларда  бәрі 

ортақ,  тіпті  әйелдері,  балалары  және  бүкіл  отбасы)  және  жат 

жерліктерге  оларды  жеңу  мүмкін  емес,  өйткені  құлдыққа 

айналдыруға  тұрарлық  дүние  мүліктері  жоқ.  Біздің  ойымызша, 

ең  құндысы 



Эфор  сақ  жерінен  шыққан  Анахарсис  тұлғаны 

данышпан деп атайды. Анахарсис өзінің шексіз адалдығымен, 

тазалығымен  және  ақылдылығымен  Жеті  данышпанның  бірі 

болды  дейді. 

Ол  Анахарсис  ұста  көрігін, екі табаны бар зәкірді 

және құмыра жасауға арналған дөңгелек жозыны ойлап тапқан 

дегенді  айтады.  Осы  пікірді  қуаттай  отырып,  Анахарсис  ежелгі 

сақ  мемлекетін  сол  заманның  Грек,  Рим  сынды  азуын  айға 

білеген 


мемлекеттеріне 

тағы 


бір 

қырынан 


танытып, 

таңдандырған аса шешен де ғұлама ғалым болғанын айтамыз. 

Ғылыми  зерттеу  көрсеткендей,  Скиф  және  сармат 

тайпаларында  жылқыларды  күтіп-баптап  қолға  үйрету  дәстүрі 

арқылы  ерекше  тәрбие  бағыттары  қалыптасқан.  Олар 

салауатты 

өмір 

салты, 


дене 

тәрбиесі, 

малға 

деген 


қызығушылық.  Әрине,  дәстүрдің  еңбек  пен  ақыл  тәрбиелеріне 

де  әсері  көп.  Шындығында  олардың  жылқылары  аласа  болса 

да  көнбіс  емес,  асау  және  жүрдек.  Ал  мұндай  жылқыларды 

күтіп  баптау  зор  табандылық  пен  атбегілік  өнерді  терең  білуді 

қажет  ететіні  белгілі.  Сақтарда  мұндай  қасиеттердің  жеткілікті 

болғаны  айқын.  Олар  атпен  мықты  шабандоз  және  жаяу  да 

керемет  жауынгерлер,  садақпен,  қылышпен,  сауытпен  және 

қола  әскери  айбалтамен  қаруланған,  шайқас  кезінде  алтын 

белбеу  мен  бас  орамалдар  тағады.  Жылқының  ауыздығы  мен 

302



әбзелдері  алтыннан  Олардың  елінде  күміс  жоқ,  темір  аз, 

керісінше мыс пен алтын молшылық. 

Сақ  елінде  тәлім-тәрбиенің  ерекше  дамуына  қоршаған 

орта,  айналадағы  табиғатта  әсер  еткенін  ескеру  қажет.  Бұл 

бағыттағы  зерттеулерге  сүйенсек,  скиф  жерінде  кенеп  деген 

зығырға  ұқсас  өсімдік  денсаулыққа  өте  пайдалы  болған. 

Зығырдан  ірі  артық  және  жуан  кенеп  өсімдіктің  пайдалану 

технологиясын  скифтер  жақсы  меңгерген.  Кенеп  дәнін  алып, 

скифтер  киізге  орап,  қызған тасқа тастайды. Бұдан қатты түтін 

мен  бу  шығады,  сонымен  ешқандай  эллин  бу  моншасын 

салыстыруға  да  келмейді.  Скифтер  бұған  рахаттанып,  нағыз 

монша  орнына  пайдаланған.  Скиф  әйелдері  бұлдыр  тастың 

үстіне  сауырағаш,  самырсын  және  қара  майдан  тастап,  су 

құйып,  алынған  қоспамен  бүкіл  денесі  мен  бетін  сылайтын. 

Бұдан  дене  қош  иістенеді,  келесі  күні  жуып  тастағанда  денесі 

тазарып, жарқырап шығатын. Тазалық иманның жартысы деген 

қанатты  сөз  бар.  Сол  ұстанымды  көздеген  тұлғалар  өздерінің 

ішкі  және  сыртқы  дүниесінің  тазалығы  арқылы  салауатты  өмір 

салтын насихаттап отырғаны анық. 

Ендеше ежелгі сақтар жан 

тазалығымен  бірге  тән  тазалығына  да,  жеке  бастың 

гигиенасына  да  зор  мән  берген. Ұрпақтарының  дені  сау, 

таза,  иманды  да  қайратты  болып  өсуіне  ықпал  етіп  үлгі 

өнеге көрсеткен.

Болашақ  ұрпақты  тәрбиелеп,  өсіруде,  скифтер  ең 

алдымен

дүниеге  бала  әкелетін

ананың

денсаулығына, 



келбетіне 

қатты 


мән 

берген


Осы 


тұрғыда 

скифтер 


амазонкалардан 

батыл, 


ержүрек 

бала 


көрмек 

болып 


ақсақалдарының  ұйғаруымен  оларға  үйленген  деген  тарихшы 

Геродоттың  пікірі  құнды  болып  келеді.  Олар  өзара  түсінісе 

бастағанда  скифтер  өздерінің  ата-аналары  бар  екенін  айтып, 

солардың  жанына  барып  тұруға  ұсыныс  жасайды.  Әйтседе 

амазонкалар  әйелдік  өмірге  үйренбегендіктен  онда  барып 

тұрудан  бас  тартады.  Амазонкалар:  одан  да  сендер  бізбен 

тұратын  болсаңдар  мұраларыңды  алып  келіңдер,  жеке 

тұрамыз  дейді.  Бізді  әйелдікке  алғыларың  келсе  Танайстің 

арғы  жағына  барып  тұрайық  дейді,  себебі  біз  бұл  елден 

шошимыз, сендер біз үшін ата-аналарыңнан айрылдыңдар ғой. 

Бозбалалар  бұған  келіседі,  олар  Танаистен  өтіп,  үш  күн 

шығысқа  қарай  Меотид  көлінен  солтүстікке  барып,  қазіргі 

орындарына  орналасқан  деген  пікір  бар. 

Бұл  үзіндіден  сақтар 

(скифтер) ұрпақ қамын алдыңғы орынға қойғанын, тіпті ұлан-

ғайыр  даланы  қорғап  қалу  үшін  және  сол  жерді  батыл, 

ержүрек,  ақылды  ұрпаққа  аманат  ету  үшін  өжет  те  тапқыр 

303



іс-әрекеттерге барғанын байқауға болады.

 Мұның бір мысалы 

қазақ  халқында  күні  бүгінге  дейін  сақталып  қалған  жеті  атаға 

дейін бір рудан қыз алыспау дәстүрінен де, біз дені сау, алғыр 

да  ақылды  жастар  өсіп-өнуі  үшін  бабаларымыздың  даналық 

шешімдер  жасап  отырғанына  еріксіз  бас  иеміз.  Қазіргі 

медицина  туыстық  жақындығы  бар  адамдардың  қандарының 

араласуы  ұрпақтарының  денсаулығына  кері  әсерін  тигізетінін 

анықтаған.  Мұның  өзі  сақтарда  сол  заманда  медицина 

ғылымының да айтарлықтай өркендегенінен хабар беретіндей. 

Скифтік  «аң  стилі»  -  әлемдік  мәдениеттегі  қызықты  құбылыс. 

Көрші  халықтардың  мәдениетіннің  дамуына  зор  ықпал  етіп, 

батыс  елдеріне  тараған,  еуропалық  өнерде,  фольклорда, 

әдебиетте  көрініс  тапқан.  «Аң  стилінің»  басты  жұмбағы  –

мифтік  аңдар,  грифондар,  құс  басты  арыстандар,  қанатты 

бұғылар,  ақылды  сфинкстер,  яғни  Эдип  патшаға  және 

қарапайым  халыққа  сұрақтар  қоятын  ақылды  сфинкстер. 

Табиғатта  жоқ  осынау  құпия  алтын  мен  қоладан  жасалған 

мифтік 

мақұлықтар 

нені 

меңзейді? 



Ғалымдардың 

пайымдауынша,  қанатты  арыстандар  мен  қабыландардың 

бұғылармен жылқыларды талап жатуы скиф-сақ тайпаларының 

өзара ішкі алауыздығын, бір-бірімен тайпалық күресін білдіреді 

деген  болжамның  мәні  бар  сияқты.  Дегенмен,  онда  неге  ол 

қытай жылнамаларында, Күлтегін мен Тоныкөк жазбаларында, 

басқа 

да 


жазушылардың 

жазбаларында 

бірде-бір 

рет 


көрсетілмеген  -  деген  ғалымдардың  сұрағы  орынды  болып 

келеді.  Сондықтан  сақтар  тарихы әлі де зерттеуді қажет етеді. 

Жоғарыда 

көрсетілген 

аңыздардың 

барлығы 


да 

сақ 


даласындағы  қиял-ғажайыпқа  толы  әңгімелер  желісінен 

алынған,  қиялы  жүйрік  дана  халқымыздың  ауыз  әдебиеті 

творчествосының жемісі [4, 252 б.].

Сонымен, 

сақ, 

сармат, 


массагеттер 

көшпенділер 

өркениетінің  дамуына  қажетті  үлесін  қосқан  тайпалар.  Киіз 

үймен  қапталған  арбаларға  әйел-балаларын  салып  көшіп-

қонып  жүрген  халықтар  тілі  мен  дінін,  мәдениеті  мен  тарихын 

сақтай  білген.  Бүкіл  Скифиядағы  қазба  жұмыстары  да  мұны 

дәлелдейді.  Запорож  облысындағы  Тас  қалашықта  Дала 

табындарының түрлері көрсетілген: мүйізді ірі қара мен жылқы 

бірінші  орында,  олар  сексен  пайызды  құраса,  ұсақ мүйізді мал 

он  сегіз  пайызды  құраған.  Қалғаны  иттер  және  кәсіптік  бұғы, 

киік,  құндыз  сүйектері  кездеседі.  Көшпенді  халықта  жылқы 

малы  ең  құрметті  іс  болып  табылды.  Жылқының  тек  етін  ғана 

пайдаланбады,  терісі  мен  жүнін  ерекше  технологияны  дамыта 

отырып, толық пайдалана білді. Балаларын да үйретіп отырды. 

304



Еңбек  тәрбиесі  эстетика  тәрбиесімен  ұласып,  баланың 

дүниетанымын  кеңейтуге  ықпалын  тигізді  деп  қорытынды 

жасауға  болады. 

Көшпенді  халықтардың  тіккен  тұлыптары, 

терішалбарлар,  бас  киімдер  мен  аяқ  киімдер,  белбеулер 

суықтан  сақтайтын,  ал  киіз  үйге  дайындаған  туырлықтары, 

сәнді  киіздері,  дулыға,  қаптаған  қалқандары,  сүйектер  мен 

мүйіздерден  ат  әбзелдерін  аң  стилінде  безендіру  нағыз 

сұлулықтың,  әдеміліктің  көрінісі  болған.  Мұндай  өнер  түрлері 

сақтармен  бірге  даланы  мекенденген  сарматтар,  массагеттер, 

т.б.  тайпаларында  дамыған.  Бұл  олардың  жоғары  дәрежеде 

дамыған 


экономикасын 

және 


әлеуметтік 

жағдайының 

көрсеткіштері.  Ежелгі  ру-тайпаларда  дамыған  кәсіп  түрлері 

тәлім-тәрбие  үрдісінің  дамуына  көп  ықпалын  тигізді.  Өйткені 

арнайы бір кәсіпке үйрету үшін шеберлер жаттығу, кеңес беру, 

мадақтау, көрсету т.б. көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланды. 

Қорыта  айтқанда  сақтар  немесе  ертедегі  қазақ  халқы 

салауатты  өмір  салтын  сақтай  отырып,  сонымен  бірге  ұрпақ 

тәрбиесінде  эстетикалық  тәрбиені  жоғары  орынға  қоя білгенін, 

жас  ұрпақты  әсемдікті  сезініп,  танып,  оны  өз  мінез 

ерекшеліктерінің 

бірі 


ретінде 

қабылдап, 

жан-жақты 

кемелденген  тұлғаның  тамаша  қасиеттерінің  бірегейі  ретінде 

баулығанын аңғаруға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет