Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



Pdf көрінісі
бет94/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124
Байланысты:
abuev

Литература:

1.Козыбаев  М.К.  Проблемы  методологии,  историографии 

и  источниковедения  Истории  Казахстана  (Избранные  труды).-

Алматы, 2006 . – 272 с.

2.  Плеханов  Г.В.  К  вопросу  о  роли  личности  в  истории  // 

Избранные философские произведения в 5 тт. Т. 2. М., 1956. -

С.300-334.

3. 


Кляшторный  С.Г. Султанов  Т.И.

Казахстан.  Летопись 

трех тысячелетий –Издательство Рауан,1992.

ТАРИХИ ӨЛЕҢДЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТРАГЕДИЯ ТАБИҒАТЫ 

Ахметжанова Ж.Б.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 

Қарағанды қ.

zhanar-ahmetzhan@mail.ru

Тақырыптық  жағынан  тарихи  өлеңдер  ерте  дәуірдің 

белгілерін  бойына  мол  сіңіріп,  түрлі  ел  тарихындағы  елеулі 

оқиғалардан 

мәліметтер 

береді. 

Айталық 


«Ақтабан 

шұбырынды,  Алқа  көл  сұлама...»,  «XIX  ғасырдағы  қозғалыс», 

1916  жылғы  туған  қиын  күндерді  танып  білу  қиын  емес. 

Сондықтан  да  болар,  профессор    Н.С.Смирнова  «Тек  нағыз 

шығармаларға  тән  негізгі  сипаттар  тарихи  өлеңдердің  ең 

кішігірім түрлерінде ғана сақталады» [1, 275-б.], - дейді. Бұның 

нақты  дәлелі  бізге  белгілі  тарихи  өлеңдер  екендігі  мәлім.  Бұл 

тұжырымның  бір  қисынын  –

1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтерілісіне  қатысты  туған  тарихи  өлеңдерден  іздеуді  жөн 

санадық.  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  қазақ  халқына 

орасан  зор  қиындықтарды  бастан  кешірген  кезең  болғандығы 

тарихи  еңбектерде  бағасы  берілген.  «Еңбекші  қазақтардың 

жері 


әсіресе 

көбірек 


тартылып 

алынып, 


патшаның 

чиновниктеріне,  офицерлеріне,  атты  казак  әскеріне  бөлініп 

берілді.  Тек  Жетісу  облысынан  1913-1915  жылдары  1800  мың 

десятина  жер  алынып  бөлініске  түсті,  соның  ішінде  Верный 

[Алматы]  қаласының  полицмейстері  Протиковке  10  мың 

десятина  жер  берілген».  «Патша  өкіметі  жергілікті  халықтың 

бұрыннан 

игерген  суару  системалары  бар  отырғызған 

ағаштарын,  салынған  үй,  қора-қопсылары  бар  жерлерін 

зорлықпен  тартып  алды».  «Осыдан  қоныс  аудару  фондысы 

296



жасалды.  Ал,  1916  жылғы  көтеріліс  қарсаңында  қазақ 

даласынан  алынған  жер  20  мил.  десятинадан  асты».  Бұған 

1916  жылғы  25  июньде  Орта  Азиядағы  байырғы  халықтардан 

майданның  қара  жұмысына  адам  алу  туралы  шығарған 

Николай  патшаның  бұйрығын  қосыңыз.  Онсыз  да  өз  құқығын 

қорғаудың  сандаған  азабын  бастан  кешірген  халықтың  ыза-

кегін,  күш-жігерін  тұтатуға  бұл  басты  себеп  болды.  Қарсылық 

білдірген  ереуілдер  мен  бас  көтерулер  әр  жерде  көрініп, 

ақырында  жалпы  халықтық  көтеріліске  ұласты.  Осы  тарихи 

жағдайлардың  көрінісі  тарихи  өлеңдерде  айрықша орын алды. 

Дәуір шындығын суырыпсалма ақындар барынша қамтып, әділ 

таразыға  салды.  Өмірдің  сандаған  ауыртпалықтары  мен  сын 

сағаттары  халық  поэзиясында  өз  өрнегін  тапты.  Сондай  бір 

кезең  –  ғасыр  шежіресіне  «Үйен  жарлығы»  боп  қарғыбаудай 

байланып,  бір  атаның  әулетінде  бір-бірімен  қырқыстырып 

қойған,  қынаптан  суырылған  қанжар  қараулық  бедерінде  жүзі 

қайырылып,  бірақ  бәрібір  аяққа  тапталар  ар-намысты  қорғап 

қалған, ізгілік үміт шырағын елдік ұлы жорыққа ұластырған жан 

қияр  перзенттерімен  ғана  мағыналы  сонау  он  алтыншы  жыл 

шырғалаңы.  Содан  бері  талай  ұрпақ  ауысып,  қазақтың  талай 

ұландары  өсті.  Бірақ  сол  бір  кезеңдегі  қазақтан  қара  жұмысқа 

он тоғыз бен отыз бір арасындағы қазақ жастарынан құлақ кесті 

құлдар 

даярлау 


туралы 

патша 


жарлығын 

ел 


қалай 

ұмытсын.Сар  даланың  сазы  мен  жетім-жесірдің  зарын 

жеткізген  жыр  толғаулар  соның  бір  белгісі,  сұрапыл  заманның 

жай-жапсарын  көз  алдыңа  алып  келтірерліктей  естелігімен 

қымбат. Мысалы:

Жаз күні, үйел айы он бесінде,

Күні ашық жарқыраған дәл бесінде

«Он тоғыз бен отыз бірді» алад деген

Шошыған суық хабар әлі есімде.

Сұрадық ағайын боп болысынан,

Сөз тартып қасындағы орысынан

«Бір айла қалуға аман себеп болар»,

Деп ойлап көп халықтың жорасынан

Болыс та өң бермеді түсі суық,

Маңынан барған жанды жатыр қуып.

Ақ үйден шығып жатыр көңілі суып.

Бүлінді елдің іші – улау-шулау,

Бұл істің түбі не?, - деп болды жылау.

Белдеуде бір-бір атты байлап қойдық,

Ақыры не болар деп, япырм-ау [2].

Иә,  бұл  ел  басына  түскен  күйзелістің  бір  ғана  сәті. 

297



Суырып салма ақындар Баттал, Жамбыл, Омар Шипин, Күдері, 

Ақмолда,  Иса  Дәркембайұлы,  Нармамбет,  Сәт,  Төлеу, 

Есқайыр,  Бөлтірік  т.б.  көптеген  ақындар  елдің  зары  мен  ашу-

ызасын  жеткізуге  тырысты.  Негізінен  1916  жылғы  оқиғаларға 

қатысты  туған  тарихи  өлеңдер  жоқтау,  қоштасу,  сәлем  түрінде 

айтылып, 

дәуірдің 

шындығын 

барынша 

әсерлі 


бере 

алатындығымен  ерекшеленбек.  Төмендегі  қоштасу  өлеңі  де 

сөзіміздің бір дәлелі іспетті.

Мысалы:    

Қаласың-ау, сорлы анам, сүйген жарым,

Күйдіреді ішімді от пен жалын.

Он тоғыз – отыз бірді жинап алып,

Мына патша кетірді-ау елдің сәнін.

Қайран елім,

Қалдың кейін,

Енді айналып келгенше

Кетер жайың ...

Қаласың-ау артымда, қайран елім,

Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.

Шыдай алмай патшаның қорлығына,

Көкіректе қайнайды қайғы-шерім [3].

Бұл  сол  тұстағы  халық  арасына  ән  болып  тарап  кеткен 

өлеңнің  бірі  десек,  мұндай  ел  жұртына  арналған  қоштасулар 

сол  дәуір  поэзиясына  тән  құбылыс  екендігін  байқаймыз. 

Суырып  салма  ақындардың  «Сарыарқамен  қоштасу»,  «Ел 

жұртымен  қоштасу»,  «Ауылдан  аттанғанда»  деп  аталатын 

туындылары ғалымдар тарапынан орынды аталып жүр. 

Тарихи  өмір  шындығын  елестетуі  тұрғысынан  бұл 

өлеңдердің  мән-мағынасы  қашанда  салмақты.  Жоғардағы 

аталған тарихи кезеңнің жай-жапсарын баяндайтын өлеңдер әр 

түрлі  болып  келеді  екен.  Бұл  орайда,  ең  алдымен,  көтеріліске 

қатысты  өлеңдерді  екшеп,  зерделеу  жұмысы  басты  орынға 

шығу  керек.  Екінші,  1916  жылға  қатысты  өлеңдер  тарихи 

уақиғалардың  дамуына  байланысты  әр  түрлі  жанрда  көрінеді 

екен.  Сонымен  қоса,  өлеңдердің  жасалу  формалары  көбіне 

қара  өлең  табиғатын  бойына  мол  сіңірген.  Бұл  орайда,  кезең 

тақырыбына қатысты зерттеулер жүргізген М.Жармұхамедовтің 

мына  пікірі орынды айтылған: «Сонымен 1916 жылғы көтеріліс 

поэзиясы бұрынғы ауыз әдебиетінің бай дәстүрлі негізінде туып 

дамыды.  Сондықтан  бұл  жырлар  өлеңдік  түр-құрылысы, 

суреттеу-көркемдік  тәсілі  жағынан  ауыз  әдебиетінің  қалыпты 

үлгісін  толық  сақтап  отырды.  Алайда  1916  жылғы  күрес 

поэзиясының  өзіне  тән  ерекшеліктері  мен  жаңалық  сипаттары 

298



да  мол,  бұл  мәселеге  айрықша  тоқталу  қажет»  [4:  24],  - деп 

жазған  еді.  Шындығына  жүгінсек,  1916  жылғы  ұлт  бостандығы 

жолындағы күресте көзі ашық, хат танитын адамдар да болған. 

Бірақ  халық  арасына  өлеңмен  жазылған  сәлем  хат,  қоштасу 

өлеңдері  тез  тарап,  келе-келе  олардың  авторлары  да  естен 

шыққан.  Бұл  жағдайларды  сол  көтерілістің  басында  болып, 

көсеміне  айналған  Аманкелді  және  Бекболаттардың  халыққа 

айтқан 


арнауларынан 

таныдық. 

Алайда, 

1916 


жылғы 

көтеріліске 

қатысты 

туған 


тарихи 

өлеңдердің 

негізгі 

қаһармандары  ретінде  Аманкелді  мен  Бекболат  халықтың 

ризашылығына  бөленіп,  олардың  өлең-жырына  арқау  болған. 

Кейіннен  шағын  өлеңдер  бірте-бірте  толысып,  көлемді 

эпикалық дастандарға айналған.

Сонымен,  қорыта  келгенде,  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтеріліске  қатысты  туған  тарихи  өлеңдерден  өткен  тарихтың 

ізін  танып,  халқымыздың  поэтикалық  ерекшеліктерінің  жаңа 

сарынға  бай,  сапалық  жағынан  жарқырай  көрінетін  тұсы  деп 

қарағанымыз  дұрыс  секілді.  Тарихи  өлең  мәселесінде  ең 

көбірек  қаралып,  зиялы  қауым  өкілдері  қызыға  зерттегені 

аталып  отырған  1916  жылғы  өлеңдер  екенін  аңғарамыз.  Бұл 

тұрғыда 

Е.Ысмайылов, 

Б.Кенжебаев, 

М.Жармұхамедов 

еңбектері қашанда өз мәнін жоғалтпайды. 

Біз  сөз  етіп  отырған  тарихи  өлеңдерде  көбіне  мұң  мен 

шер  басым,  сонымен  қоса  нақты  тарихи  оқиғаны  дәл  бере 

алатындығы  анық.  Олай болса, бұл өлеңдерді таза лирикалық 

дүние  деп  тұжырымдауға  болмайды.  Тарихи  өлеңдердің  тым 

көне  үлгілерінде  де  қоштасу,  аманат  өлеңдері  молынан 

ұшырысады.  XVIII-XIX  ғасырлардағы  оқиғаларға  қатысты  туған 

өлеңдерден  де  бұған  дәлел  жеткілікті.  Мәселеге  үңілсек, 

өлеңнің  негізгі  идеясын  ашатын  басты  ерекшелік  болған 

немесе  болып  жатқан  тарихи  жағдай  екендігін  түсінеміз.  Бұл 

тұрғыда  болгар  ғалымы  Ц.Бодоровтың  төмендегі  пікірінің 

қисыны  бар:  «Жанрдың  тұрақты  белгілері  әр  дәуірге  сәйкес 

өзгеріп,  көптеген  қосымша  сипат  қабылдайды.  Бірақ,  ол  сипат 

аса  маңызды  деп  танылмайды,  сондықтан  шығарманы  белгілі 

бір  жанрға  саралауда  оның  айтарлықтай  әсері  болмайды.  Сол 

себепті тарихтың әр тұсында бір шығарманың өзі әр түрлі жанр 

болып  есептелуі  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  басты  роль 

атқаратын  нәрсе  –  шығарма  табиғатының  қай  белгілері 

мәндірек  деп  саналуында»[1,  136-б.].  Осы  тұрғыдан  алғанда 

тарихи  өлеңдердің  ең  басты  белгісі,  өзекті  мәселесі  тарихи 

оқиға,  болған  немесе  болып  жатқан  оқиға  екенін  ескерсек,  біз 

біресе  эпикаға,  енді  бірде  лирикаға  жатқызып  жүрген  тарихи 

299



өлеңдеріміздің  негізгі  арқауы  тарихилық  болып  табылуы  тиіс. 

Салт-дәстүрге қатысты өлеңдердің дәстүрлі үлгілері поэзияның 

барлық 

түрлеріне 

қатысы 

барын 


ескерсек, 

жаңаша 


қалыптасып,  дамуына  өзек  болған  тарихи  өлеңнің  негізгі 

арқауында шын мәніндегі болған істің сыры мен сипаты жатыр.

Сондықтан тарихи өлеңді дәуір тудырған істермен өлшеп, 

заман  жағдайындағы  қиын-қыстау  кездегі  халықтың  арман-

тілегі, реніші мен қайғы-қасіретіне мән беру арқылы таразылау 

қажет.  Уақыт  көшіндегі  өмір  атты  ұлы  керуен  тарихы  әр 

халықта  әр  түрлі  аласапыран  дәуірлер  мен  кезеңдер  арқылы 

танылады.  Қазақ  халқы  үшін  халық  поэзиясы  өткен  өмірдің 

тарихы іспеттес. 

Қазақ  халқының  жеке  ел  болуы,  тәуелсіздік  үшін  күресі 

сандаған  ғасырлар  бойы  жалғасып  келгендігін  көрсете  алатын 

тарихи  өлеңдер  екендігіне  әбден  көз  жеткізуге  болады.  Өзінің 

дербес  хандық  құрған  ХV  ғасырдан  бастап    қазақ  халқының 

басына  қара  бұлт  үйіріліп,  қиын-қыстау  кезеңдер  туғандығын 

тарих анықтап келеді.

Тарихқа  жүгінсек  ел  басына  қауіп  төнген  ірілі-ұсақты 

тосын  шабуыл,  сұрапыл  шапқыншылық,  түрлі  қақтығыстар 

саны  300-ден  асып  кетеді  екен.  Оның  бәрі  айтуға  оңай 

болғанмен,  өткен  өмірдің  өкініші  мен  күйініші  екендігі  шындық. 

Дәл  сол  дәуірлер  мен  кезеңдердің  елесі  мен  дерегін,  жалпы 

халықтың  психологиясын  болмысына  сіңірген  тарихи  өлеңдер 

болатын.


Халықтың басынан бақ тайып, түрлі қатерге тап келгенде, 

елі  мен  жұртының  назасы  ең  алдымен  суырып  салма  өнер 

өкілдерінің  шығармашылығына арқау болды. Жалпы халықтың 

мұңды әніне айналды.

Қазақ  халқының  басынан  кешкен  ірілі-ұсақты  оқиғалар 

көптігі  бүгінгі  таңда  жан-жақты  бағасын  ала  бастады.  Міне, 

соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген 

ашу-ыза, 

көңіл-күйі 

шағын 


тарихи 

өлеңдерде 

сәулесін 

қалдырған.  Айтылу  барысында  тарихи  өлеңдегі  арман-тілек, 

мақсат-мүдде  бірте-бірте  өсіп-өркендеу  арқылы  көлемді 

эпикалық  жырлар  туғызуға  ықпал  еткен.  Оның  нақты  сыр-

сипатын  ашып,  поэтикалық  болмыс-бітімін  саралаудың  ең  бір 

күрделі  тақырып  бола  алатындығын  осыдан  аңғаруға  болады. 

Себебі  шағын  тарихи  өлеңдегі  түйін  елдің  тағдыр-талайы, 

бастан кешкен тар жол, тайғақ кешуі екені анық.

Сондықтан тарихи өлең табиғатын тану – қазақ халқының 

тарихын тану болмақ.

300





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет