ЖАС ҰРПАҚТЫ ӘСЕМДІККЕ, САЛАУАТТЫЛЫҚҚА
ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҒАРТУШЫЛАРЫ
ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ
305
Әліпбек А.З., Малдыбаева А.О.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,
Шымкент қ.
alipbek_ardak@mail.ru
XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ халқындағы рухани
жаңару
кезеңі
болып
табылады.
Бұл
кезеңде
қазақ
ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың
ғылыми және педагогикалық шығармаларында жас ұрпақтарды
әсемдікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге байланысты көптеген
құнды пікірлер қалдырды. Қазақтың тұңғыш этнограф-ғалымы –
Ш.Уәлиханов еңбектерінде халық шығармашылығын жинап
зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық талғам деңгейі
болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білу және
эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер
айтты.
Шоқан ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде эстетикалық
тәрбиенің таптырмас құралы – ертегілер жайлы құнды пікірлер
айтады. Ертегілердің мазмұнының бай екенін ескертеді, ондағы
батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген кейіпкерлерді көрсету
арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз моральдық
қасиеттерін ажырата білуге, әдемілікті сезіне, қабылдап-тани
білуге шақырады. Мұндағы ғалымның негізгі мақсаты –
болашақ ұрпаққа халықтың өткендегі өмірінің ақиқатын
толығырақ,
тереңірек
түсіндіруге
көмектесу,
көрнекті
адамдардың іс-әрекетімен таныстыру, мәдени мәнін ашып
көрсетуге бағытталғандығын көруімізге болады [1, 168-169 б].
Ыбырай Алтынсарин еңбектері жас жеткіншектерді
ауызекі шығармашылығын қадірлеуге, ондағы халықтың
басынан өткен килы-қилы тарихи кезеңдерге әділ баға бере
білуге үйретті және оны ерекше әсермен, жоғары эстетикалық
сезіммен қабылдауға баулыды. Оның «Қазақ хрестоматиясы»
атты еңбегі танымдық, адамгершілік, өнегелік және ақылгөйлік
сипатқа ғана емес, ол сондай-ақ, балалардың жоғары
эстетикалық талғамның жан-жақты қалыптасып дамуына,
әдемілікті
түсіне
білуге,
нағыз
сұлулықты
сыртқы
жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелейтін ықпалымен де
құнды.
Хрестоматияда
Ыбырай
халықтың
ауызекі
шығармашылығының негізгі салаларын (ертегі, эпос, шешендік
сөздер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, өлеңдер
т.б.) қамтиды. Мысалы, эпикалық туындылардан «Қобыланды
жырының үзіндісі «Қобыланды батыр мен Тайбурыл деген
атпен енгізілген. Мұнда Қобыландының Тайбурылмен алыс
306
сапарға аттануы өте әсерлі суреттеледі. «Жақсы атты
жанындай көретін, «ер қанаты ат» деп түсінетін қазақ баласы
үшін бұдан көркем жыр табу қиын. Осында елін, жерін жаудан
қорғайтып бар азамат ұлдың ер тұлғасы және оның жанына
серігі қазақ ұғымындағы бар жақсылық пен сұлулықты;
бойларынан мол таныта алады». Сондай-ақ, ол халықтың
қолөнеріндегі әдемілікті, әсемдікті өзі түсініп, қызықтаумен
шектелмей,
сол
кездің
өзін
өнерге
балаларды
да
ынталандыруға атсалысқан. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан
әдет-ғұрыптарды тезірек меңгертіп, оның құнды, пайдалы деген
жағын эстетикалық талғаммен қабылдатып, өмір қажетіне
шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен астасып
жатқандығын аңғаруымызға болады [2, 159 б.].
Абай Құнанбаев – қазақтың гуманист ақыны, демократ
ағартушысы. Оның айтуынша, салауатты өмірді бастайтын –
эстетикалық қасиет: сұлулық, әсемдік, тазалық, талғампаздық,
еңбекқорлық, әсем ой, имандылық т.б. адам бойындағы
осындай қасиеттерді жатқызады. Ал жаман қасиеттерге:
көріксіздік, салақтық, еріншектік, қанағатсыздық, имансыздық,
іштарлық, жиіркенішті қасиеттерін бөліп көрсетеді. Абайдың
салауаттылыққа,
талғампаздыққа
байланысты
осындай
көрсеткіші ақыл мен сұлулықтың өзара үйлесімділігін әрбір
адамның
санасына,
тәрбиесіне
пайдаланса,
болашақ
жеткіншектерімідің эстетикалық талғам мүдделеріне сай
келетіні негізгі күштердің салауатты өмір сүруге қажетті екеніне
көз жеткізуге болады. Абай сол дәуірдің өзінде кең тараған
эстетикалық
теориялардан
хабардар
болған,
көптеген
эстетикалық ұғымдар ұлы ақынға таныс болған. Абайдың
эстетикасын
келесі
тарауға
бөлуге
болады:
«жалпы
эстетикалық ұғымдар; табиғат эстетикасы; адамның әдемілік,
сұлулық қасиеттері, соның ішінде әйелдің көркемділігі; әдебиет
эстетикасы». Жеткіншектердің әсемдікке деген көзқарасын
қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан
бас құрап, еркеленіп шығар құз» деп ұлы ақынның өзі
айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ
ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан алуан
сезімдерімен
асып
музыка
үніндей
естіледі.
Мұндай
суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде
жарық» т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген. Абайдын
қара сөздері, өлендері мен әндері балалар мен жастарды
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі» ою-өрнектер тәрізді өзінің
көркемдігімен, бояуымен, қанықтылығымен кызықтырады,
әрқилы ойға жетелейді, әсемдік сезімге бөлейді, көңілін
307
сергітеді [3, 126 б.].
Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері
Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедов
өздерінің педагогикалық
шығармаларында
эстетикалық,
еңбек
тәрбиесі
туралы
идеяларын кеңінен уағыздап, салауаттылық туралы көптеген
мәдени деректер қалдырған. Мәселен, Ш.Құдайбердиевтің «Үш
анық» шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете
отырып, сұлулыққа, ынсаптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу,
ақыл мен сұлулық үйлесімділігін қалыптастыру сияқты
парасаттылыққа шақырды. Шәкәрім рух пен нәпсі, ақыл мен ой,
сұлулық пен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани
ілімді талдап берді. Адам өміріндегі мақсаты – өзін-өзі танып,
таза ақылына салып, ақ пен қараны (жақсы ой мен жаман
ойды) ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу,
рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты
қағидасы болды. Шәкәрім «адам өмірі – өзен десек, тіршілік
ешқашан да бір орында тұрмайды, алға ұмтылу, алға басу,
қозғалу өмірдің сүру талабы» - дей келе өз ойын былай
тұжырымдайды:
Жаратылыс басы – қозғалыс
Қозғауға керек қолғабыс,
Жанба мейлі, бір мәнде
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемді сол танытқан
Қозғалмаса көшпейді
Көшпеген нәрсе өспейді... – [4, 158 б.].
Адам бойына жан тазалығы мен тән тазалығын
орнықтыру, салауатты өмір сүрудің басты негізі екендігін
А.Байтұрсыновтың
«тәні
саудың
–
жаны
сау»
еңбегі
оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде өзіндік орны
бар, дәлелді сипатталған мәні ерекше. Бұл шығармада ақын
тән саулығына керек нәрселерге:
- Тән өзіне керек нәрселерді мезгілімен тиісті күйінде,
керек мөлшері мен алып тұрады (ауа, тамақ, сусын т.б.)
- Ағзаның әр түрлі қызметін мезгілімен дұрыс басқарып,
дұрыс атқарып тұруы.
-Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у сиякты нәрселерден
тәнді қорғау.
Бұл үшін үш шартты орындау: біріншіден, дем алатын
ауа, жейтін тамақ, ішетін сусындардың жайын білу; екіншіден,
тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс т.б.
тәнге керек нәрселердің жайын білу; үшіншіден, тәнге зиян
308
келтіретін нәрселерден сақ бола білу – деп түсіндіреді [5, 210
б.].
Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде басты құндылықтар –
тәрбиенің нағыз, шын мақсатын адамның табиғаты мен адам
қоғамының тұрмысынан шығаруға болатындығына ерекше
назар аударды. Ол адам табиғатын сегіз қырлы, көп текті нәрсе
деп бөліп қарастырады: денені – сезімді зат; жанды – ойшыл,
қайраты бар зат; қарындастық, адамгершілік санасы бар зат;
әлеуметтік, мемлекеттік зат; шеберлік, суретшілік, талантты,
зеректілігі бар зат [6, 291-292 б.]. Х.Досмұхамедов –
педагогикалық және әдістемелік мәселелерді дамытумен
қатар, медициналық бағытта да алғаш рет ой-пікір білдірген
ғалымдардың бірі. Оның еңбектерінде салауаттылықтың негізгі,
қарапайым жолдары туралы, яғни адамның өзін-өзі күтудің,
тазалық
сақтаудың
жолдарын
үйретуге
шақырады.
Х.Досмұхамедов
сол
кездің
өзінде
салауатты
өмірге
тәрбиелеудің
басты
бағытының
негізін
«Оқушылардың
саулығын сақтау», «Адамның тән тіршілігі» еңбектерінде
салауатты өмір сүру үшін қажетті білімнің әліппесін үйретеді [7,
16 б.]. Осы еңбектердегі ақыл-кеңестер, ұстанған бағыт-
бағдарлар, айтылған шарттарды орындап тұрса, оқушылардың
салауатты өмір салтын құруға ықпалын тигізері сөзсіз.
Жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде өте құнды ой-
пікір қалдырған ағартушылардың бірі – Міржақып Дулатов.
Оның еңбектерінде денсаулық жайында, салауаттылықты
сақтау үшін қажетті қағидаларды, әсіресе, дененің саулығын
сақтау үшін маңызды шарттарды ұсынады (13 шарт). Дұрыс
өмір сүру үшін дене мүшелерінің саулығын сақтау үшін
«Құлағың ман болады», «Көзің аман болады», «Мұрның аман
болады», «Тыныстың амандығы үшін» деп беріліп, оның аман
болуы үшін не істеу керек екендігі көрсетілген ережелері мен
ұстанымдары
–
жас
жеткіншектерімізді
салауаттылыққа
тәрбиелейді [8, 352 б.].
XX-ғасырдың 20-шы жылдарында халқымыздың өнегелі
дәстүрлері негізінде терең білім мен тәрбие беру жайында ең
алғаш рет ой білдірген Мағжан Жұмабаев болатын. Ұлы ақын,
көрнекті ағартушы Мағжан Жұмабаев әр адамның сұлулық
сезімдері әр түрлі нәрседен оянады, біреулерде-музыкадан,
екіншілерінде – сұлу суреттен, үшіншілерінде – поэзиядан
дейді. Өнердің әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне
құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиенің міндеті – балада
өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын
дамытатын сезімдерін жетілдіру қажет екендігін айтады. Ол
309
өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала тәрбиесін төртке
бөледі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық жене құлықтық
тәрбиесі. Егер адам баласына осы 4 тәрбие тегіс берілсе, жан
көріністері мен дене көріністері арасында айырмашылық
қаншалықты өзге болғанымен берік байланысты болар еді.
Сонымен, қазақ халқы ғұламалары ой-пікірлерінің құндылығы –
салауатты өмір салтын эстетикамен байланыстырып, ұрпақ
тәрбиесі мәселесін дамытуында.
Ұлы педагог Мағжан Жұмабаевтың ой-пікірі әр ұлттың
болашағы баланың балалық шақтағы ақыл-ой, күш-қуаты тән
саулығына байланысты дамып жетіледі деген идеясымен
үндеседі. Жарық дүниеге келгеніңнен бастап «дене – жанның
қабы, қап берік болса, ішіндегі зат та; берік болмақ. Дене –
жанның құралы. Құрал мықты болса, денесі де, мықты
болады», - деген қағиданы басшылыққа ала отырып, сұлулық
адамның сезімдерін қалыптастырудағы ең маңызды рөл
атқаратындығын айта келе жаны да, тәні де cay адам нағыз
салауатты өмір сүре алады - дейді [9, 112 б]. Адам бойындағы
әсемдік, талғампаздық қасиеттері ғалымның «Гүлсімге», «Сен
сұлу» өлеңдері қазақ қыздары мен қазақ әйелдеріне арналады,
олардың сыртқы да ішкі де сұлулықтарын тәңірдей көтере
жырлайды. Бұл өлеңдерінде ол адамның жан-тән сұлулығын,
эстетикалық
талғамын,
таңдаулы
көркемдігін,
жарасымдылықты паш етеді. Мысалы, «Толған ай жүзің еді,
қара нәркес көзің еді, мап-майда мамық қардай мінсіз денең,
бейне бір бақшадағы жүзім еді», немесе: «Шашың-қара, денең-
ақ бұлт, жүзің – Ай тісің-меруерт, көзің, сәулем, құралай» деген
сияқты бұрынғы халық ұғымындағы сұлулықты бейнелейтін
теңеулерін кездестіруімізге болады [10, 25-27 б.]. Ғалымның
айтқан ой-пікірі бізге адам бойында салауаттылық болу үшін
жан мен тәннің үйлесімді дамуын қамтамасыз етуін және әйел
бойындағы әсемдікті, сұлулықты, жарасымдылықты оның өмір
салтының басты құндылығы деп түсіндіруге тырысады.
Жоғарыда қарастырған мәселелер бүгінгі күннің талабына
сай келіп, салауатты өмір салты қазақ халқында әр тарихи
кезеңде ерекше рөл атқарғаны айқын көрініп тұр. Салт-
дәстүрлер мен ойшыл-ғұламалардың еңбектерінде салауатты
өмір салты эстетикалық құндылықтармен байланыста болып
отыр. Әдемілік пен әсемдікке бейімделген тұлға жақсы өмір
сүргенге талпынатыны анық. Сондықтан сан ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салауаттты өмір салты
туралы ойлар бүгін де мәнін жоғалтпаған, ұлттық тәрбиеге негіз
болатындай құндылық. Сонымен қатар, бұл бағыттағы тәрбиені
310
тереңдету үшін басқа халықтарда қалыптасқан құнды идеялар
мен тәжірибелерге көңіл бөлуіміз қажет.
Жоғарыда қарастырылған ұлы ғұлама ағартушылардың
еңбектерінен, көзқарастарынан мынадай ой-түйіндеуге болады:
эстетикалық құндылықтар жеткіншектердің салауатты өмір
салтында жаман әдеттен аулақ болуына, көркем әдебиеттер
оқып, музыкалық шығармаларды тыңдап, өнер туындыларына
мән
беріп,
оның
жасалуы
шығармашылық,
шеберлік,
шыдамдылықтың нәтижелері екендігін сезінуінде, түсіне білуіне
негіз болады.
Эстетикалық
құндылықтардың
жеткіншектердің
салауаттылығын қалыптастырудағы ықпалын арттыру үшін
өнермен, әдебиетпен жете, жүйелі таныстыру өздерінің оқып,
тіптен
үзінділерін
суретке
айналдыру,
көркем
жанды
көріністерге жеткізу, өзі қатысу, өзі оқып салыстырулар жасау
олардың сезімі мен мұратын, арманы мен талғамын, қабілетін
шыңдап,
кез
келген
жұмыстарды
талғаммен,
сапалы,
шыдамдылықпен орындауға қалыптасып, өзін-өзі дамытуға
қажетті қасиеттерге ие болуы маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |