Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖЕКЕ



Pdf көрінісі
бет90/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124
Байланысты:
abuev

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖЕКЕ 

ТҰЛҒАНЫҢ РӨЛІ

» 

секциясы

Секция

«

РОЛЬ ЛИЧНОСТИ В ИСТОРИИ СТАНОВЛЕНИЯ КАЗАХСКОЙ 

ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

»

ПОТАНИН Г.Н. ҚАЗАҚ-ОРЫС МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ 

МЕН ҚЫЗМЕТТЕСТІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ

Абдрахманова С.А., Идрисов Р.А., Жапарова К.Г.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 

Көкшетау қ. 

аbdraxmanova_s@mail.ru

Григорий  Николаевич  Потанин  турасында  сөз  бастамас 

бұрын оның шыққан тегі, өскен ортасы туралы айта кету керек. 

Потаниндердің  әулетінің  Ертіс  өңіріне  орнығуы,  Ресей 

империясының  Ертіс  бойында  подполковник 

И.Д.  Бухгольц

тің 


1715 ж.

Ертістің оң жағалалауында  Ямышев тұзды көліне таяу 

жерде осы аттас бекініс іргесін қалау оқиғасынан бастау алады. 

1716 


ж.  Бухгольцтің  отряды  сәтсіздікке  ұшырағаннан  кейін, 

бекіністі  жоңғарлар  қиратқан  болатын.  Ресей  өзінің  бастапқы 

жоспарынан  бас  тартпай  1717  ж.  подполковник  Матигоровтың 

жаңа  отрядының  күшімен  Ямышев  қайта  қалпына  келтіріліп, 

273



Ступин  отряды  бекіністі  нығайту  жұмысын  жүргізген  соң,  

Ямышев  Батыс  Сібірдегі  орта  Ертістегі  орыс  үстемдігінің 

маңызды  тірегіне  айналды  [1:  55].  Осы  бекініске  әскери 

қызметке  бекітілген  Илья  өзінің шаруақорлығы мен пысықтығы 

арқасында  байып,  жылқы  өсіріп,  Ертіс  өңірінің  ықпалды 

адамдарының  бірі  ретінде  танылады.  Шекара  бойындағы 

қазақтармен тығыз байланыста болған Илья жаңа көршілермен 

бейбіт-қатар 

өмір  сүруге  тырысты.  Сондықтан  шекара 

бойындағы  орыс-қазақ  қатынастарына  қатысты  құжаттарда 

оның  есімі  жиі  кездеседі.  Потаниндер  отбасында  Абылай 

ханның  Ильяға  жазған  хаты  отбасылық  құнды  жәдігер  ретінде 

ұзақ  уақыт  сақталып  келді.  Г.Н.  Потаниннің  әкесі  Николай 

Ильич Сібір корпусының белгілі казак офицері, Баянауыл округі 

аға сұлтаны Шорман Күшіковке қызмет етіп, орыс-казак әскерін 

басқарған.  Кейін  Мұса  Шорманов  та  өзінің  қырдан  жазған, 

жинаған  материалдарын  осы  Николай  Ильичтің  баласы 

Г.Потанинге 

жіберіп 

тұрды. 


Г.Потаниннің 

Шормановтар 

әулетімен  қарым-қатынасы  ертеден  басталған  болатын. 

Николай  Ильич  Ресей  үкіметінің  жауапты  тапсырмаларын 

орындап,  Қоқан  елшілерінің  Петербор  қаласына  сапарында 

жолбасшы  қызметін  атқарды.  Кейін  әлдебір  себептерге 

байланысты  жала  жабылып,  Николай  Ильич  Потанин  барлық 

атақ-дәрежесінен  айрылып,  әкеден  қалған  байлығы  да  сот 

дауларында  құртылып,  тақыр  кедей  болып  қалады.  Николай 

Ильич  ұлы  Григорийді  өзінің  досы    бригада  командирі 

Эллизендер  отбасына  тәрбиеге  беруге  мәжбүр  болады.  

Г.Н.Потанин  кадет  корпусында  оқып  жүрген  кезінде  Ш. 

Уәлихановпен 

танысып, 

екеуі 

өмірлік 


досқа 

айналды. 

Г.Потаниннің    дүниетанымы  мен  тұлғасының  қалыптасуына 

өскен  ортасының  тәрбиесі,  жасынан  естіген  тарихи-аңыз  

әңгімелері,  Шоқанмен  достығы  орасан  зор  әсер  етті.  Олар 

Омбыда  «Палластың  саяхатын»,  «Н.  Рычковтың  күнделік 

жазбаларын»  қызыға  оқып,  болашақта  саяхатшы-ғалым 

болуды  бірге  армандап,  екеуі  де  осы  қиын  да  қызықты  жолға 

бірге  түсті  [2:  37].  Екеуі  де  Ресей  шығыстану  ғылымы 

тарихында елеулі орынға ие болып тарихта қалды. 

Кейінгі  ұрпаққа  Г.Н. Потанин  шығыстанушы-этнограф, 

энциклопедиялық болмыстағы ғалым ретінде танылды. Алайда 

Ресей  мен  Қазақстандағы    ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ. 

басындағы  рухани-саяси  ойдың  дамуына  зор  әсер  еткен  тұлға 

ретінде  әлі  күнге  дейін  шын  мәнісінде  толық  танылмай  келе 

жатқандығы  шындық.  Дегенмен  бұл  бағытта  ХХ  ғ.  соңғы 

ширегінде 

Қазақстанда, 

өткен 

ғасырдың 



тоқсаныншы 

274



жылдарынан 

бастап, 


көрші 

Ресейде 


өлке 

тарихына 

қызығушылықтың  қайта  жандануына  байланысты  жарты 

ғасырдан  астам  уақытын,  ғылыми  дарынымен  қайрат-жігерін 

Орталық 

Азия 


халықтарының 

бай 


рухани-материалдық 

мәдениетіне  арнаған  зерттеушінің  өмірі  мен  қызметіне,  бай 

ғылыми  мұрасына  ден  қойыла  бастады  [3:  289].  Әйгілі 

саяхатшы-ғалымның  өзі  мәңгілікке  жай  тапқан  Сібір  қаласы 

Томскіде,  томскілік  ғалым  профессорлар:  Топчий  А.Т., 

Кулемзин  В.М.,  Казаркина  А.П. сияқты Ресей ғалымдары оның 

мұраларын  жинап,  жаңадан    жариялау  жұмысын  бастады  [4: 

418]. Потанин тақырыбы ХХ ғ. 50-70 ші жж. қазақ тарихнамасы 

мен  әдебиеттану  ғылымында  негізінен  Ш.  Уәлихановтың 

шығармашылығы  мен  өміріне  және  қазақ  фольклористикасы 

қатысты 

мәселелерге 

байланысты 

қозғалып 

отырды. 

Шоқанның  өмірін  кеңестік  кезеңде  зерттеген  Сәбит  Мұқанов 

пен  Әлкей  Марғұланнан    [5:  9-79]  бастап,  Р.  Бербдібаевтың 

қазақ  фольклорына  арналған  зерттеу  мақалалары  мен  

Э.Масановтың 

 

Г.Н.Потанин 



еңбектерін 

қазақ 


этнографиясының  маңызды  дереккөзі  ретінде  қарастырған 

жекелеген    мақалаларды  санамағанда,    өткен  ғасырдың  80-ші 

жылдарына  дейін  осы  үдеріс  сақталып  келді  [6:  70-79]. 

Қазақстанда    Г.  Н.  Потанин  еңбектерін  іргелі  зерттеу 

жұмысының  бастамасы  ретінде  Ж.К.  Сиқымбаеваның  1985  ж. 

жарық 


көрген 

«Г.Н. 


Потаниннің 

еңбектеріндегі 

қазақ 

фольклорының 



мәселелері» 

(Проблемы 

казахской 

фольклористики  в трудах Г.Н. Потанина) атты монографиясын 

жатқызуға болады. ХХ ғ. 90-шы жж. бастап  ХХІ ғ. басында Г. Н. 

Потаниннің  тұлғасы  қазақстандық  тарихнамада    алаш 

қозғалысы  мен  олардың  саяси-  қоғамдық  көзқарастарының 

қайнар-бастаулары 

мәселесімен 

зерделеуге 

байланысты 

қайтадан  өзекті  тақырыптың  біріне  айналды.  Осы  ретте  М. 

Қойгелдиевтің  «Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры 

(ХVІІІ-ХХ  ғғ.).  Зерттеулер»  атты  еңбегі  белгілі [7:  400].  Онда 

алаштанушы М. Қойгелдиев Потаниннің қазақ халқына қатысты 

ой-арманын  Ә.Байтұрсыновтың  мақаласына  сүйене  отырып, 

былайша  сипаттайды:  «Белгілі  ғалым  Г.Н.Потаниннің  өмір 

жолы  және  ұстанған  бағыттарымен  таныстыруды  көздеген 

мақаласында  қазаққа  өнер  білім  басқа  жұртпен  бірге  теңдікке 

жету  үшін  керек  екенін  айтып:  «Қазақты  автономия  қылсақ 

Қараөткел-Алаштың 

ортасы, 


сонда 

университет 

салып 

қазақтың  ұлын,  қызын  оқытсақ  «Қозы  Көрпеш  Баян  сұлуды» 



шығарған,  Шоқан,  Абай,  Ахмет,  Міржақыпты  тапқан  қазақтың 

кім  екенін  Еуропа  білер  еді-ау  дейтін  пікірді  кезінде  Григорий 

275



Николаевич»  деп  жазған  еді  деген  деректі  келтіреді. 

Г.Н.Потаниннің  1917  ж.  Алашорданың  бірінші  съезіне  құрметті 

қонақ ретінде шақырылуында да  үлкен символикалық мән бар 

екені  шүбәсіз,  алаш  қайраткерлері  оны  өздерінің  рухани 

ұстазы, ақсақалы ретінде қадір тұтты. Г.Н.Потаниннің есімі мен 

қызметінің  кеңестік  дәуірде  онша-мұнша  әспеттелмеуі  оның 

саяси  ұстанымдарына  байланысты  болғандығын,  тіпті  бүгінгі 

Ресей зерттеушілері де оның «Сібірлік сепаратизмі» үшін оның 

тұлғасына  сақтықпен  қарайтындығы  айқын.  Ол  Ертіс  бойына 

келіп  қоныс  тепкен,  қазақпен  табан  тіресе  күрескен,  бірде 

соғысып, бірде бейбіт - қатар өмір сүрген маргинал жұрт орыс-

казактың,  соның  ішінде  оның  ең  алдыңғы  қатарлы  бөлігі  сібір 

демократиялық  қозғалысының  өкілі.  Г.Н.  Потанин  Сібір 

сепаратизімінің  белсенді  идеологы  бола  тұра,  қазақ  мәдениеті 

мен  рухына  терең  бойлаған  зерттеуші  ғалым  болу  арқылы 

қазақ  халқының  өзін-өзі  басқару,  жеке  ел  болу  құқын  таныған 

тұңғыш  орыс  азаматы.  Оның  өмірбаянын  зерттеуші  сібірлік 

орыс ғалымдары оған «Гражданин Сибири» деген құрметті есім 

берген.  Бүгінгі  ұрпақты  Г.Потанинің  қазақ  халқының  мәдени 

құндылықтарының,  халық  ретіндегі  қасиеттеріне  деген  риясыз 

сенімі  оны  қазақ  ұғымындағы  көп  жанашырлардың  бірі  емес, 

Асан-Қайғыдай  болашақты  болжағыштығы  таңдандырады. 

Бірақ  ұлы  жыраудан  оның  айырмашылығы  қазақ  халқының 

болашағына  оптимистік  болжам  жасады  және  ол  болжамдары 

қазақ халқының тарихы мен дамуындағы өзгешелікті өзінің ұзақ 

жылдардағы  ғылыми  шығармашылығы  арқасында,  ғалым 

ретінде  болашақты  нақты  зерделеп    көре  білуіне  сүйенді, 

сондықтан  оның  болжамдарының  таяу  тарихи  уақытта  жүзеге 

асуы  таңқалаларлық  жағдай  емес,  қайта    күтілуге  тиісті 

оқиғалар  болуымен  ерекшеленеді.  Г.Н.  Потанин  мен  алаш 

зиялылары  тақырыбына  алғашқы  іргелі  еңбек  жазған  қазақ 

зерттеушісі 

Ж.Т.Таңатарова 

болды. 


Бұл 

еңбекте 


Г.Н.Потаниннің 

қазақ 


зиялылары 

А.Байтұрсыновпен, 

Ә.Бөкейхановпен,  М.Дулатовпен,  Ә.Ермековпен,  Ж.Ақпаевпен 

т.б. алаштың азаматтарымен пікірлестігі, қызметтестігі  мұрағат 

деректерімен,  сол  кезде  шыққан    баспасөз  материалдарымен 

сараланып,  алаш  қозғалысының  жалпыресейлік,  еуропалық 

демократиялық  қозғалыстармен  өзектестігін,  тамырластығын 

ашқан  зерттеу,    Г.Н. Потанинді  қазақ қоғамына жаңа қырынан 

танытқан еңбек болғандығын айта кетуіміз қажет. Зерттеуші өз 

еңбегінде  мынандай  бір  тұжырым  жасаған:  «ХХ  ғ.  басындағы 

қазақ зиялыларының ғылыми дүниетанымының қалыптасуында 

Г.Н.  Потаниннің  де  елеулі  үлесі  болғанын  атап  кеткеніміз  жөн. 

276



Г.Н.Потанин  үшін  жергілікті  тұрғындар  арасынан  шыққан 

ғалымдардың  өз  мәдениетіне  деген  қызығушылығы  жақсы 

таныс  еді,  ол  «терең  ойлай  алатын  адам  өзін-өзі  тануға 

ұмтылады,  сол  арқылы  өз  халқына  деген  этникалық 

тамырластығын  ұғынып,  өткен  тарихына  деген  мақтанышы 

оянады»  деп  білген  еді  [8:  46].  Одан  әрі зертеуші өз еңбегінде  

Қазақ 

зиялыларының 



көшбасшысы 

Ә.Бөкейханов 

Г.Н. 

Потанинге  үлкен  алғыспен,  тамаша  жүрек  жылуымен  қараған. 



Оның  өмірбаянын  жаза  отырып,  оған  ғалым  ретінде  терең 

толғаныспен, шынайы сезіммен сипаттама берген деп жазады. 

Қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жарық  жұлдызы  болып 

танылған Ш. Уәлиханов сияқты Г.Н.Потанин де қазақ халқының 

арасынан білімді, зерделі азаматтардың қатарының көбейгенін 

қалады,  Шоқаннан  басталған  жаңа  рухани  жылғаның  үзілмей 

қайта кең арналы ағысты өзенге айнала бастағанын өз көзімен 

көріп  те  кетті,  большевизмнің  ызғар  лебінен  жақсылық  күте 

алмады, 

қайта 


бұрындары 

отаршылдық 

салдарынан 

болашағына  қауіп  төнген  халықтардың  ендігі  тағдырына  зор 

апат  болатынын  жан-  тәнімен  сезінді.  Г.Н.Потанин  шын 

мәнісінде  де  ұлы  гуманист  еді,  ол  Ресейдегі  «түземдік» 

халықтардың  соның  ішінде  қазақ  халқының  өз  тарихын,  тілін, 

дәстүрін  ұмытпай  сақтай  білгенін,  ол  халықтың  жоғарғы 

топтарында  өз  халқының  тарихына,  ауызша  әдеби  мұрасына 

қызығушылығын  үнемі  тудырып  отыру  қажет  деп  санады. 

Қазақтың 

рухани 


байлығы 

оның 


болашақта 

зайырлы, 

мәдениетті  халық  ретінде  орнығуының  берік  негізі  деп  санап, 

қазақ  халқы  туралы:  «Бұл  халық  өміршең-оптимист,  еті  тірі, 

дені  сау  халық,  қызықты,  ойын-  тойды  жақсы  көретін,  киім 

кигенде де ашық түрлі түстерді ұнататын, даңғой мақтангерлігі 

де  бар,  бұл  жөнінен  француздарға  ұқсайтын  халық.  Жалпы 

жаңалық  атаулыға  көне  Афиндіктер  тәрізді  жаңа  хабарларға 

жаны  құмар  халық.  Егерде  олардың  өздері  осы  рухани  мол 

мұрадан  теріс  айналмаса,  бұл  халықтың    табиғи  болмысында 

дамыған халық болуға жетерлік зор рухани күш пен қайрат тән» 

деп  сипаттаған  болатын  [9:  330,  332,  334].  Бұл  жерде 

Г.Н.Потаниннің  ой-тұжырымдарының  бүгінгі тәуелсіз Қазақстан 

үшін 


де 

өзектілігін 

аңғарамыз. 

Бүгінгідей 

діни-мәдени 

экспансияның  өрістеп  тұрған  заманында  Г.Н.Потанин  көтерген 

қазақ  қоғамының  мәселелері  ерекше  өткір  мәселеге  айналып 

отырғандығы бүгінгі замана шындығы. Ол өмірінің соңына дейін 

ғылыми  ізденіс  жолында  болды.  1913  ж.  Қарқаралы  уезіне 

сапар  жасағаннан  кейін,  «қырғыз  комиссиясының»  құрылуына 

қол  жеткізіп,  қазақ  және  орыс  тілінде  тарихи  ескерткіштерді 

277



қорғауға  арналып  жазылған  анкеталарды  дайындатты.  Бұл  іс 

тұңғыш  рет  қазақ  жеріндегі  тарихи  ескерткіштерді  мемлекет 

қорғауына  алудың  бастамасы  болатын.  Ғұлама  ғалым, 

шығыстанушы-этнограф, фольклорист, Қазақстан мен Ресейдің 

ХІХ-ХХ  ғғ.  ірі  қоғамдық-саяси  қайраткерінің  есімі  қазақ-орыс 

халықтарының  рухани-мәдени  тарихындағы  ерекше  феномен 

болып қала бермек.

Г. Потанин  есімімен Тянь-Шань тауындағы жота, Моңғол 

Алтайындағы  мұздық  аталған.  Г.  Потаниннің  заңғар  тұлғасын 

тану,  зерттеу  бүгінгі  күнде  өз  жалғасын  табуда.  2005  ж.  Г. 

Потаниннің  170  ж.  орай  Павлодар  облыстық  өлкетану 

мұражайы  мен  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінің 

ғалымдары 

бірлесіп 

оның 


таңдамалы 

шығармаларының  үш  томдығын  шығарды  және  халықаралық 

ғылыми  конференция  өткізілді.  Г.  Потанин  мұрасын  зерттеу 

мақсатында  павлодарлық  зерттеуші  ғалымдар  Омбының, 

Томскінің,  Мәскеудің  мұрағаттарын  зерттеп,  жаңа  деректерді 

ғылыми айналысқа енгізді. Г.Н Потанин екі елге де ортақ  тұлға, 

оның  ғылыми  және  рухани  мұрасы  Қазақстан  мен  Ресей  үшін 

ортақ  қазына.  Жиһангез  жерлес  ғалымға  бүгінгі  Тәуелсіз 

Қазақстанда    Павлодар  қаласында  бюст  ескерткіш  қойылған 

болса, 


Алматы, 

Павлодар, 

Көкшетау 

қалаларында 

Г. 

Потаниннің  құрметіне көшелер аталған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет