Абулкасова Д. Б. 2011жыл Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



бет50/115
Дата05.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13594
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115
Дәріс мақсаты: Тақырыпты түсіндіру.
Негізгі түсініктер:
1775 ж. Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауында орналасқан ағылшын колониясы тәуелсіздік үшін соғыс бастады. 8 жылға созылған бұл соғыс 1783 ж. Версаль келісімімен аяқталады. 1776 ж. 2 июльде Континентаралық Конгресс өз отырысында тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдап, Құрама Штаттардың тәуелсіздігін жариялады. Декларацияны Вирджинийлік жас заңгер, демократия бағытын нық ұстанған, тамаша литератор Томас Джефферсон құрастырды. Ол Декларацияның негізіне өзінікімен қоса, джон Адамстың, Бенджамин Франклиннің, Джордж Вашингтонның идеяларын қосты. Бұл әлемдегі демократялық еркіндікті көрсеткен тұнғыш құжат болды: халықтың заң алдында теңдігі, халық егемендігі және оның билікті өзгертуге құқылығы, әрбір азаматтың «өмір сүруге, еркіндікке, бақытқа ұмтылуына» табиғи құқылығы.
1778 ж. 6 ақпанда Б. Франклин Франциямен 2 маңызды мәселе жөнінде құжатқа қол қойды: сауда және одақ құру туралы. Бұл – американ дипломатиясының ірі жеңісі. Келісімнің баптарына сәйкес, Құрама Штаттар егемен және теңқұқылы елдер ретінде мойындалды. Франция олардың тәуелсіздігі жөнінде кепіл болуды өз міндетіне алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет