Абулкасова Д. Б. 2011жыл Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



бет52/115
Дата05.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13594
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115
Негізгі түсініктер:
18 ғасырдың басты оқиғасы болып Европаның халықаралық және саяси дамуына әсер еткен француз революциясы (1789-1794 ж.ж.) саналады. Оны интеллегенцияның алдыңғы бөлігі мен қарапайым халық қолдаған болатын, яғни революция буржуазияның жеңісімен аяқталып, олардың сыртқы саясаттағы билікке араласуына жағдай жасады. Олар ескі феодалдық-монархиялық күшті жоймай, халық теңдігі, еркіндігі, ағайындылығы сақталуын талап еткен ұран (лозуннг) тастады.
1793 ж. 24 июльде Ұлттық Конвент Францияның Конституциясының қабылдады. Бұл Конституция якобиншілдердің дипломатиясының қағидаларын анықтады. Бүкіл халықтың бостандық үшін күресі, тираниямен күресі жарияланып, жат жерлерді жаулап алу мәселесі талқыланды. Конституцияда: «Француз халқы – нағыз дос, еркін халықтың одақтасы» делінеді.
1794-1795 ж.ж. көптеген соғысқа қатысушы елдермен бейбіт келісімдер жасалды. 1794 ж. соңында Пруссиямен бейбіт келісім басталып, 1795 ж. 5 апрельде франко-прустік келісіммен аяқталды, ол бойынша екі жақ та өз тарапынан бейбіт келісім танытты.
Сондай-ақ 1795 ж. майда Голландиямен бейбіт келісім, 22 июльде Испаниямен бейбіт келісім жасалды.
Францияның диктаторы болған Б.Наполеон тарихта қолбасшылық қызметімен қоса, сонымен қатар дипломат ретінде танылды.
1814 ж. қыркүйек – 1815 ж. маусым аралығында Венада европалық мемлекеттердің конгресі өтіп, онда Европадағы бейбіт жағдайды қалпына келтіру мәселелері қаралады. 1815 ж. 26 қыркүйекте Парижде Қасиетті Одаққа қол қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет