Негізгі түсініктер: Ресейдің француз позициясын толық жақтауы нәтижесінде бейбітшілікпен аяқталған 1887 ж. франко-германдық соғыс дабылынан кейін франция үкіметі Петербургте Ресеймен әскери одақ құрудың мүмкінділігін іздестіре бастады. 1891 ж. шілдеде Кронштадқа достық ниетпен ресми түрде келген француз әскерін корабльдің эскадрасы «Марсельеза» әнімен қарсылап алды. Француз эскадрасы келмей тұрып мұнда одақ құру мәселесі қозғалған болатын. 1891 ж. тамызда Ресей француз үкіметімен ірі саяси шартқа қол қояды. Онда Үштік Одақтың ашық қайта жаңартылуы көрсетілді.
Ұзақ келіссөзден кейін 1912 ж. 13 наурызда осы елдер арасындағы достық туралы болгар-сербтік келісімдерге қол қойылды. 1912 ж. 12 маусымда Болгария мен Сербия арасында 2 елдің генералдық штабтарының келісімін толықтыратын конвенцияға қол қойылды. Осы келісімдермен бірге 1911 ж. күзінен Болгария мен Греция арасында келіссөз жүрді. Ол 1912 ж. 29 маусымдағы болгаро-гректік қорғаныс одағын құрумен аяқталды.
Болгария мен Черногория арасында 1912 ж. қыркүйекте Түркияға қарсы біріккен қозғалыс жөнінде тек ауызша келісім болды. Сондықтан Балқандағы демократиялық кластың әлсіздігі Балқан халқының экономикалық және саяси қабілетті одағының орнауына әкелді.