Дәріс мақсаты: Тақырыпты талдау.
Негізгі түсініктер: Орталық Еуропа елдеріндегі революциялар өте күрделі мәселелерді шешуге тиісті болды. Германия экономикасы жоғары дәрежеде дамыған индустриялды ел болды. Алайда мұнда буржуазиялық-демократиялық қайта құрулар аяқталмағандықтан, саяси жағынан артта қалушылық бар еді. Германияның саяси жағынан артта қалуы помещиктік (юнкерлік) жер иелігі мен монархияның сақталуынан көрінді.
Қараша революциясының басты қорытындысы және маңызы мрнархияның жойылуы, саяси және әлеуметтік салада демократиялық өзгерістердің іске асырылуы, республиканың құрылуы, Германияның соғыстан шығуы болды. Германиядағы революцияның ерекшелігі мемлекеттік құрылыстағы түбірлі өзгеріс бейбіт сипатта іске асуы еді. Бұл өзгерістерді іске асыруға социал-демократия жетекшілік жасады. Парламенттік күрес тәжірибесін едәуір меңгерген бұл партия демократиялық республика құру міндетін конституциялық-құқықтық қайта құрулар жолымен іске асыра алды. әрине, 1919 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықта коммунистер радикалды әрекет жасауға ұмтылып, кеңестік үкімет құру әрекетін жасап, бірқатар қантөгіс қақтығыстар болды. Алайда Германиядағы 1918-1919 ж.ж. революция демократиялық республика құрумен аяқталды.