Абулкасова Д. Б. 2011жыл Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



бет72/115
Дата05.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13594
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115
Дәріс мақсаты: Жүйенің маңызын талдау.
Негізгі түсініктер:
1918 ж. қаңтарда АҚШ президенті В.Вильсон өзінің «14 пунктінде» әлемді соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі принциптерін қабылдады, олардың ішіндегі бастылары:

    • Барлық келісім-шарттарды жою;

    • «ашық есік» және «тең мүмкіндіктер» американ доктриналарына сәйкес сауда және теңізде жүзу бостандықтарын қамтамасыз ету;

    • Отар елдердің тәуелсіздік алу құқығын мойындау;

    • Қарулануды шектеу;

    • әлемді қорғау үшін жаңа принциптер негізгі халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасының құрылуы;

Бұл принциптер АҚШ-тың ұлттық қызығушылығын, оның экономикадағы әлемдік жетекші ретінде жаңа ролін қамтамасыз етті, бірақ сонымен қатар біршама деңгейде либералды болды. Нақ осылар қандай тұрғыда болмасын бейбіт инициатива базасы қызметін атқарып, әлемді соғыстан кейін құру негізіне жатты.
27 елдің өкілдері қатысқан Париж бейбіт конференциясы өз жұмысын 1919 ж. 18 қаңтарда бастады. Шын мәнінде басты мәселелер Англия, Франция, АҚШ және Италия делегаттарының басшыларынан тұратын «төрттік кеңесте» шешілді. Бірақ түпкілікті шешім қабылдаудың жасырын құқығына АҚШ президенті В.Вильсон (1913-1921 ж.ж. демократтар партиясының жетекшісі, өзінің либералды көзқарасымен танымал), Англия премьер-министрі Д.Ллойдж-Джордж (1916-1922 ж.ж. либералдар партиясының жетекшісі, өзінің әлеуметтік реформизм саясаты негізін салушылардың бірі) және Франция премьер-министрі Ж.Клемансо (1917-1920 ж.ж. радикалдар жетекшісі, керемет шешен, өзінің ұлттық –патриоттық көзқарасымен танымал, 1870-1871 ж.ж. Франко-прустік соғыста Франция жеңілгендегі «реванш» идеясын ұстанушы) ие болды. Италья премьері В.Ормандоның мұндай келісімге келісуіне тура келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет