Дәрістің мазмұны:1.Жапонияда алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және ерте феодалдық қатынастардың қалыптасуы. 2.Тайка реформалары. 3. Аграрлық жүйе және оның ерекшеліктері.
№3 дәріс
Тақырып: I-X ғасырлардағы Корея.
Дәрістің мазмұны: Ежелгі Когуре, Силла, пэкче тайпалары. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен ерте феодалдық мемлекеттердің құрылуы. Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.
Негізгі түсініктер:
Деректерде Корей түбегінде бірнеше тайпалар мекендеген аудандар туралы мәліметтер сақталған.
Кореяның солтүстігінде: емэк, окчо, когуре тайпалары, ал оңтүстігінде: хан, немесе ван тайпалары мекендеген. Хан тайпаларының өзі 3-ке бөлінген: махан, чинхан, пенхан. Түбектің бұл тұрғындары негізінен үй жануарларын өсіріп, аңшылық пен балық аулаумен айналысқан. Бірақ ең басты шаруашылықтары егін шаруашылығы болды. Амнокон өзені бойындағы мекендеген когуре тайпалары қауым ішінен билікті өз қолына ұстаған бай адамдар бөлініп шықты. Когуре тайпаларында мемлекеттік ұйым ерте қалыптасты. Бұрын әскери көсем басқарған болса, енді ол мемлекеттің басшысына айналды. Когуре тайпаласында мемлекеттің қалыптасқан уақыты 4 ғ. аяғы мен 5 ғ. басы. Когуре үлкен территорияны қамтыған алып мемлекет болды. 5 ғ. аяғы мен 6 ғ. басында түбектің оңтүстік шығыс бөлігінен тайпалар арасында қауымдық қатынастардың дамуы нәтижесінде Силла мемлекеті құрылды. Оның негізі Саро қауымы болды. Ал Пэкче мемлекетінің қалыптасқан уақыты Силла мемлекетінің қалыптасуы уақытымен шамалас болатын. Осылайша Корея түбегінде Когуре, Силла, Пэкче деп аталатын 3 мемлекет қалыптасты.
Осы 3 мемлекет арасында Корея түбегін иемдену үшін өзара күрестер болып отырды. 245 ж. Солтүстік Вэй мемлекетінің әскері Когуре мемлекетіне басып кіріп, тонаушылық жүргізген. 4 ғ. Когуре мемлекеті солтүстік Қытайда Янь мемлекетінің негізін салушы Сяньбиициялармен ұзаққа созылған ауыр күрес жүргізді. Амноко өзені бойындағы Когуре мемлекетінің астанасы Хвандо бекінісін түгелдей қиратты.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Корей түбегінде алғашқы қандай мемелекеттер қалыптасты ?
Корей түбегінің солтүстігін қандай тайпаоар мекендеді ?
Силла мемлекетінің негізі қашан қаланды ?
Ұсынылатын әдебиеттер: З.Г.Лапина.История стран Азии и Африки в средние века.М.,1987г.
История стран Азии и Африки в средние века под.ред.З.Г. Лапина, М.С. Мейер., 1987
История Востока. А.С. Васильев. ч-1 М.,1998
№4 дәріс
Тақырып: 2-8 ғ.ғ. Қытай.
Дәріс мазмұны:
Хан мемлекетінің күйзелісі және ішкі соғыстар.
Қытай «үш патшалық тұсында»
Цзинь мемлекеті –Қытайдың уақытша біріктірлуі
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.
Негізгі түсініктер:
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Б.з.д. 206-б.з. 25 ж. Аралығында өмір сүрген хан әулетінің билігі жүрді. Хань әулетінің б.з.д. 206-220 ж.ж. билігі любань империяның басқару жаңа тәртіптерімен және бұйрық реформаларынан басталды. Ол ең алдымен Цинь кезіндегі казармалық тәртіпті жоюға әкелді. Осы мақсатта кең түрде амнистия жариялап тиісті мүліктермен үйлерін қайтарды. Шаруалардан алынатын салық көлемі 15 егіннің 30/1 үлесін қысқартты. Любань солдаттары 12 жылға дейін салықтан босатылды. 15-52 жылға дейін жан басы салығынан төлеуге т.б. реформалар барысында көптеген мемлекеттік және жеке құлдар ауыр жұмыстардан босатылды. Цинь империясынан кейін жаңа хань әулеті мемлекеттің басында болды. Еңбек массасы көтеріліске шығып, нәтижесінде любаньға астананы жаулап алып жоғарғы мемлекеттік билікті өзіне алды. Осының нәтижесінде халық көтерілісінен соң экономика саласына үлкен пайдасын әкелді. Хань әулетінің хан л\дары кезінде бай аристократия жер иеленушілер үлкен жер иеліктерін алды. Ауылдық қоғамды шаруаларды қанау нәтижесінде құлдар көбейе бастады. Кедейлікке ұшыраған шаруалар өздерінің балаларын құлдыққа сатып отырған. Ең үлкен көтеріліс ол “қызыл қас” болып табалады. Оның басында Фань Чунь болды.
Б.з.д. 256-206 ж.ж. аралығында Цинь династиясы өмір сүрді. Цинь князі Чжан Цинь династиясынан өзіне қалған княздіктерді бағындыра отырып, Қытайды өзінің ықпалына алды. Содан кейін б.з.д. 246-210 ж.ж. Цинь ши хуан ди деген титул енді. Оның басқарған жылдары Қытай бірігіп бір орталықтанған Қытай мемлекеті құрылып, мәселен 36 облыстарға бөлінді. Бірақ билік династияда болды, яғни шенеуніктердің арқасында мемлекетпен басқарылды.
Цинь ши хуан ди кезінде Қытай мемлекеті Манчжурия мен Монғолия территорияларын және Корея мен Үнді-Қытайға дейінгі шекарасына жетті. Солтүстік жақтан басқа көшпелі тайпалардан қорғану үшін Қытай қорғанының құрылысы ұлғайтылды. Соның нәтижесінде қорғану жүйесіне яғни Қытай мемлекетінің территориясын ұлғайып созылғандықтан оның ұзындығы 3000 км ге дейін жетті. Цинь ши хуан ди кезінде үлкен канал құрастырылып Цинь мен о біріктіріп Мэньси провинциясы құрылды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиеттер: З.Г.Лапина.История стран Азии и Африки в средние века.М.,1987г.
История стран Азии и Африки в средние века под.ред.З.Г. Лапина, М.С. Мейер., 1987
История Востока. А.С. Васильев. ч-1 М.,1998
История стран Зарубежного Востока в средние века под. ред: Ф.М.Ацамба,
Е.А.Беляева.М. 1957
История Востока. А.С. Васильев. М., 1998 .495бет.
Егемен Қазақстан газеті 2002. № 130 1-2беттер.
№5 дәріс
Тақырып: 8-13 ғ.ғ. Қытай.
Дәріс мазмұны:
Суй әулетінің Қытайды біріктіруі.
Тан мемлекетінің құрылуы мен дамуы.
Тан мемлекетіндегі жер қатынастарының дамуы.
Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.
Негізгі түсініктер:
1. 2-3 ғ. Хань империясы құлағаннан кейін Қытайда дәуірдің аусу кезеңі басталды. Бұл кезде ежелгі дәуір аяқталып, орта ғасыр кезеңі басталды. 1 кезең ерте феодалдық болды, мұнда 3 патшалыққа бөленді (220-280 ж.ж.). Бұл жергілікті мемлекет Вэй-солтүстік, Шу-орталық, У-оңтүстік. Бұлар бір –бірімен әскери диктатуралық билікке жақын болды. 2,5 ғ. Қытай солтүстік және оңтүстік болып 2-ге бөлінді.Оңтүстікте 5 ғ-ң 30 ж. Оңтүстік Сун империясы негізделді. Ал 5 ғ-ң 20 ж. Орталықтанған билікті нығайту басталды. 581 ж. Солтүстік мемлекетте көтеріліс болды. Ян Цзянь әскер басы императорды биліктен алшақтатып, мемлекеттің атын Суй деп атады. Суй мемлекетінде жер иеленушілік жоспарын Чжань Тянь оларды организациялық қоғам және билікті басқаруды қолына алды. Суй мемлекетінде әрбір жұмысшының жер алуға және белгілі мөлшерде салық төлеуге құқы болды.
2. 6-13ғ.ғ. бұл кезде Қытайда империялық тәртіп орнады. Елде саяси біргу орнады. Жоғарғы биліктің мінезі өзгерді. Орталықтанған басқару күшейді, шенді бюрократтық аппараттың маңызы өсті. Тан династиясының басқару кезінде (318-907 ж.ж.) Қытайлық классикалық елдегі империялық басқару болды. Елде әскери губерниялық билік орнады. Шаруалар соғысы 874-833 ж.ж. аралығында болды. Ең ұзақ күрес тибеттіктер, ұйғырлар және оңтүстік жағынан таңғұттармен болды. Оңтүстік Қытай мемлекеті Наньчжао болды. Бұның бәрі Тан мемлекетінің құрылуына әкелді. Династияның астанасы Кайфэн болды. Саяси картада солтүстік шығыс Қытайда Ляо мемлекеті пайда болды. 1038 ж. Сун империясының батыс жағы Тангут империясы болып жарияланды. 10-12 ғ.ғ. елдегі халықтың саны 80-100 млн. жетті. Тан мен Сун империясының жоспары басқа елдермен араласу арқылы елдердің биліктік басқаруымен бірдей болды.
3.7-12 ғ.ғ. аграрлық негіз жасалды. Жер қоры император иелігінде болды. Үлкен және орташа жеке жерлері ұсақ шаруашылықтар императордан жерді жалға алып отырды. Олар жер салығын төлеп және өкілінің 20% қосымша төлеп отырды. Кәсіпшілік салықты да төлеп отырды. Әр 3 жыл сайын салық төлеушілерге реестр өткізіліп отырды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиеттер: З.Г.Лапина.История стран Азии и Африки в средние века.М.,1987г.
Достарыңызбен бөлісу: |