Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Англо - саксондық мектептің басты идеясы.
Тақырып: ХХ ғ. І-жартысындағы тарихнама (1918-1945 жж.)
Дәріс мазмұны:
1. Француз тарихнамасы «Анналдар» мектебі.
2. Ұлыбритания, Германия тарихнамасы.
Дәріс мақсаты: ХХ ғ. І-жартысындағы Батыс Европа елдерінде қалыптасқан тарихи ойдың дамуы жөнінде кең мағлұмат беру.
Негізгі түсініктер:
2. 1918 ж. Ноябрь революциясы нәтижесінде Веймер буржуазиялық республикасы (1918-1933) құрылды.
Веймер республикасы дәуірінде реакцияшыл империалистік идеология – (болашақ фашизм) буржуазиялық диберализмге де, пролетарлық социализмге де қарсы шықты.
Бұрынғы «тарихилық» принцип жанданды, тарихты зерттеудің интуициялық принциптерін уағыздады. «Тарихилық» методология бойынша тарихи шындық дара, жеке нәрсе. Дара – бұл тек адам емес, ол мемлекет, ұлт, халық т.б.
Міне осылардың тарихын интуиция, сезім, арқылы түсінуге болады. Абстракциялық логикалық саралау қажет емес. Сөйтіп қалыптасқан тарихи түсініктерді қиратып ирроционалдық әдісті орнықтыруға ұмтылды.
Әрбір дара нәрсе өз жеке заңдылықтары негізінде дамиды. Жалпы заңдылықтар жоқ.
Сонымен қатар Шпенглер теориясы да қалыптасты. «Закат Европы» - Тарих дегеніміз белгілі бір мәдениеттің пісіп-жетілуі, дамуы, жойылуы. Әрбір мәдениет томаға-тұйық. Әрбір мәдениеттің биологиялық даму сияқты: балалық, жастық, толысқан, қартайған және өлген сатылары бар. Яғни, Шпенглер - әлемдік тарихтың жалпы заңдылықтарын жоққа шығарады-биологизм принципін ұсынады.
Герман тарихнамасында – либералдық ағым да болды. Көрнекті өкілі Франц Шнабель 1924 ж. «Введение в историю новейшею времени 1789-1919 гг.» еңбегі шықты. Және «ХІХ ғ. Германия тарихы» деген 4 томдық еңбегі жарық көрді. Шнабель-тарихтың экономикалық, діни жағына көңіл бөлді.
Мак Леман – либерал ағым өкілі, саяси, экономикалық тұрғыдан алғанда ХІХ ғ. Либералдық мектептің дәстүрлерін жалғастырды.
Файт Валентин (1885-1947) Берлиндегі жоғарғы сауда мектебіндегі профессор. «История Германскии революции 1848-1949» 2 томдық орасан зор тарихи деректер негізінде жазылған. Революция барысында бухази мемлекеттің демократиялық формаларын құруға ұмтылды.
Келесі либерал тарихшы Густав Майер (1871-1948) Берлин университетінің профессоры. Тарихшылар тобынан жұмысшы қозғалысын зерттегеннің бірі.
Социал-демократиялық тарихнама.
Бұлар жұмысшы қозғалысын мемлекет пен қоғаммен қосуға, кіріктіруге ұмтылды. Карл Каутский-реформизм теоретигі. «Материалистік тарихи көзқарас» деген еңбегінде (2 том 1927 ж.) мемлекет пен таптардың мәнін зерттейді. К. Каутский мемлекет қоғамның ішкі динамикасы негізінде емес, (өндіріс, тап күресі) –сыртқы факторлардың негізінде таптық мемлекетке ауысты. Бүгінгі буржуазиялық демократиялық күштер капиталистік қоғамның әлемдік-экономикалық қарама-қайшылығын шеше алады. Сөйтіп, капитализм социализмге бейбіт түрде ұласады.
Бұл идея тарихшы Генрих Кунов (1812-1936) еңбектерінде одан әрі жалғасын тапты.
1920 ж. Шыққан «Тарихтың, қоғамның, мемлекеттің Марк теориясы» деген еңбегінде Маркске дейінгі тарих пен мемлекет туралы философияны дамыта отырып, пролет дик-сы идеясын жоққа шығарады. Жалпы мемлекет керек- ол социализм рычагі болу керек, бірақ мемлекет дегенде буржуазиялық республикалық формадағы мемлекетті айтып отыр.
ІІ-Инт күйрегеннен кейін, Марк тарихнама жұм. табы тар, Октябрь революциясы тарихын зерттеуге кірісті. «Герман революциясының тарихы» деген коллекциялық еңбек шықты. Олар онпортунизм мен ревизионизммен күресті, Ноябрь революциясын социалистік революция деп түсіндірді.
Сонымен қатар фашистік тарихнама да қалыптасты. Өкілі Вальтер Франк (1905-1945) 1935ж. «Германияның жаңа тарихының Имперлік институты құрылды». Тарихи еңбектерде раес теориясы, ұлтшылдық, антисематизм идеялары уағыздалды.
Неміс тарихнамасының бірнеше бағыттарын атап өтуге болады.
І-Консервативтік бағыт.
Бұл бағыт тарихшылары мемлекеттің республикалық формасын мойындамайды, республикалық форма неміс халқының рухына сай емес. Демократия, парламентаризм бүгінгі таңдағы саяси қауіп дей келе, консерваторлар саяси биліктің авторитарлық формасын уағыздады.
Көрнекті өкілі Вернер Замбарт (1963-1941). «Неміс социализмі» деген еңбегінде неміс халқының өзіндік, ерекше даму жолы бар, индустриализация, капитализм ел менталитетіне сай емес, сондықтан ескі ұсақ меншік иелерінің қоғамын жандандыру керек, капитализм және бұл сатыға тән конкуренция қоғамды іштей жеп, шірітеді. Олай болса 150 жылдық тарихты өшіріп, ағартушылық абсолютизм дәуірінен қайта бастау керек.
Империя дәуірі неміс тарихын сәулелендірген атқан таң болатын деп қорытындылайды.
Екінші ірі өкілі Герхард Риттер (1888-1967) ХІХ-ХХ ғ. Ағылшын-Герман қатынастарын зерттеді.
Либералдық бағыт.
Идеялық, рухани көсемі Фридрих Мейнеке (1862-1954). «Тарихилықтың пайда болуы» деген еңбегінде тарихилық генезисі Европа тұрмысының рухани революциясы болды.
Идеалистік неміс тарихилық принциптің орнығуы адамзат рухының ең жоғарғы көрінісі болды. Неміс, француз, ағылшын ағартушыларының тарихилық туралы идеяларын талдай келе, ағартушылық пайымдау тарихи пайымдаумен ауысты. Сөйтіп, ағартушылық прагматизм мен рационализм тарихилық принциптерімен ауысты.
Франц Шнабель (1887-1966) ХІХ ғ. Германия тарихын зерттеді. Шнабель Германия тарихындағы әлеуметтік-экономикалық процесстерді, техника, мәдениет, дін тарихына ерекше көңіл бөледі. Германияның Пруссия басшылығымен бірігуі, Бисмарктің террорлық саясатының нәтижесі, жалпы бұндай бірігу үшін обьективті негіз болған жоқ.
Радикалды-демократиялық бағыт.
Радикалды-демократиялық бағыт тарихшылары 1918 ж. Ноябрь революциясы әкелген демократиялық тәртіпті одан әрі бекіту қажет. Марксиз идеясына ерекше ықылас білдіріп, оның теориялық-әдіснамалық принциптерін тарихи зерттеулерде қолданды.
Хедвиг Хинтце – ол реформациядан-Шар соғыса 1848-1849 ж. революция Веймер республикасы тарихын зерттеген, сол сияқты Ұлы революцияның тарихын зерттеуші.
Густав Майер (1871-1948) – неміс жұмысшы қозғалысының тарихын зерттеген. Ф. Энгель биографиясын жазды. Экарт Кер (1902-1933) – неміс қоғамының әлеуметтік структурасын (буржуазиялар, жериеленушілер, пролетариат) зерттеп, герман империасы неміс юнкерлері мен буржуазия мүддесін қорғаған мемлекет.
Социал-демократиялық бағыт.
К. Каутский және Артур Розенберг (1889-1943). 1920-1927 ж. КПГ мүшесі, партияның сол қанатының өкілі. Веймер республикасының тарихын зерттеді. Автор-1871 жылы империаның құрылуы неміс буржуазиясы мен прусс юнкерлерінің компромисінің нәтижесі, бұл бонапартистік режимді қажет етті, оны Бисмарк жүзеге асырды. Бисмарктен кейін Вилгельм ІІ бұл режимді сақтай алмады, империя күйреді.. І дүниежүзілік соғыстан кейін саяси билік өзінен-өзі социал-демократиялар қолына келіп түсті.
1918 ж. революция тарихына тоқтала келе, Розенберг революция барысында социал-демократтардың буржуазиялық партиялармен блокқа түсуі қателік болды. Ірі жериеленушілік пен өнеркәсіпті экспроприяциялау жолымен бұхараны көтере отырып социализмге өтуге болатын еді деп қорытындылайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Неміс тарихнамасының қанша бағытқа бөлінеді.
Ағылшын тарихнамасының басты белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Историография Истории нового времени стран Европы и Америки.А.В. Адо, И.С. Галкин,И.В. Григорьева. (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 1990ж.)
Историография Истории нового и новейшего времени стран Европы и Америки (под. Ред. И.П. Деменьтева-Москва., 2000ж.)
.
6.Семинар сабақтарының жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Семинар сабағының мазмұны
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1
|
Гуманистік тарихнама.
|
1. Гуманаистік тарихнама мектептері.
2. Батыс Европа гуманистік тарихнамасының өкілдері. Ж. Боден, Т.Мор, Ф.Бэкон, С. Франка.
|
1
|
1 -2 ,4 ,5 ,7 ,8 .
|
2
|
Ағылшын және неміс ағартушылық тарихнамасы.
|
1. Ағылшын Ағартушылық ойының негізгі белгілері.
2. Тарих ғылымы.
3. Неміс Ағартушылығының тарихи- филосовиялық ойы.
|
2
|
1 -2 ,4 ,5 ,7 8,11,13,20
37,40.
|
3
|
Орыс тарихи ойындағы рационалистік идея мен ағартушылық ағым.
|
Дворян тарихнамасындағы рационалистік идеялар.
Орыс тарихи ойындағы ревалюциялық ағымның қалыптасуы.
Дворян тарихнамасындағы рационалистік ағым.
Ағартушылық ағым және оның кезеңдері. А.И. Третьяков, Н.И.Новиков
Ревалюциялық ағымның қалыптасуы. Алғашқы ревалюционер А.Н.Радищев
|
3
|
1 -2 ,4 ,5 ,7 ,8,11,13, 22
|
4
|
Романтизм
|
1. Романтизм және оның белгілері.
Француз романтикалық тарихнамасының қалыптасуы.
Консервативтік мектеп.
Реставрация дәуіріндегі тарихшылардың либералдық мектебі.
Сын-утопиялық социализімнің тарихи идеялары.
ХІХ ғ. 30-40 жылдарындағы Батыс Европалық тарихнама.
Неміс романтизмі. Л. Ранке тарихи концепциясы.
|
4
|
4 ,5 ,7 ,8,11,13, 18,19,22
.
|
5
|
ХІХ ғ. І –жартысындағы Орыс тарихи ойы.
.
|
Орыс тарихнамасындағы дворяндық-монархиялық бағыт.
Ревалюциялық-демократиялық бағыт.
Ағартушылық тарихнамадағы либералдық бағыт .
Погодин және «Славянофильдер»
Ресейде «батысшылдар» ағымының пайда болуы.
|
5
|
5,10,15,17,22
|
6
|
Марксизмнің қалыптасуы. Позитивизм және ХІХғ. ІІ-жартысындағы тарих ғылымы.
|
Позитивизм идеясы және басты белгілері.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
К. Маркс және Ф. Энгельс тарихи көзқарастары.
|
6
|
6,7,8,16 , 13 , 19, 20 .
|
7
|
ХІХ ІІ жартысындағы Позитивизм.
|
Ағылшын позитивизмі.
Англиядағы қоғамдық ойдың дамуы. Ч.Дарвин., Г.Спенсер.
Тарих ғылымының дамуы
Француз тарихнамасына позитивизмнің енуі.
ХІХ ғ. 70-90ж.ж.позитивистік тарихнама
|
7
|
6,7,8,16 , 13 , 19, 20
|
8
|
Материалистік тарихнаманың қалыптасуы.
|
Социалистік утопизм идеясының дамуы.
Материалистік идеяның қалыптасуы.
К.Маркс , Ф.Энгельс тарихи көзқарастары, ревалюция тарихын зерттеулері.
|
8
|
6,7,8,16,13 15,14,16,1719, 20
|
9
|
Ресейдегі тарихнаманың дамуы.
|
1. 50-60 жж. революциялық-демократиялық тарихнама тарих ғылымының міндеттері туралы.
2.Жаңа дәуірдің либералдық тарихнамасы.
|
9
|
3,4,5,6,7,8,17, 19, 20
|
10
|
Италтядағы позитивизм.
|
1. Рисорджименто кезеңіндегі қоғамдық ой және тарихнама.
2. 1860 ж. кейінгі итальян тарихнамасының дамуының жалпы жағдайлары.
3. Италия позитивизмі және оның дағдарысы.
4. Марксистік тарихнаманың қалыптасуы
|
10
|
3,4,5, 6,7,8, 17 19, 20,21,22
|
11
|
1918-1945ж.ж. Француз тарихнамасы. Позитивистік тарихнама дағдарысы.
|
1. Позитивистік тарихнама және оның сыны.
2. «Анналдар мектебі».
3. Ұлы Француз ревалюцияның және ХІХ ғ. Буржуазиялық ревалюцияларың зерртелуі.
4. Отарлау саясатының тарихы.
5. Марксистік тарихнаманың қалыптасуы.
|
11
|
3,4,5,6,7,8, ,17, 19, 20,21,22
|
12
|
1918-1945ж.ж. Тарих ғылымы дамуы.
|
1. Ұлыбританияда тарих ғылымының дамуы, оның теориялық әдістемелік негізі.
2. А.Дж. Тойнби, Р.Каллнгвуд еңбектері.
3. 1918-1945 ж.ж. Германия тарихнамасының дамуы.
4. Консервативтік және солшыл либералды тарихнама.
|
12
|
1,2, 5, 6,7,8,11,12 ,17, 19, 20,21,22.
|
13
|
АҚШ тарих ғылымы және прогресивтік мектептің дамуы.
|
І дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарих ғылымы.
Либералды тарихты зерттеудегі реформистік және консервативтік бағыттар.
Коммонс мектебі.Жұмысшы қозғалыс тарихнамасы.
Солшыл радикалды және марксистік бағыттың дамуы.
|
13
|
3,4,5, 6,7,8,10,12 ,17, 19, 20,21,22
|
14
|
ХХғасыр тарихнамасы
|
1. ХХ ғ. І-жартысындағы Француз тарихнамасы «Анналдар» мектебі.
2. ХХ ғ. б. Ұлыбритания, Германия тарихнамасының ерекшелігі.
3. Орыс тарихнамасының дамуы және тарихты зерттеудің әдістемелік қиыншылықтары.
4. Орыс тарихнамасында Ұлыбритания, Германия, Италиян және басқа батыс елдерінің тарихын зерттеулері.
|
14
|
3,4,5, 6,7,8,10,12 ,17, 19, 20,21,22
23.
|
15
|
ХХғ. ІІ жартысындағы Батыс Европа тарихнамасының дамуы.
|
Француз тарихнамасы «Жаңа тарихи ой»
«Анналдар» бағыты. Ф. Бродель.және экономикалық, әлеуметтік тарихтың зерттелуі.
Ұлыбритания тарихнамасы. Саяси және экономикалық тарих.
Германия Федеративтік Республикасының тарих ғылымының басты бағыттары.
50 ж.ж. консерватизмнің дамуы және оның өкілдері.
6. Герман тарихнамасындағы әлеуметтік тарихқа бет-бұрыс.
|
15
|
3,4,5, 6,7,8,10,12 ,17, 19, 20,21,22
|
7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
В) Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Семинарлық сабақтардың негізгі мақсаты-студенттердің теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету және практика жүзінде оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.
1.1. Ұйымдастырушылық жұмыстарына қойылатын талаптар:
- семинар сабақтарының мамандық бойынша құрылған оқу жоспарына сәйкес келуі;
- пәннің типтік және оқу бағдарламасының, сабақ кестесінің болуы;
- семинар сабақтарының дәріс сабақтарымен, бақылау жұмыстарымен және басқа да пән бойынша өткізілетін оқу сабақтарының түрлерімен сәйкестігі;
- техникалық құралдарды кеңінен қолдану;
- университеттегі кітапханалардың әдебиеттермен қамтылу жағдайын ескере отырып, семинарларға әдебиеттер беру;
- семинар сабақтарына студенттердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру;
1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:
-семинар сабақтарының мазмұнының пәннің негізгі бөлімдерін қамтыған оқу бағдарламасына сәйкес келуі;
- семинар сабақтарының пәннің оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету;
-сабақтарда студенттердің жаңа жағдайда білімді өз бетімен пайдалана алу қабілетін дамыту;
-алға қойылған міндеттерді шешу қабілетін дамыту.
1.3. Әдістемелік талаптар:
-дәріс курсымен және басқа да оқу сабақтарының түрлерімен логикалық байланысын қамтамасыз ету;
-студенттер мен оқытушының семинар сабағына дайындық;
-қайшылықты мәселелерді дұрыс талдау мен дұрыс емес жауаптарды түзету;
-курстың спецификалық ерекшелігі мен студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып студенттердің өз бетімен жұмыстануына оқытушының дифференцияцияланған басшылықты қамтамасыз ету.
1.Тақырыбы: Гуманистік тарихнама.
Мақсаты: Тақырыпты талдау.
Негізгі сұрақтар:
1. 1. Гуманаистік тарихнама мектептері.
2. Батыс Европа гуманистік тарихнамасының өкілдері. Ж. Боден, Т.Мор, Ф.Бэкон, С. Франка.
Әдістемелік нұсқаулар: Алғашқы сабақты ауызша сұрау.
2. Тақырыбы: Ағылшын буржуазиялық ревалюциясы кезеңдегі әлеуметтік-саяси жағдай және тарихи ой
Мақсаты: Ағылшын қоғамында қалыптасқан тарихи ойдың дамуын және оның негізгі бағыттарын талдау
Негізгі сұрақтар:
1. Тарихи ойдың дамуы
Ревалюция кезеңдегі қоғамдық ой
3. Дигерлік, индепенденттік саяси –тарихи көзқарастар
Әдістемелік нұсқаулар: топтау әдісі бойынша сұрау.
3. Тақырыбы: ХVІІІ ғ. ІІ жарытысындағы Орыс тарихнамасындағы қалыптасқан жаңа тарихи ағымдар.
Мақсаты: Тақырыпты талдау.
Негізгі сұрақтар:
1. Дворян тарихнамасындағы рационалистік ағым.
Ағартушылық ағым және оның кезеңдері. А.И. Третьяков, Н.И.Новиков
Ревалюциялық ағымның қалыптасуы. Алғашқы ревалюционер А.Н.Радищев
Әдістемелік нұсқаулар: Ауызша сұрау.
4.Тақырыбы: Романтизм
Мақсаты: Студенттердің дәрісте алған білімдерін одан жетілдіріу , тақырыпты жан-жақты талдау.
Негізгі сұрақтар:
Романтизм және оның белгілері.
Француз романтикалық тарихнамасы.
Неміс романтизмі. Л. Ранке тарихи концепциясы.
Әдістемелік нұсқаулар: топтау әдісі.
5.Тақырыбы: Англиядағы тори және виги тарихнамасы.
Мақсаты: Жалпы тақырып бойынша сұрақтары мен мазмұнына сай нақты мағлұматтар беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Ағылшын қоғамдық ойының дамуы.
Ағылшын тарихнамасының негізгі бағыттарының қалыптасуы.
Т.Карлейль мен Г.Оуэнннің ағылшын тарихнамасындағы ролі
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер негізгі мәселелерді топпен бөліп алып, оны талқыға ұсынады. Ортақ қорытынды шығарылуы керек.
6.Тақырыбы: «Ресей және Батыс мәселесі».
Мақсаты: Жалпы тақырып бойынша сұрақтары мен мазмұнына сай нақты мағлұматтар беру.
Негізгі сұрақтар:
1 . Погодин және «Славянофильдер»
2. Ресейде «батысшылдар» ағымының пайда болуы
3. Тарихнамадағы ревалюциялық-демократиялық, либералдық бағыттар.
Әдістемелік нұсқаулар: Пікір-сайыс ұйымдастыру.
7.Тақырыбы: ХІХ ІІ жартысындағы Позитивизм.
Мақсаты: Жалпы тақырып бойынша сұрақтары мен мазмұнына сай нақты мағлұматтар беру.
Негізгі сұрақтар:
Ағылшын позитивизмі.
Англиядағы қоғамдық ойдың дамуы. Ч.Дарвин., Г.Спенсер.
Тарих ғылымының дамуы
Француз тарихнамасына позитивизмнің енуі.
ХІХ ғ. 70-90ж.ж.позитивистік тарихнама
Әдістемелік нұсқаулар: топтау әдісі бойынша сабақ сұрау.
Тақырыбы: Материалистік тарихнаманың қалыптасуы.
Мақсаты: Тақырыпты талдау.
Негізгі сұрақтар:
Социалистік утопизм идеясының дамуы.
Материалистік идеяның қалыптасуы.
К.Маркс , Ф.Энгельс тарихи көзқарастары, ревалюция тарихын зерттеулері.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер негізгі мәселелерді топпен бөліп алып, оны талқыға ұсынады. Ортақ қорытынды шығарылуы керек.
9.Тақырыбы: ХІХғ. ІІ жартысындағы АҚШ тарихнамасы.
Мақсаты: Тақырыпты талдау.
Негізгі сұрақтар
1861-1865ж.ж. Азамат соғыс тарихнамасы.оның бағыттары.
ХІХғ.АҚШ тарихы ғалымның дамуы.
3. Г. Адамстың мәдени және дипломатиялық тарихы Әдістемелік нұсқаулар: Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер негізгі мәселелерді топпен бөліп алып, оны талқыға ұсынады. Ортақ қорытынды шығарылуы керек.
.
10.Тақырыбы: Италтядағы позитивизм.
Мақсаты: Жалпы тақырып бойынша сұрақтары мен мазмұнына сай нақты мағлұматтар беру.
Негізгі сұрақтар:
Италияның бірігунен кейінгі тарихнаманың дамуы.
Италия позитивизмі және оның дағдарысы.
Марксистік тарихнаманың қалыптасуы
Әдістемелік нұсқаулар: ауызша-жауап, қарапайым сұрақ-жауап формасында пікір алмасуды жұзеге асыру.
11. .Тақырыбы: 1918-1945ж.ж. Француз тарихнамасы. Позитивистік тарихнама дағдарысы.
Мақсаты: Жалпы тақырып бойынша сұрақтары мен мазмұнына сай нақты мағлұматтар беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Позитивистік тарихнама және оның сыны.
2. «Анналдар мектебі».
3. Ұлы Француз ревалюцияның және ХІХ ғ. Буржуазиялық ревалюцияларың зерртелуі.
4. Отарлау саясатының тарихы.
5. Марксистік тарихнаманың қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |