Абуталина Айнур Калиоллиевна



Дата01.06.2017
өлшемі36,14 Kb.
#17323
түріСабақ
Абуталина Айнур Калиоллиевна

Круглоозерный ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары


Пән: Әдебиеттік оқу 4-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Диқан баба

Мақсаты

Оқушыларға аңыздың шындықпен жанасуының, адами қасиеттердің бірі – қанағат екенін ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

А. Мәтінді оқып, түсінеді. Шығарманың қай түріне жататынын анықтайды.

Б. Диқан бабаның қылығын бағалап, аңыздағы адамдардың мінез- құлқын сипаттайды.

С. Аңыздағы негізгі ойды өмірмен байланыстыра отырып, пікір білдіре алады.


Керекті жабдықтар

Бидай, арпа, күріш суреттері, оқулық, флепчарт, фламастер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандсып, жұпқа бөлу. Сабаққа

дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» арқылы сұрау.

Бидай, арпа, күріш топтарына бөлу.


жұптарға бөлінеді.

Доп арқылы үй тапсырмасының сұрақтарына жауап береді.



Тұсау кесер


Қызығушылығын ояту.

-Топтарға неге бұлай бөліндік?

- Бұл дәнді дақылдар не үшін керек?

-Егер адамдар егін екпесе, еңбектенбесе ішіп- жеп рахат өмір сүруі мүмкін бе?

-Бірақ, балалар сонау ерте, ерте заманда, адам жаңа адам болып келе жатқанда ешкім егін екпей-ақ тағамдар көктен жауатын болған.

-Мұндай қызық «Диқан баба» атты аңызда айтылған.

Табыс критериін құру.


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, мұғаліммен біріге табыс критериін құрады.

Топбасшысын сайлайды.



Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді іштей оқу.

Сөздікпен жұмыс

Нантептілік- кесірлену, нанды рәсуә ету.

Мейманасы тасу- астамшылық жасау.

Кепиет сөз- кесір сөз

Есіркеу- жаны ашу

«Ойлан. Жұптас. Бөліс»

1 топ Мәтін мазмұны бойынша сурет салып, мәтінді аяқтау.

2 топ Мәтіндегі Диқан бабаның қылығын бағалап, адамдардың мінез- құлқын сипаттап, мәтін бойынша мақал- мәтелдер жазу.

3 топ Нанды қадірлемеуге байланысты балалар арасындағы оқиғалар құрастырып, суреттеу.

Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



Мәтінді іштей оқиды.

Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады.

Топпен берілген тапсырмаларды орындайды.

Әр топтан бір оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.

Әр топ критери арқылы бағалайды.



Қорытынды

«Ыстық орындық» әдісі

-Сонымен, аңыз дегеніміз не?

-3- сыныпта оқыған қандай аңыздарды, аңыз кейіпкерлерін білесіңдер?

-Адам молшылық кезінде неліктен ойланбайды?

-Суретте Диқан баба мен ел-жұрттың ішкі жан дүниесі қалай көрінеді?

-Қалай ойлайсыңдар, ел-жұрттың қиналуына не себеп болды?

-Диқан баба өзінің ренішін қалай білдірді?

-Халыққа кім көмекке келді?

-Ең басты қателік не?

-Ең басты жетіспей тұрған қандай адами қасиет болды?

- Мәтіндегі негізгі ой не?

-Осыған ұқсас жағдайлар бастарыңнан өтті ме?



Сабақтағы қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Мәтін бойынша өз ойларын білдіреді.

Топбасшысы тобын «бағалау парағы» арқылы бағалайды.


Үйге тапсырма

1/Мазмұнын айту.

2/Эссе жазу.



.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет