Access деректер қорын құру. Бұл бөлімде біз жобалаудың негізгі принциптерін және мәліметтер қоймасын толтыру, кестелер арасындағы байланысты қоюды,олардың экспортын, импортын және қосылуын талқылаймыз.
Мәліметтер қоймасын жасау.Мәліметтер қоймасын жасау 2 сатыдан тұрады:МҚ жобалау және мәліметтерді енгізу.
ACCESS-ті іске қосқаннан кейін экранда қосымшаның терезесі пайда болады,оның меню жолында менюдің екі атауы бар:файл және анықтама. Жобалауда Файл нұсқауы ішінен, Жасау ішкі нұсқауы қолданылады. Мәліметтер Қоймасының терезесі ашылады және Кесте түбіртегі белсендіріледі.
Терезенің жоғарғы жағында, тақырыптан кейін үш нұсқау батырмалары орналасқан:
Жасау-жаңа кестені жасауға мүмкіндік береді.
Ашу- кестедегі мәліметтерді қарап шығуға және редакциялауға мүмкіндік береді.
Құрастырушы-кестені қарап шығуға және анықтамаларын өзгертуге қолданылады.
Кестені жасау (жобалау) үшін Жасау батырмасын таңдау қажет.
Пайда болған диалогтық терезеде Сізге жұмыстың 2 нұсқасы ұсынылады:(« Мастер»)жүйелік үлгілерінде бар негізінде кестені жасау немесе айрықша құрылымды жаңа кестені жасау («Жаңа кесте»):
Мастер нұсқасын таңдаудағы жұмыс реті:
1. Мастер батырмасын таңдау.
2. Пайда болған диалогтық терезесінен, Сіздің кестеңіз соның негізінде құрылатын кестенің үлгісін таңдап алып, және қажет өрістерін анықтау керек. «Өрістер үлгілері (Образцы полей)» терезесінен қажет өрістерді мына >батырманы пайдаланып «Жаңа кестенің өрістері (Поля новой таблицы)» терезесіне апарасыз.Барлық өрістерді апару үшін мына >>батырманы қолданыңыз.
3.Өрістерді анықтағанан кейін (мысалы, Адрес, Фамилия Организация, Должность)Дайын батырмасын таңдау керек.Кестеге үлгінің аты меншіктеледі,және ол ат Мәліметтер қоймасының кестелері терезесіне жазылады.
4.Әрбір өрістің қасиеттерін сипатын өзгерту үшін Құрастырушы батырмасын таңдау керек.
Өрістерді нақты жазбалармен толтыру.
Мысалы.Бағаннан бағанға өту үшін ТАВ пернесін, ал кері бағытта +ТАВ қолдануға болады.
5.Файл нұсқауын және Кестені сақтауды қолданып кестені сақтау керек.
Жаңа кестен нұсқасын таңдағандағы жұмыс реті.
1.Жаңа Кесте батырмасын таңдау.
2.Диалоктық терезені толтырып және кестенің өрістерін анықтау керек.
«Өріс» бағасына өріс атаулары енгізіледі, в столбец «Мәлімнттер типі» бағанына-сәйкес мәліметтердің өрістер типі.Мәліметтердің типін және форматын беру үшін Мәліметтер типі тізімі қолданылады,кусорды Мәліметтер типі Өрісіне қойғанда пайда болатын.Мысалы.Фамилия-өрісі,Мәліметтер типі-Мәтіндік типін таңдау. «Өріс қасиеті» «Свойства поля» терезесінде мәліметтер форматын және басқа қажет қасиеттерін
3.Файл және Қалай сақтау нұсқасының көмегімен Кестені сақтау.
4.Түр-Кесте нұсқауларын пайдаланып кесте тәртібіне өту немесе Кесте тәртібі панеліндегі батырмаларды қолданып, мәліметтерді енгізуді бастау керек.
5.Кестені сақтау.
Кетелер арасындағы байланыс
Кестелерді бір бірімен байланыстыру үшін, Түзету менюіна кіріп және Мәліметтер Схемасын таңдау керек.Егер сіз бұрын соңды мәліметтер схемасын жасамасаңыз,онда экранда алдымен Кестені Қосу диалоктық терезесі пайда болады.Өзара байланыстырғыңыз келетін кестелерді немесе мәліметтер қоймасының сұраныстарын таңдаңыз.
Әрі қарай Сіз байланыстырғыңыз келетін кестелердің біріншісін таңдаап және Қосу «Добавить» батырмасын басыңыз.Сіз барлық Сіздің таңдаған кестелеріңіз бар Мәліметтер Схемасын терезесіне кіресіз.
Cіз байланыстыратын барлық өрістердің ақпараттары жалпы болу керек. Ол өрістердің атаулары бірдей болуы қажет емес, бірақ мәліметтер типімен және өрістерінің өлшемдері бірдей болуы өте қажет.
Кестелердің импортты және экспортты
Экспортты немесе импортты өткізу үшін Файл меніне кіріп және Импорт/Экспорты Келтіру (Настройка) нұсқауын таңдап алу керек.
Экранда, өрістерін толтыру қажет, сәйкес диалогтық терезеде пайда болады. Әрқарай кестелердің импорты үшін Файл менюіне кіріп Импорт нұсқауын таңдау қажет.
Кестелердің экспорты үшін Файл менюіне кіріп Экспорт нұсқауын таңдау қажет.
Сұраныстарды құру.
Қалыптастыру тәсілдері бойынша сұраныстарды екі түрге бөлуге болады:
-үлгі бойынша сұраныстар;
-құрастырылған сұраныстар.
Сұраныстардың негізгі типті- үлгі бойынша сұраныстар.
Үлгі бойынша сұраныстарды құру үшін мәлеметтер қоймасының терезесіндегі сұраныстар қосымшаларын таңдаңыз. Содан кейін Создать батырмасын басыңыз. Әрі қарай сұранысты өзбетімен немесе сұраныстар Мастерін қолдануға болады.
Сұраныстар Мастерін қолдану.
Сұраныстар Мастерін таңдағаннан кейін Сізге төрт сұраныстар Мастері беріледі:
–қиылыстың сұраныстары;
-қайталанатын жазбаларды іздеу;
-бағыныштылары жоқ жазбаларды іздеу;
-архивтеу.
Егер Сіз өз бетіңізбен сұраныс құрғыңыз келсе, онда Сізге Жаңа Сұраныс тәртібін таңдау керек. Экранда сұраныстарды құру терезесі пайда болады және бір уақытта Кестені Қосу диалогтық терезесі ашық тұрады.
Әрі қарай Сіздің сұраныстарыңызда пайдаланатын кестені таңдап алу керек. Ол үшін қажет кестелерді ерекшелеп және Қосу батырмасын басу қажет.
Құрастыру аймағындағы сұраныста Таңдау Шарты жолындағы ұяшығында шартты анықтау керек өріс үшін, тышқанмен шертіңіз. Содан кейін, сәйкес таңдау шарты үщін өрнекті енгізу керек. ACCESS берілген өрнекке талдау жасайды және синтаксисті жөндеуі мүмкін. Сіз бірнеше таңдау шартың бере аласыз. Бір өріс үшін бірнеше таңдау шартын анықтағанда Сіз «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ» операторларын қолдана аласыз.
Өрнектерді құрушы
Құрушы аймағында Таңдау Шарты жолындағы ұяшықты белсендіру керек. Әрі қарай құрал саймандар панеліндегі Құру (Постройть) (үш нүкте бейнеленген) батырмасын таңдап, өрнектерді құрушыны іске қосу керек немесе тышқанның оң жақ батырмасымен шақырылатын, жанама менюіндегі Құру нұсқауын таңдап алу керек. Сол жақ тізімнен, сұраныс соған негізделетін кестені таңдап алу керек. Оң жақ тізімде ерекшеленген кесте үшін өрістер орналасады. Өрнектер өрісіне сәйкес өрісті енгізу үшін өріс атау үстінен екі рет шерту қажет. Тізімге әкеліп қоюға болатын өрнектер үшінші тізімде көрсетілген.
Сұраныстағы мәліметтер жазбасын сұрыптау
Ол үшін құрушы аймағында Сұрыптау (Сортировка) ұяшығын белсендіру қажет.Содан кейін сұрыптау бағытын таңдау керек:Өсуі немесе Кемуі бойынша.
Сұраныс қалыптасқаннан кейін оны орындауға болады.Сұранысты тез орындау және таңдаманы алу үшін құрал саймандар панеліндегі – Орындау леп белгісімен белгіленген батырмасын қолданып – немесе Сұраныс менюіндегі сәйкес нұсқауын таңдау керек.