Зертханалық жұмыс №1 Жұмыстың тақырыбы



бет1/3
Дата15.10.2019
өлшемі381,16 Kb.
#49949
  1   2   3
Байланысты:
Зертханалық жұмыс№1
240920
Зертханалық жұмыс № 1
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Access-тің негізгі объектілері

Жұмыстың мақсаты:

1. Microsoft Office Access бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу;


Жұмыстың мазмұны:

Мәліметтер қоймасын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қоймасымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоймасы (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Әдетте МҚ қандай да бір тақырыппен, белгілі бір мәселені шешу үшін қолданылады.

Кесте – мәліметтер қоймасымен жұмыс істеуге арналған негізгі нысан, мәліметтер қоймасы. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.

Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол МҚ мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады.

Өріс – кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те мәліметтерді енгізбес брын өрістердің қасиеттерін сипаттап өту қажет.

Сұраныс – қолданушының керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу әдісі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Сұраныстардың бірнеше түрі бар.

Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.

Есеп беру (отчет) – мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.

Кілтті өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндері қолданылатын негізгі өріс. Ол өріс бірегей немесе жалғыз болуы керек.

Кілт (ключ) – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше кілтті өрістер.

Санағыш – кестедегі жазбаларды реттік номермен орналастыратын өріс қасиетінің сипаттамасы.

Жазбаны белгілеу аймағы – кесте жолын белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.

Өрісті белгілеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту арқылы сол өрісті түгел ерекшелеуге болады.

Конструктор – мәліметтер қоймасы нысандарының (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.

SQL – құрылымды сұраныстар тілі (structured query language). Көптеген программалық жабдықтардың стандартты болып табылады.

Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын қолданушымен сұхбаттасу (диалог) арқылы қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін шебер жұмысы бірнеше қадамдардан немесе кезендерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетті емес кезенді аттап өтуге болады. Программаға шебер мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.

Гиперсілтеме – белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер Аccess мәліметтер қоймасын Internet файлдарымен немесе басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданылады. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып ерекшеленіп тұрады.


Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Мәліметтер қоры деген не?

2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деген не?

3. Қандай мәліметтер қорын басқару жүйесін білесіздер?

4. MS Access 2007 негізгі қызметі?

5. MS Access 2007 нысаналары?



  1. Реляциялық мәліметтер қорына анықтама беріңіздер?


1-тапсырма. Microsoft Office Access 2007 бағдарламасының көмегімен топ студенттерінің мәліметтер қорын құру қажет. Кесте өрістері төменде берілген:

1. Код


2. Тегі

3. Аты


Нұсқау: Бастау=>Бағдарламалар=> Microsoft Office Access 2007 (Пуск=>Программы=>Microsoft Office Access 2007) әмірлер тізбегімен бағдарламаны ашу қажет:

1-сурет.
Осы ашылған терезеден мәліметтер қорының дайын шаблоны арқылы кесте құруға болады немесе Файл=>Құру=>Жаңа мәліметтер қоры (Файл=>Создать=>Новая база данных) әмірінің көмегімен өз қалауыңызша кесте құруға болады. Файл=>Құру (Файл=>Создать) әмірін орындап файлға ат беру керек, мысалы: студенттер.mdb. Файлға ат бергеннен кейін Құру (Создать) батырмасын басу қажет (16.2-сурет):



2-сурет. Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі

Кесте құрудың екі әдісі бар: кесте тәртібі және құрылымдаушы. Егер кесте тәртібі таңдалса басты беттегі Өріс және бағаналар (Поле и столбцы) терезесімен жұмыс істеу қажет. Егер кесте құрылымдаушы көмегімен құрылатын болса мәліметтер қоры кестесінің өрістерінің аты және түрі жазылады. Office Access 2007 бағдарламасын мәліметтер түрінің 11 түрі бар: мәтіндік, Мемо өрісі, сандық, күн/уақыт, ақшалық, есептеуіш, логикалық, OLE нысанасының өрісі, гиперсілтеме, ендіру және алмастыру шебері.

Студенттер туралы мәліметтер қорының өріс атауларын және түрін енгізу керек (16.3-сурет):


3-сурет. Конструктор режимінде кесте құру


Енді кестені толтыру қажет.

4-сурет. Кестені толтыру


Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың 3 тәсілі бар:

  • Автоформа.

  • Формалар шебері.

  • Қолдан құру.

Осы кесте негізінде форма құру үшін Создание мәзірінен Форма батырмасын басу жеткілікті:

5-сурет. Форма

Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.

Access – те сұраныс құруға арналған құрал ( ішкі программа ) да сұраныс деп аталады.

Сұранысты өрістерін сортталғантүрде дайындау және оның сандық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.

Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар:



  • Фильтрлеу.

  • Қарапайым сұраныс шебері.

  • Сұраныстар конструкторы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет