Логикалық өрістер Логикалық өрістер (Yes No) - мүмкін екі мәннің бірін қабылдайды (ақиқат/жалған; иә/жоқ; қосылған/қосылмаған, ұл/қыз). Формат поля жолы арқылы логикалық өріс арнайы форматты немесе ішкі үш мәндердің бірін қабылдайды: Истина/Ложь, Да/Нет немесе Вкл/Выкл.Мұндағы Истина, Да және Вкл логикалық True мәніне, ал Ложь, Нет және Выклмәндері логикалық False мәніне сәйкес келеді. Егер ішкі формат таңдалып, сонан соң логикалық мәннің бірін енгізсек, енгізілген мән ішкі форматқа сәйкес өзгереді. Мыс., егер біз True (немесе Вкл) мәнін енгізсек, ал Формат поляжолында оның ішкі форматында Да/Нет көрсетілсе, онда енгізілген мән бірден Да мәніне ауысып кетеді.
Арнайы логикалық формат нүктелі үтірмен (;) бөлінген үш компонентке дейін мән қабылдай алады.