Өрнектер, мыс., Access ортасына енгізілген мәліметтің дұрыс мәнді екендігін тексеру үшін пайдаланылатын формулалар.
Шебер (Мастер - Wizard) – белгілі бір есепті шығаруға немесе бекітілген типтегі объектіні жасауға арналған арнайы программа.
Макростар программалаусыз-ақ көптеген іс-әрекеттерді автоматтандыруға арналған мүмкіндіктер жиыны;
Access ортасына енгізілген VBA (Visual Basic for Applications) тілі - Microsoft Office ортасында қолану үшін арнайы жасалған Basic тілінің бір нұсқасы – тәжірибелі маманға мәліметтер өңдеудің күрделі процедураларын программалауға мүмкіндік береді. Формалар мен басылымдарды (отчет) қарап отырып, олардың ақырғы қағазға түсетін нәтижелік нұсқасының қандай болатынын білуге болады.
3. Мәліметтер базасы (МБ) -
информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.
Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер базасы реляциялықбаза болып саналады.