Ақшалық типтегі өрістер Ақшалық өріс сандық өріске ұқсайды. Одан айырмасы - ақшалық өріс үшін Формат поля өрісі автоматты түрде Денежный мәнін қабылдайды. Ал Число десятичных знаков жолы үтірден кейін екі таңба қабылдайды, бірақ оны өзгертуге де болады. Ақшалық типтегі сандармен - бүтін сандар үшін 15 таңбамен, бөлшек үшін 4 таңбамен арифметикалық операциялар орындай беруге болады. Бұл өріс ені 8 байт болып тағайындалған.
Санауыш (счетчик) типіндегі өрістер Санауыш типіндегі өрістер мәні автоматты түрде жаңа жазба енгізілген сайын бірге өзгеріп отыратын реттік нөмір болып табыла-ды. Олар қайталанбайды және өзгертілмейді, көбінесе кестелерді бір-бірімен байланыс-тыру үшін қажетті өріс болып табылады.