Accoucher-босанудағы көмек


Инструменталдық зерттеулер



бет21/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Инструменталдық зерттеулер:
Жатырды УДЗ ПОНРП диагнозын растауға көмектеседі (диагнозды 15% жағдайда растайды):
- локализация және плацента жағдайы;
- ұрықтың жағдайы (жүрек жиырылу жиілігі, ұрықтың қозғалыстық белсенділігі);
- УДЗ - диагностика.
Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Термометрия (әр 3 сағат сайын).
2. Іштегі нәрестенің жүрек соғысының жиілігі (әр 4 сағат сайын).
3. Қандағы лейкоциттердің санын және ЭТЖ-н анықтау (күніне 2 рет).
4. Қанның клиникалық анализі (әр 5 күн сайын).
5. Жыныс жолдарынан бөлінгеннің бактериологиялық зерттеулері.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Иммунологиялық зерттеулер (Т-лимфоциттерінің жалпы санын анықтау, С - реактивтік белок, және т.б. анықтау).
Лабораторлық зерттеулер:
- гемоглобин және гематокрит деңгейін анықтау;
- ұю жүйесі көрсеткіштерін, қанның ұю уақытында тромбоциттер санын зерттеу
- қан тобы мен Rh-факторды анықтау;
- зәрдің жалпы анализі.
Жатыр мойны өзегінен бөлінгеннен Streptococcus agalactiae, Chlamydia trachomatis, Ureaplasma urealyticum, Neisseria gonorrhoeae анықтау үшін, урогенитальдық инфекцияны жоқтығын анықтау үшін себінді алады.
Көпұрықты жүктілік. Әйел организмінде екі немесе одан да көп ұрықтың дамуын көпұрықты жүктілік деп атайды. Ұрықтың санына байланысты көп ұрықты жүктілікті егіз, үшем, төртем т.с.с. атайды. Екі немесе одан да көп ұрықпен босануды көпұрықты босану деп атайды. Көп нәрестелі жүктілік әйелдерде 0,5-2% жиілікте кездеседі.
Көп нәрестелі жүктілікте ұрық санына байланысты атайды. Егіздердің екі түрін ажыратады:

  • екі жұмыртқалы (дизиготалы)

  • біржұмыртқалы (монозиготалы).

Дизиготалы егіздерде әр эмбрионда өзінің плацентасы қалыптасады және әрқайсысы өзінің амниотикалық және хориальды қабықтарымен қоршалған.
Бір жұмыртқалы егіздерде бір ана без ұрықтанады. Бұл жердегі қалыптасатын плацента ана безінің бөліну уақытына байланысты, егер бөліну ұрықтанғаннан кейін алғашқы 3 күнде, яғни морула сатысында болса, онда екі эмбрион, екі амнион, екі хорион қалыптасады. Ұрықаралық перде, екі жұмыртқалы егіздердікіндей 4 қабаттан тұрады. Осындай бір жұмыртқалы егіздерді де дихориальды диамниотикалық егіздер деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет