Сүйектік қабықша Қаңқаны қүраушы сүйектер тобы, құрылысына қарай: сүйектік бөліктен, pars osseae, және шеміршектік бөліктен, pars cartilagines тұрады. Сүйектердің шеміршектік бөлігіне: буын бетінің шеміршектері, cartilagines articulares, үзын түтік тәрізді суйектердің эпифиздік ұшындағы шеміршектерден, cartilagines epiphysales, және қабырғалардың шеміршектерінен, cartilagines costales, тұрады. Сүйектердің сыртқы беті өте жұқа қан тамырларға және нервтерге бай сүйек тканді қабықшадан, periosteum тұрады.Сүйектік тканді қабықшасының терең қабаты орналасуына қарай, сыртқы беті дәнекер ткандардан, терең қабатты остеогендік қабаттан тұрады. Сыртқы талшықты дәнекер тканді қабаты, сүйектік ткандермен тығыз байланысып қоймай, қан тамырлар мен нервтерге өте бай қабат болып саналады. Бұл қабықшаның қан тамырлары сүйектің терең қабатына қарай сүйектік өзекшелер, canalis nutricius, арқылы өтіп, сүйектің кемікті бөлігімен өзара тығыз байланысқан. Сүйек қабықшасының остеогендік қабаты сүйек ткандерін құраушы остебласт клеткаларынан тұрады.Сүйектік қабықша, periosteum, сүйектің сыртқы бетін жауып, сүйектік ткандарды қоректендіру қызметін атқарып қоймай, сүйектің бетінде беткей орналасқан: өсінділерді, processus, қырқаларды, cristae, бұдырларды, tuberi, ойыстарды, fossae, шұңқыршаларды, foveae, т.б, жауып орналасады. Түтік тәрізді сүйектің қуысқа қараған беті жұқалау келігі, сүйек іштік қабықшамен көмкерілген.
Сүйек түрлері Сүйектер, сыртқы пішініне қарай: үзын, ossa longi, қысқа, ossa brevia, және жалпак, сүйектергe, ossa plana, бөлінеді. Сонымен қатар, сыртқы пішіні өзгеше сүйектер, ossa inangulareae, мен қатар терең қабаты ауамен толықтырылған немесе пневматикалық сүйектерде, ossa pneumatica, кездеседі. Үзын немесе түтік тәрізді сүйектерге: тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ жілік, алақан және саусақтыңсүйектері, ортанжілік, асықты жілік сүйегі және оның шыбығы жане табан, башпайдың сүйектері жатады. Түтік тәрізді немесе ұзын сүйектердің орталық бөлігі диафиз, diaphysis, және проксимальді, дистальді үштары немесе эпифиздері. epiphysisproximalis et distais, ажыратылады. Ұзын сүйектердің проксимальді ұшын эпифиздік ұшы, epipliysisproximalisдеп, ол қаңқаға жакын бөлігі, дистальді эпифиз epiphysis distais деп, ал біліктік қаңқадан алшақ орналасқан ұшын айтамыз. Бұл сүйектердің диасфизі мен эпифизі аралығында орналасқан бөлігін метафиз, metaphysis, деп аталынады.Ұзын сүйектерінің аралығындағы бөліктері балалар мен жасөспірімдерде эпифиз аралық шеміршектер, cartilago epiphysialis, арқылы бітіскен. Эпифизаралық шеміршектің негізгі қызметі, үзын сүйектердің бойлай өсуін қамтамасыз етеді. Даму сатысының кейінгі кезеңдерінде эпифиз аралық шеміршектер сүйектік ткандерге ұласуына байланысты, тек қана эпифиз ара- лық сызықшаны, linea epiphysialis, құрайды. Ересек адамдарда бұл сызықшалар сүйектік тканға айналуына байланысты мүлде байқалмайды. Түтіктәрізді үзын сүйектерді кесіп байқайтын болсақ, сыртында орналасқан тығыз затынан, substantia compacta, және терең қабаты кемікті затынан, substantia spongiosa, тұрады. Сүйектердің мүндай кемікті белігі эпифиз ма- йының қуысынан, cavitas medullaris, тұрады. Қысқа сүйсктердің сыртқы беті кемікті бөліктің табақшаларын жауып орналасқан, өте жұқа келген тығыз затынан, substantia compacta, тіс тәрізді өсіндісімен беттесіп, буын тістік буындық шұңқыршасы, fovea zentis, орналасқан Артқы доғасының, arcus posterior, сыртқы fari доғалдау келген, мұнда арқа есіндісі нашар дамып, жетілмегендіктен, артқы төмпешігі, tuberculumposterior, айқын байқалады.Бүйір бөліктері, massa lateralis, ол алдыңғы, доғаларына қарағанда қомақтылау болып келген. Мұнда: а) жоғарғы буын өсіндісі, бас сүйектің салағының әсерінен жалпайып, ауыз омыртқаның жоғарғы буындық бетін, facies articularis superior, құрайды. Қызметі: шүйде сүйегінің айдаршығы мен өзара беттесіп, шүйде ауыз омыртқалық буынды, art.atlantooccipitalis, құрайды. ә) төменгі буын өсіндісі, жоғарғы буын есіндісіне қарағанда аздап болса да сақталған, буын беттері жалпақтау болып, алға төмен қарап орналасқан. б) бұл омыртқаның қабырғалық және көлденең өсіндісі өзара бірігіп, көдденең өсіндінің тесігін де , foramen processus transversus, құрайды. II мойын омыртқа, біліктік немесе тіректік омыртқа, axisseu epistropheus, деп аталады. Бұл омыртқа бірінші мойын омыртқаға қарағанда, өзгешелеу болып келумен қатар, негізгі омыртқаларға ұқсастау болып келген.