Адам ағзасына әсер ететін факторлар



Дата13.12.2021
өлшемі96,5 Kb.
#100303
Байланысты:
Адам ағзасына әсер ететін факторлар


Адам ағзасына әсер ететін факторлар

           Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының  белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен  демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана  білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ – аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау – адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу – терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку – тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты – денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының  басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден – адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден – адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден – жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік  денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.

 «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу талаптары. 


ДСМ мемсанэпидқадағалау комитетінің Астана өаласы бойынша департаментінде Ұнды фортификациялау өзекті мәселелері мен шешу жолдары тақырыбына Дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Адамға әсер ететін физикалық факторлар компьютерлер мен бейнетерминалдар көздерімен жұмыс істеу талаптары 27 11 2012 ҚР Үкіметінің 1430 2011ж 01 12 санитарлық қағидалар бойынша білім беру ұйымдарында Дербес Компьютерлерімен, Планшетті Дербес Компьютерлерімен, ноутбуктермен және Бейнетерминалмен жұмыс істеуге арналған оқу сыныптарын цокольды қабаттарда орналастыруға жол берілмейді. Күш беретін кәбілдер, жоғары вольтты трансформаторлар технологиялық жабдықтар орналасқан жерлерге ДК және БТ бар жұмыс орындарын орналастыруға жол берілмейді. Электронды сәуле түтігі бұдан әрі ЭСТ базасындағы Дербес Компьютерлерін және бейнетерминалдарын пайдаланушылардың бір жұмыс орнының алаңы оның ішінде бос уақыт өткізетін объектілерде халыққа қызмет көрсету үшін қатарлап орналастыру кезінде кемінде 6 шаршы метр бұдан әрі 2м орталықта және периметр бойынша орналастырғанда 4 м. 2 БТ ны пайдалану кезінде тегіс дискреттік экрандар сұйық кристалл плазмалық базасында кез келген орналасу жағдайында 4 м 2 құрайды. Дербес компьютермен, Планшетті дербес компьютермен, ноутбуктермен және бейнетерминалмен жабдықталатын үй жайлардың ішкі көрінісін әрлеуге пайдаланылатын полимерлік материалдар санитариялық эпидемиологиялық сараптауға жатқызылады және жабық үй жайлардың ауасына зиянды химиялық заттарды бөлмеуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдарда үй жайларды әрлеу үшін ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайларды қатпарлы пластикті синтетикалық кілем жапқыштарын пайдалануға жол берілмейді. Компьютерлері мен ойын кешендері бар бір орындық үстелдерді екі үш қатар орналастыру кезінде үстелдердің бүйір беттерінің арасындағы әрбір қатардағы қашықтық кемінде 0 5 метр бұдан әрі бір қатар орналастыру кезінде бір бейнемонитор мен басқа экран бетінің аралығы арасындағы қашықтық кемінде 2м ойын автоматтарының бүйір беттері арасындағы қашықтық кемінде 0 2 м болады. 

Өндірістік орталардағы  қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен  жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану  кезіндегі  әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері  дамиды. Олардың айқындылығы шудың  параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс  ету стажына, жұмыс уақытындағы  шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі  бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті  және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы  заттардың, қолайсыз метеорологиялық  жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар  шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.         

Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек  эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете  бастайды. Адам құлағының акустикалық  тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.

Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің  тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың  алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы  тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.

Есту ағзасының  зақымдануының патогенезінде ОНЖ  маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған  патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш  түсумен негізделген.

Естудің төмендеуі  кейбір биохимиялық процестерге  негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын  гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин  қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа  және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.

Адекватты емес өзгерістердің  пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары  есту анализаторларының  анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер,  тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.


Денсаулық қауіп факторларын негіздейтін топтама.

Факторлардың денсаулыққа әсер ету сферасы.

Қауіп факторлардың топтары

Қауіп факторлардың үлестік салмағы %

Өмір салты

Темекі шегу, ішімдікті пайдалану,балансталмаған тамақтану, стресстік жағдайлар,зиянды еңбек жағдайлары,гипадинамия, жаман материалдық тұрмыстық жағдай,дәрі-дәрмектерді шамадан тыс қолдану, жанұялық жағдай,жалғыздық,төмен мәдениеттік және білім деңгей. Урбанизацияның жоғары деңгейі.

49-53

Адам генетикасы, биологиясы.

Тұқымқуалаушылық, дегенеративтік ауруларға бейім болу.

18-22

Қоршаған орта.

Судың, топырақтың,ауаның канцерогендік және т.б. зиянды заттармен ластануы. Атмосфера көрінісінің кенеттен ауысуы.  Радиациялық, магниттік және т.б. жғары сәулелену. 17-20




Денсаулық сақтау

Профилактикалық шаралардың әсерсіздігі медициналық көмектің  төмендеуі сапасы медициналық көмекті уақытында көрсетпеуі.

8-10

Медициналық ғылымның дамуы дәрігерді жаңа диагностика тәсілдерімен, емдеудің әсерлі заттарымен қамтамассыз етті. Осының барлығы бір уақытта дәрігерлер қызметінің жаңа ұйымдық формалардың өңдеуін талап етті.; Сонымен ғылымда басты орын алатын сұрақ болып барлық шаралардың тұрғын денсаулығына әсер етуін  оқу табылады. Бұл пән елдің қоғамдық әлеуметтік-экономикалық өмірінің маңызын ашады және тұрғындардың медициналық қызмет көрсетуін жетістіру жолдарын анықтайды.

Қоғамдық  денсаулық   және денсаулық сақтау туралы ғылымның екінші бөлімі денсаулық сақтауды басқарудың оптимальдік тәсілдерін, медициналық мекемелердің жұмысының жаңа формалары мен тәсілдерін, медициналық көмектің сапасын жақсарту жолдарын (ғылыми негізделген) өңдеу туралы.

Қоғамдық  денсаулықтың және денсаулық және денсаулық сақтауды зерттеудің өзіндік методологиясы мен тәсілі бар. Олар: статистикалық, тарихи, экономикалық , экспериментальдік, хронометражды зерттеулер, әлеуметтік әдістер т.б.

Статистикалық әдіс – көптеген зерттеулерде кеңінен қолданылады. Ол елді мекен денсаулығын және жұмыстың сапасын сонымен қатар әсерлілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тарихи әдіс. Әртүрлі тарихи даму кезеңдеріндегі оқылатын мәселені бақылап зерттеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық әдіс. Жергілікті халықтың денсаулығын, мемлекеттің құрамдық пайыздылығының өте тиімді жолдарын анықтауға, Экономикалық денсаулық сақтауға және денсаулық мемлекет экономикасына ықпал жасауына мүмкіндік береді.

Медициналық мекемелерде және денсаулық органдарындағы қаржылық қызметтерді талдау сұрақтары, ақша қорын орынды шығындау, жергілікті халықты сауықтыру жөнінде денсаулық сақтаудың нәтижелі әрекетінің бағасы, осы әрекеттің экономикадағы әсері – барлығы денсаулық сақтау төңірегіндегі экономикалық пәнді құрайды.

Экспериментті әдіс. Жаңа эксперимент іздеу нәтижесінде медициналық мекемелерде және денсаулықсақтау қызметтерінде жаңа жұмыс тәсілін, формасын қосып алады.Көптеген зерттеулердекөрсетілген тәсілді қолданумен жүретін кешенді әдістемені айрықша қолданатынын айта кету кереу. Егер амбулаторлық емханалардың деңгейін, жағдайын халыққа көмегін және оның толық жетілдіру жолдарыноқуды үйрену міндеттелсе, ол статистикалық әдіс жергілікті халықтың сырқаттанушылығын, оның емханаларға хабарласу жиілігінен үйретіледі,оның түрлі кезеңдегі динамикасы, деңгейі тарихи талданады.

Зерттеуде хронометраждық зерттеулер тәсілдері қолданылуы мүмкін (медициналық персонал, жұмыстың хронометражы,уақыт жұмсауды талдау және т.б.) Сирек әлеуметтік тәсілдер пайдаланылады.(сухбат алу, анкеталық әдіс), ол оқу обьектісі туралы халықтың пікірін алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі болып емдеу – профилактикалық мекемелердің есеп беру құжаттары табылады; тереңдете зерттеу үшін материал жасау арнайы өңделген карталарда жүргізіледі.

Әлеуметтік —  гигиеналық зерттеуде тұрғындар денсаулығы және қоғамдық денсаулық алдынғы жылдары денсаулықты сандық бағалау туралы болды. Шынында, көрсеткіштер, индекс және коэффициенттер көмегімен әрқашан ғылыми зерттеулерде өмір сапасын бағалауға тырысты. «Өмір сапасы» термині отандық ғылыми әдебиетте соңғы 10-15 жылда қолданыла бастады.

БДҰ (1999ж) анықтауы бойынша, өмір сапасы — өзіндік реализация және жақсылыққа жету үшін мүмкіншіліктер беріледі және олардың қажеттіліктері (физикалық, эмоциялық, әлеуметтік және т.б.) қалай қанағаттандырылады, тұрғындармен және жеке адамдармен қабылдау дәрежесі және оптимальдік жағдай.

Біздің елімізде өмір сапасы деп өмірлік қамтамасыздандырылу жағдайларын және денсаулық жағдайын түсінеді.

Әлемде жалпы қабылданған «Денсаулық сапасы» түсінігінің жоқтығына қарамастан «Өмір сапасы» түсінігінің маңызды құрамдасы болып табылатындықтан қоғамдық денсаулыққа кешенді баға беруге тырысады (сапалық және сандық).

Қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау оқыту пәні ретінде болашақ мамандарды (дәрігерлерді) дайындау сапасын жоғарылатуға әсерін тигізеді; оларда тек дұрыс диагноз қойып және дұрыс ем тағайындау дағдыларын ғана емес сонымен қатар, медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұйымдастыру қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Медицинаның әлеуметтік мәселелері атақты оқымыстыларды да қызықтырды – Гиппакрат, Авицена, Аристотель, Везалиий т.б.

Ресейде әлеуметтік медицинаның дамуына  М. В Ломоносов, Н. И Доброславин,  Ф. Ф Эрисман үлкен үлес қосты.

20 ғасырдың екінші жартысында   Ресейде алғы интелегенция, фабрика – зауыттық медицина өкілдерінің қоғамдық қозғалысының әсерінен, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы оқу пәне және ғылым негізі қалыптаса бастады. Қазан университетінде 19 ғасырдың 60 жылдарында проф. А. В. Петров студенттерге әлеуметтік гигиена және қоғамдық денсаулық бойынша дәріс оқыды. 19 ғасырдың аяғында Ресейдің көптеген университеттердің медицина факультеттерінде (Санкт-Петербург, Москва, Киев, Харьков т.б.) қоғамдық гигиена курстары оқылды. Сонымен қатар медициналық география және медициналық статистика. Бірақ бұл курстар эпизодикалық болды, жиі басқа пәндер құрамына кірді. Тек 1920 жылдан Германияда Берлин университетінде әлеуметтік гигиена кафедрасы ашылды. Бұл кафедраның оның негізін қалаушы неміс оқымыстысы социал-гигиенист проф. Альфред Гротьян басқарды. Осылай әлеуметтік гигиена ғылымы және өзіндік пән тарихы басталды. А. Гротьян кафедрасының соңынан Германия университетері және т.б. Еуропа елдерінде анологиялық кафедралар ашыла бастады. Олардың жетекшілері (А. Фишер, С. Нейман, Ф. Принцинг, Э. Ресле т.б.) ғылыми зерттеу жұмысын қоғамдық денсаулық және медициналық статистиканың маңызды мәселелерін өңдеуге бағыттады. әлеуметтік гигиненаның (Ресейде 1941 жылы осылай аталды) Кеңес билігі кезіндегі дамуы кеңес денсаулық сақтауының ірі ғалымдардың Н. А Семашко, З. П соловьева есімдерімен байланысты. Олардың қалаулары бойынша әлеуметтік гигиена кафедрасы ашылды.

Мұндай алғашқы кафедра 1922 жылы Н. А Семашко көмегімен 1 МГУ медициналық факультетінде ашылды. 1923 жылы З. П соловьева жетекшілігімен 11 МГУ да ашылды және А. Ф. Никитин прфессордың жетекшілігімен 1 Ленинград медицина институтында ашылды. 1929 жылға дейін мұндай кафедра барлық медициналық институтында ашылды.

1923 жылы әлеуметтік гигиенаның мемлекеттік институты ашылды, ол денсаулық сақтауды ұйымдастыру және әлеуметтік гигиена барлық кафедраларының ғылыми ұйымдастырушылық базасы болып кетті.

Социал – гигиенист оқымыстыларымен 20ғасырдың 1 жартысында ресейдегі санитарлық демографиялық процестерді оқу бойынша маңызды зерттеулер жүргізіледі. (А.М.Мерков, С.А. Томилин, П.М. Козлов, С.А. Новосельский, Л.С.Каминский және т.б.), тұрғындар денсаулығын оқудың жаңа тәсілдері өңделуде(П.А Кувшинников, Г.А. Баткис,). 30 жылдары Г.А. Баткис барлық медицина институттарының әлеуметтік гигиена кафедраларына оқу құралын шығарды.

ҰОС жылдары әлеуметтік гигиена кафедралары «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы» деп аталды. Бұл жылдары кафедраның бүкіл назары фронтты медициналық – санитарлық қамтамасыздандыру және тылда медициналық көмекті ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың өршулерін алдын-алу сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра жұмысы денсаулық сақтаумен қарым – қатынастарын нығайтуға арналды.

20 ғасырдың 2 жартысында ғылымның дамуына және оқытуға З.Г. Френкель, Б.Я. Смолевич, С.В. Курашев, Н.А.Виноградов, А.Ф.Серенко, С.Я.Фрейдлин, Ю.А. Добровольсвий, Ю.П.Лисицын, О.П.Щепин т.б. үлкен үлес қосты.

2000жылы кафедралар қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау деп аталды.

Отандық денсаулық сақтаудың дамуының қазіргі сатысында оның шаруашылықтандыру және қаржыландырудың жаңа экономикалық механизмдерін, жаңа құқықтық қатынастарына енгізгенде медициналық сақтандыруға өтуде болашақ дәрігерден тәжірибелік ұйымдастырушылық  дағдыларды және теориялық білімнің көлемділігін талап етеді. Әр дәрігер жақсы ұйымдастырушы болу керек, оған тәуелді медициналық персонал жұмысын нақты ұйымдастыру керек, экономика және басқару элементтерін білу керек. Бұл тапсырманы орындауда маңызды роль қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау кафедралары атқарады.

Тұрғындардың денсаулығы және оны оқудың тәсілдері.

Денсаулық түсінігі, оны бағалау, әлеуметтік негізделуі.

Қазіргі әдебиеттерде «Денсаулық » түсінігінің 100 аса анықтамалары бар олар жиі келесі формулировкаларға сай келеді:

Денсаулық – аурулардың жоқтығы.

Денсаулық және норма – терең түсінік.

Денсаулық морфологиялық, психоэмоционалдық құраушылардың бірлігі ретінде.

Бұл түсініктер ортақ болып аурудан жақсы қарама-қарсылық ретінде түсіндіріледі, яғни «Денсаулық» түсінігі әлі күнге дейін «Дені сау емес» түсінігі арқылы түсіндіріледі. Сонымен, медицина және оның теориясы патология билігінде қалып отыр.

Қазіргі уақытта бұрыннан белгілі патология теориясымен қатар жаңа теория, денсаулық теориясы – санология – валеология дамуда.

Денсаулық ресурстары дегеніміз-  бұл ағзаның денсаулық балансын  қолайлы жағына қарай өзгертудегі морфофункциональдық жәнне психологиялық мүмкіндіктері. Денсаулық ресурстарын жоғарлату бүкіл Салауатты өмір   салтын сақтау шараларымен қамту болып табылады ( Тамақтану, физикалық жүктемелер, демалу және т.б.).

Денсаулық потенциалы дегеніміз- жеке адамның сыртқы  орта  әсерлеріне тұрақты үйрену мүмкіндіктерінің жиынтығы. Сыртқы орта реакцияларына тұрақтылық барлық жүйелердің   компенсаторлы — қабілеттілігіне  ( жүйке жүйесінің, эндокринді және   т.б.) және психиканың өзін-өзі реттеу механизміне негізделеді. (психологиялық қорғану және т.б.)

Денсаулық балансы дегеніміз – денсаулық потенциалы және оған әсер ететін факторлар арасындағы тепе- теңдік жағдайы.

Адам денсаулығы әртүрлі аспектілермен қарастырылады: әлеуметтік – биологиялық, әлеуметтік — саясаттық, экономикалық, моральды —  этикалық,  психофизиологиялық және т.б. Жалпы түрде денсаулықтың ауруларын анықтауға болмайды, тек адамдардың денсаулығын және ауруларын  бөліп қарастыру керек. Бұл адамға тек биологиялық, тірі организмге жақындасу емес, ол тіршілікке  био-психо-әлеуметтік түрде байланыс орнату болып табылады. Қазіргі адамдардың денсаулығы эволюция барысында  дамыған homo  sapiens түрінің нәтижесі болып табылады, бұл әлеуметтік факторлардың әсері осы түрге көбірек әсер еткенін көрсетеді. Олардың рөлі цивилизация дамуының барлық кезеңдеріне әсер етуі өсіп отырды.

Әдебиет :

 

Ю.П. Лисицин, Н.В.Полунина «Общественное здоровье и здравоохранение» М: Медицина, 2002 г. стр 353-357.



П. И. Вялков, Б.А. Райзберг, Ю.В.Шиленко

«Управление и экономика здравоохранением» учебное пособие для вузов.

М.: ГЭОТАР – мед, 2004 г. стр 8-93.

И.С. Случанко, Г.Ф. Церковный «Статистическая информация в управлении учреждениями здравоохранения» 2-е изд. М., Медицина, 1983.

Т.Ш. Шарманов «Долгое восхождение к праву на здоровье», Алматы, 1998.

А.М. Мерков, Поляков Л.Е. «Санитарная статистика», Л., Медицина, 1974

Актуальные проблемы социальной медицины и управления здравоохранением. // В сб.: Избранные лекции (под редакцией д.м.н. Кульжанова М.К.). – Алматы, 1994. – 175 с.

Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – Санкт-Петербург, Петрополис. – 2000. – 910 с.



Учебник «Социальная гигиена и организация здравоохранения». / Под ред. Лисицина Ю.П. — Казань, 1999.

Белицкая Е.Я. Проблемы социальной гигиены. —  М., 1970.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет