Адам ағзасындағы металдар
Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай, тарихта бүтіндей металл дәуірлеріні ң аты қалды.
Гоелогия мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVI ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды...егер металдар болмаса...адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді» - деп.
Сонымен қатар адам ағзасына металл қажет екенін біз мектеп курсынан білеміз.Бұл металдардың ағзаға тигізер пайдасы мен олардың кері әсері де болады. Организм тіршілігінде d элементтердің рөлі ерекше. Олардың көбі микроэлементтер болып табылады. Мысалы: мыс (Сu), мырыш ( Zn), кобальт
( Со), марганец (Мn), темір (Fe). Ал өсімдіктер мен жануарлардың организмдерінде олардың мөлшері болар болмас, бірақ олар тіршілікке қажет. Ал бұдан басқа нағыз сілтілік металдар мен сілтілік жер металдар да болады. Олар натрий(Na), литий(Li), калий(K) және кальций(Ca), магний (Mg).
Натрий ( Na) ағзаның өн бойына толық таралған; қан сарысуында, арқажұлын сұйықтығында, көз сұйығында, асқорыту сөлдерінде,өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида таралған.
Кері әсері. Na ионының ағзада көп мөлшерде болуы ас тұзын мол пайдалануға байланысты. Бұл су алмасуын бұзады, қанды қоюлатады, бүйрекке әсер етеді және зат алмасуға жүрек-тамыржүйесіне зиянды.
Мыс (Cu). Тірі ағзада адамда мыс, темір тәрізді қан құрамында кездеседі. Cu элементі аз болса жануарларда амения (қан аздығы), өсімдіктерде хлороз ауыруы пайда болады. Бауыр мен мида мыстың мөлшерікөп болады.
Зиянды әсері. Мыс улы металдарға жатады. Нерв жүйесі,бауыр ,бүйрек,тіс, асқазанға әсер етіп қызметін бұзады.
Литий (Li). Адам ағзасындағы литий элементінің мөлшеріорта есеппен 70мг. Жануарлардың ағзасындағы литий қосылыс күйінде бүйректе, бауырда,көкбауырда,өкпеде,қанда және сүтте жинақталады. Литийдің ең көп мөлшері бұлшық ет құрамында болады. Литий йоны ағзада асқазан-ішек қабырғалары қанға өтіп сонда жиналады.
Кальций (Са). Са йоны ағзада қан тоқтату және зат алмасу,әсіресе сүйектерге,тіс құралу үшін қажет.Са фосформен бірге сүйекті және жүйке жүйесін құрайды.
Кері әсері. Ағзада Са құрамы көп болып кетсе,цистит ауруына шалдығады.Егер Са цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян.
Мырыш (Zn).Ересек адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65%,сүйектерде 20% жинақталған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында,бауырда және эритоциттердеболады. Zn – ең көп мөлшері қуықасты безінде кездеседі.Мырыш-қанның құрамындағы қанттың мөлшерін реттер отырады.Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады.Адам ағзасы мырышты ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды.
Калий(К). К ағзаның барлық бүйрек,жүрек,сүйек,бұлшық еттерде,қанда,мида және т.б кездеседі.Ағзадағы калий катионы К+ физиологиялық қызметтер атқарады – бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің қалыпты жұмыс істеуі , жүйкелік импульстердің берілуі, алмасу ферменттердің белсенділігін арттырады. Ересек адам тәулігіне тамақпен бірге 2 – 3 г калийді қабылдайды. Ағзаға калий жетіспеген жағдайда күніне 4 – 5 рет калий хлоридін КСL 1.0 г. мөлшерде пайдаланылады.
Магний (Mg) . Ағзадағы магнийдің ең көп мөлшері сүйек ұлпасында, тіс эмалінің дентинінде жинақталған. Сонымен қатар магний ұйқы безінде , қаңқа бұлшық еттерінде, бүйректе, мида, бауырда және жүректе кездеседі. Ересек адам тәулігіне массасы 0,7г шамасындай магнийді пайдаланады
ШҚО, Зайсан қаласы Зайсан Мектеп-Интернатының химия пәнінің мұғалімі Жолжақсынова Сәуле
Достарыңызбен бөлісу: |