Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады



бет3/4
Дата15.12.2016
өлшемі0,69 Mb.
#3955
1   2   3   4

Этиологиясы.Гранулематозды миокард туберкулез,саркоидоз,рев-матизм сырқаттары үшін тән болса,ал алып жасушалы миокард осы процесс нәтижесінде пайда болған ірі некроз ощақтарының айналасында дамиды.

Идиопатиялық миокард-Абрамов-Фидлер миокардті,клиникалық көріністеріне қарап,қатерлі миокард деп атаған.Бұл сырқаттың этологиясы анық емес,оның шығуында әртүрлі инфекцияның,ор-ганизмде дамитын иммунологиялық және иммунопатиялық өзгерістердің маңызы бар.



Патогенезі.Жоғарыда айтылған өзгерістер нәтижесінде жүрек бұлшық еттері зақымданып,организмде оларға қарсы антиденелер түзіледі.Антиденелер қандағы комплементпен қосылып иммунды жиынтық түзеді,оның миокардта,жүрек қан тамырларында шөгіп қалуына байланысты иммунды қабыну процесі басталады.Миокард ұлпаны бұзуда иммунды жүйеде түзілген,киллирлік әсер етуші,Т-лимфоциттердің маңызы зор.Демек осы аурудың организмде қатерлі түр алуы иммундық механизммен тікелей байланысты.

Патологиялық анатомиясы.Миокард нәтижесінде жүрек қуыстары кеңіп,ұлпасы босап,кесіп қарағанда сарғыш қоңыр түсте көрінеді.Осы сырқат ұзаққа созылғанда кеңіген қуыстарда тромбтар түзіліп,жүрек салмағы 1 кг дейін жетеді.Микроскоппен тексергенде миокардта әртүрлі дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістерді көреміз.Аурудың жіті түрінде қабыну сіңбелерінде лейкоциттер,эо-зинофилді лейкоциттер көп болса,оның ссозылмалы түрінде лимфоциттер,плазмалы жасушалар басым болады.Сонымен бірге миокард аралығында дәнекер ұлпаның көбейіп кеткендігі,ошақты немесе диффузды кардиосклероз дамығандығын көруге болады.Ауру өлімі жүрек қызметінің нашарлауына немесе тромбоэмболияға байланысты болады.Ауру басталғанда адамға білінетін белгілері ерекше жүрек тұсы қатты шаншу болып қадалады,сол жақ иық,қол әлсіреп жансызданғандай сезіледі,науқас адам абыржып, әлсізденіп қалады.Жүрек тұсы ауырғаннан бастап дәрігерге хабарлау керек.Оны өзі басылады деп тосқан дұрцыс емес,өйткені асқынып кетуі мүмкін.Әсіресе жасы 40-тан асқан адамдарға ондай шыдамдылық зиян.Бірден жедел жәрдем шақыртқан дұрыс.

Ауруды ауруханада жатқызып,қажетті көмек көрсетіп,қиын-қыстау кезеңнен алып шыққан соң емдік гимнастика тағайындайды.

Егер микро-инфаркт болса 2-3 тәуліктен соң,орташа түрінде 4-5,ал кеңінен жайылған түрінде 6-7 тәуліктен соң дене шынықтыру басталады.

Кейінгі жылдары ғалымдардың айтуынша неғұрлым емдік жаттығуды ерте бастаса,соғұрлым тезірек жазылуға мүмкіндік туады.Ол адамның көңіл-күйін көтеріп,шеткері қан тамырларын жақсартып,жүрек бұлшық етін әлдендіріп,күш береді.Мұның өзі науқастың төсек тартып ұзақ жатпай,тұрып кетуіне тікелей көмектеседі.



Эндокардит.Жүректің ішкі қабығының қабынуы.

Этиологиясы.Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нәтижесінде дамиды,әсіресе оның пайда болуын гемолиз шақырушы β-стрептококтардың,жасыл стрептококтардың,стрепфилококтардың маңызы өте зор.Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм,сепсис ауруларының бір көрінісі есебінде қаралады.Тек фибропластикалық эозинофилиямен барушы эндокардитті эндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады.

Бұл сырқат үшін қарыншалар эндокардының едәуір қалыңдап кетуі және сол жерлерде тромб пайда болуы тән.Егер осы өзгерістер сорғыш бұлшықеттке немесе хорда жіптеріне өтсе клапандар жақсы жабылмай олардың жетіспеушілігіне әкеп соғады.



Перикардит.Жүрек қабының және жүректің сыртқы қабығының қабынуы.Перикардит көбінесе басқа ауруларға немесе жүректің өз ауруларына байланысты дамитын сырқат.

Этологиясы.Перикрадиттің дамуына вирусты,бактериялы инфек-циялар,туберкулез,аллергиялық және ревматизм аурулары себепші болады.Уремия нәтижесінде организмнен бөлініп шығатын азотты улы заттар да,миокард инфарктына байланысты некроз да перикардқа тікелей әсер етіп,оны қабындырады.

Патогенезі.Перткардиттің дамуы жоғарғыда айтылған улы заттар-дың тікелей әсерінен немесе олардың қан,лимфа арқылы келуімен байланысты,кейде ол иммунды қабынудың бір түрі есебінде көрінеді.



Патологиялық анатомиясы.Перикардитте көбінесе фибринді қабыну болып,эпикард және перикард бетінде фибрин жіпшелері пайда болады,осы көрніске «түкті жүрек» деген ат берілген.Егер осы фибринге бай экссудат дәнекер ұлпаларға айналса жүрек қабы бүтіндей бітіп немесе эпикард пен перикард арасында өте қатты фиброзды ұлпа пайда болады,жүректі темір құрсаудай қысып оның жұмысын қиындатады.

Атеросклероз.(грекше-atere-ботқа,sklerosis-тығыздалу.)-бұл ірі артериялардың ішкі қабатында май және белок алмасуының бұзылыуы нәтижесінде пайда болатын арнайы морфологиялық өзгерістермен сипатталатын созылмалы ауру.Осы күрделі өзгерістер атеросклероздың макро және микроскопиялық негізін құрайды.Бұл процесс қолқада,жүрек ми,мықын,ішек,бүйрек артерияларында айқын көрінеді.Атеросклероз деген атауды Амери-ка ғаламы Маршан 1904 жылы ұсынған.

Атеросклероз дамыған елдерде өт көп тараған аурулар қатарына жатып,миллиондаған адамдардың өліміне себепші болып отыр.Елімізде жүрек-қан тамырларының атеросклерозына байланысты болған жүректің ишемиялық ауруына жыл сайын ересек адамдардың 52%-ы өледі.Атеросклероз әртүрлі елдерде немесе бір елдің әртүрлі аймақтарында түрліше тараған.

Атеросклероздың этиологиясы мен патогенезіне тоқталатын болсақ,Н.Н.Аничков пен С.С.Халатовтың жүргізген эксперимент-терінің маңызы өте зор.Олар үй қояндары холестеринмен тамақтандыру арқылы адам атеросклерозына ұқсас өзгерістер алған болатын.Осы экспериментттер нәтижесінде Н.Н.Аничков бұл ауру тамақ құрамындағы холестериннің қан тамырына сіңуі нәтижесінде келіп шығады деп түсіндірген.Осы бағытта жүргізілген зерттеулер атеросклерозбен ауырған адамдардың қанында да холестерин мөлшерінің көбейіп кететіндігін,ол аурулардың 70%-на ұшырайтынын анықтады.

Дегенмен кейінгі уақытта атеросклероздың келіп шығуында белок-май қоспаларының,липопртеидтерінің маңызы аса зор екендігі белгілі болды.Олар біріншіден,организмдегі холестерин алмасуын-да тасушылар ретінде тікелей қатысады екен.Тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринді қан тамырына алып келсе,тығыздығы жоғары липопротеитер оларды қан тамырынан алып кетеді.Холес-териннің қан тамырына көбірек тұнып қалуы осы тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты деген тұжырым бар.Екіншіден,өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер организмде аутоантиген ролін атқаратындығы да белгілі.

Ғылымда атеросклероздың макроскопиялық өзгерістерін 4 кезеңге бөліп қарауға болады.Оның бірінші кезеңі қан тамырларының ішкі қабатында май дақтарының және жолақтарының пайда болуымен сипатталады.Олардың түсі сары,интимадан шығып тұрмайды.

Атеросклероздың фиброзды табақшалар кезеңінде қан тамырының интимасынан көтеріліп шығып тұратын ақшыл түстегі,жылтыр болып келеді.Атеросклероздың әрі қарай дамуы нәтижесінде фиброзды табақшаларға қан құйылады,оларда «жаралар»тромбтар пайда болады,бұл өзгерістерді атаеросклероздың асқынған түрлері деп атайды.

Атеросклероз процесі барлық қан тамырларыда бір мезгілде,бір-келкі дамымайды,сондықтан клиникада жеке қан тамырларының бұзылуы түрінде көрінеді.Қазіргі уақытта «Атеросклероз» сырқаты бірнеше топқа бөлініп кетті тек қолқа және бүйрек артериясының атеросклерозы осы ұғым төңірегінде қаралады.

Қолқа атеросклерозы-осы патологияның ең айқын көрінетін жері.Атероматоз,атерокальциноз процестері қолқаның құрсақ бөлігінде жақсы дамыған.Осы өзгерістер әсерінен қолқада аса қауіпті бірқатар асқынулар пайда болады.Оған атеросклероз табақшалары аумағында тромбтың түзілуі және қолқа аневризмасы кіреді.Тамыр қабырғасына жабысып тұрған тромб үзіліп түсіп немесе бөлшектеніп кетіп басқа қан тамырларын тығындап тастайды,немесе қолқаның өз айырығына тығылып қалып ондағы қан айналысын бұзады.Қолқа аневризмасы деп оның белгілі бір бөлігінің бұлтиып шығып тұруын айтамыз.Аневризманың қабырғасының түзілісіне қарап шын және жалған,ал шығу тегіне қарап туа біткен немесе жүре пайда болған,пішініне қарап цилиндр немесе қап тәрізді түрлерін ажыратады.Аневризманың жеке түріне қатпарлы аневризма жатады,оның пайда болуы қанның қолқа арасына кіріп кетуіне байланысты,кейде қан интиманың екі жағы арқылы да айнала береді.Аневризма жарылып кеткенде қан перикард немесе плевра қуысына,айналадағы жұмсақ ұлпаларға құйылып,науқас тез арада қансырап өледі.

Ми артерияларының атеросклерозы.Қазір ми қан тамырларының ауруы деген топқа жатқызады.Атеросклероз салдарынан (тром-боз,эмболия,спазм)ми ұлпаларында ишемиялық инфаркт дамиды,егер өзгерген қан тамырлары жарылып кетсе миға,ми перделерінің астына қан құйылады.Егер ми күре тамырлары осы ауруға шалдықса адам ұмытшақ,көп сөйлегіш келеді,бастың айналуы,құлақтың шыңылдауы,ұйқының қашуы сияқты белгілер байқалады.

Бүйрек қан тамырларының атеросклерозы,нәтижесінде дамыған өзгерістер атеросклерозға байланысты бүріскен бүйрек деп атала-ды.Бұл бүйректердің үсті ойдым-ойдым болып семіп қалады және қан қысымы қатты көтерілуі мүмкін.

Ішек артерияларының атеросклерозы.Тамырдың қолқадан басталар жерінде және оның жоғарғы бөліктерінде пайда болады.Бұл патология қазіргі кезде ішек тамырларының жетіспеушілігі деген атпен жеке кесел ретінде қаралады.Тромбоз және эмболия процестері ең көп ұшырайтын жері жоғарғы шажырқай артериясы.Атеросклерозға байланысты тромбоз эмболия немесе қан тамыры саңлауының бітіп қалуы ішек инфарктына әкеледі,инфаркт көбіне бұл жерге коллатеральдар арқылы қан құйылып қалуына байланысты геморрагиялық (қызыл)түр алады.Некрозға ұшырыған ішек қабырғасына тез арада микробтар еніп,гангрена дамиды,ал гангренаға ұшыраған ішек тесіліп перитонитпен асқынады.

Аяқ артерияларының атеросклерозы.Атеросклероз процесінің даму қарқыны бойынша бірінші орында мықын артериясы,екінші орында тақымасты,үшінші орында сан артериясы тұрады.Қазіргі уақытта атеросклерозға байланысты аяқта ұшырайтын барлық өзгерістерді аяқтың ишемиялық ауруы деген атпен бірге дымқыл және құрғақ гангрена дамиды.Аяқ ішек гангреналары жедел операцияны талап ететін сырқаттар қатарына жатады.Аяқтың қан тамырлары зақымданса,балтырдың бұлшық еттер тартылып адам ұзақ жаяу жүре алмайды.Аяқ үнемі мұздап тұрады.

Атеросклероз сонымен бірге созылмалы індет қан тамырларының тарылуынан,ішкі бетіне май қосындыларының жабысуынан,дәне-кер ұлпаларының өсуінен болады.Осының бәрі тамырдың арнасын тарылтып,созылғыштық,икемдік,майысқақ қасиетінен айырады.Әл-бетте,денеде қан ағаны тоқырап тоқтап қалады.Ұлпалар мен мүшелер қоректік затқа тапшы болып,әртүрлі өзгерістерге душар болады.Ең көп зақымданатын қолқа,жүректің ішкі тамырлары,ми бүйрек,аяқтың ірі тамырлары.Атеросклероз асқынған тамыр жарылып кетуі немесе тығындалып қалуы мүмкін.Мұндай жағдай ми тамырларында болса инфаркке ұшырауы ықтимал.

Атеросклероздың пайда болуына ықпал ететін көп жағдай бар.Олар адамның шамадан тыс зорлануы,нерв жүйесінің шаршауы,қажуы,ой еңбегінің,дене еңбегінен бірнеше есе асып кетуі,қимыл-қозғалыстың тапшылығы,тамақтану мәдениетін білмеу,семіздік,мешкейлік,қант диабеті,тұқым қуалаушылық,.

Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуның бұзылуынан,атап айтқанда,холестериннің қан құрамында табиғи мөлшерден асып кетуінің әсерінен болады.Холестерин-қандағы ең маңызды заттардың бірі.Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе,зияны да соншалық көп.

Егер қан құрамында холестерин өз мөлшерінен аз уақытқа болса да сирек көтерілсе (мысалы майлы тамақ ішкеннен кейін)онда организм өзі күресе алады.Ал,мұндай жағдай ұзақ уақыт әрі жиі болса атеросклероз ауруына ұшырайды.

Холестериннің табиғи мөлшерден артығы көпшілікке түсінікті сөзбен айтқанда,күрделі көміртегі және кальций тұздарымен қосылып тамырдың ішкі қабырғасына шор болып байланады.Көбі-несе бұл процесс қолқа,күре тамырлардан басталып асқынғанда ұсақ тамырлаға да тарайды.Тамырдың ішкі бетіне біткен шор оны тарылтып,қан жүрісін қиындатады,кейде біржолата тоқтатып тастайды.

Аурудың белгілері,қауіптілігі қай тамырдың қаншалықты ауыр зақымдануына байланысты.Мысалға,жүрек-қан тамырлары атеро-склерозға шалдықса,жүректің қыспа ауруы басталып,жүрек етінің біржола жарамсыздығына дейін жеткізеді.

Көп уақытқа дейін ғылымда атеросклероз тек жасы 50-ге келген адамның,егде тартқан шағында кездесетін ауру,тіпті қан тамыр-ларының табиғи тозуының бір түрі деген ұғым орын алып келеді.

Алайда,бүгінгі күнде атеросклерозбен жас адамдардың да сырқаттануы,тіпті сәбилік шақтан басталуы да мүмкін екендігі іс жүзінде дәлелденіп отыр.Холестериннің қан құрамында мөлшерден тыс,өте көп болатын түрлері,аса сирек болса да кей отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

Атеросклероз ауруы тұқым қуаламаса да,организмнің кейбір бейімділігі,оның осы ауруға қарсы күресу мүмкіндігінің әлсіздігі-нен ұрпағына жалғасу мүмкін.Осы әлсіздікті бірнеше есе күшейте-тін,аурудың жас кезден басталып,тез асқынуына біздің күнделікті өмірімізде себепкер болатын,кейде біле тұра ескерілмейтін,көп жайлар бар.Соның ең бастысы-дұрыс тамақтана білмеу.

Қоғамның әр отбасының әл-ауқаты артқан сайын тамаққа сары май,қант,тәтті,жұмсақ тағамдар,майлы ет,жұмыртқа,қаймақ,консер-віленген тағамдар қолдану етек алып барады.Ал бұл тағамдарда холестерин өте көп.Оның есесіне май мен майлы тамақтар ішіндегі холестеринді байлайтын,оның қан құрамындағы мөлшерін азайтатын өсімдік жасушаларына бай дәмдерді асқа жарату азайды.Әрине бұдан аталған тағамдарды біржола ішпеу керек деген ұғым тумау қажет.

Екінші бір көңіл аударарлық жай-қимыл-қозғалысты көбейтіп,дене шынықтыру жаттығулармен айналысу,шылым шекпеу,ішімдік ішпеу.Бұл да ғылымда дәлелденген жайт.Аз қимылдау,асқазанда орын қалдырмай,тамақты тоя жеу,ерте жатып кеш тұру денедегі зат алмасуды нашарлатып семіздікке әкеп соғады.Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының пайда болуына,тез өршуіне әсер етеді.

Атеросклероз ауруының тағы бір қауіптілігі-оның біртіндеп өршіп,асқынған уақытында ғана білінуі.


Гипертония ауруы.Артерия қан қысымының ұзақ уақыт өте жоғары болуымен сипатталатын,жеке бір мүшелер патологиясымен байланыссыз дамитын сырқаттың бір түрі.Бұл ауруды эссенциаль-ды (себебі белгісіз) гипертензия деп атайды.Ауруды алғаш рет Г.Ф.Ланг жеке патология түрінде ашқан болатын.Гипертония ауруы орта жастағы адамдарда көбірек,ұшырап,60 жастан кейін әр төрт адамның біреуінде кездеседі.

Этиологиясы.Г.Ф.Лангтың пікірі бойынша гипертония ауруы қан қысымын реттеуші орталық нерв жүйесі,гипоталамус аймағы қызметінің бұзылуына байланысты.А.Л.Мясников гипертония ауруын,өз әрекетін қан қысымын басқарушы орталықтарға бағыт-талған невроз деп көрсеткен.Сондықтан адам өмірін үрей,қорқын-ыш сезімдері билегенде,қайғы-қасірет басқанда бұл ауру жиі ұшырайды.Адам организмнің осы ауруға туа біткен бейімділігі,жұ-мыс жағдайының қолайсыздығы(мүмкіншілігінен тыс жұмыс істеу,тамақпен ас тұзын көбірек пайдалану ауруға әкеп соқтырады.

Гипертония ауруын талдамастан бұрын белгілі бір мүше патологиясына байланысты дамитын симптомдық гипертензия жөнінде айта кету керек.Демек гипертония ауруына диагноз қою үшін симптомдық гипертензия жоқтығына көз жеткізу керек.Симп-томдық гипертонияның негізін бүйрек аурулары (нефриттер,нефро-патиялар,поликистоз) мен эндокрин жүйесінің сырқаттары (бүйрек үсті безі ісіктері-феохромоцитома,альдостерома,гипофиз ісігі-базо-филді аденома) құрайды.Осы аурулар табылғанда гипертония жеке сырқат есебінде қаралмайды.



Патогенезі.Организмдегі артерия қан қысымы өте күрделі нервтік және гуморальдық факторлармен басқарылып тұрады.Қалыпты жағдайда қан қысымының көтерілуі оны басушы механизмдердің іске қосылуына байланысты тез арада өз деңгейіне қайтып түседі.Кейінгі уақытта депроссорлы жүйеге барорецепторлардан басқа кинин және простагландин жүйелерінің жататындығы анық-талған.Қан қысымы төмендеп кеткенде ренин-ангиотензин,симпа-тикалық нерв жүйелері жедел іске қосылады.Осы артерия қан қысымын реттеуші жүйелер ішінде бүйректердің алатын орны ерекше.Себебі бүйректер ренин ангиотензин бөліп шығарудан басқа,организмде натрий мен су алмасу механизмін реттей отырып та,қан қысымын басқаруға тікелей қатыса алады.Альдостерон (бүйрекүсті безінің гормоны) болса зәр құрамындағы натрийдің қайта сорылуын күшейтіп,судың организмде жиналып қалуын,ги-перволемияға алып келеді,осыған байланысты қан қысымы көтеріледі.Қандағы катехоламиндердің әсері шеттегі қан тамыр-ларының тарылуы нәтижесінде жүзеге асады.

Патологиялық анатомиясы.Гипертония ауруындағы патолого-анатом көріп білетін өзгерістер осы аурулардың даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі болады.Қазіргі кезде эксперттердің ұйғарымы бойынша гипертония сырқатының үш кезеңін ажыратады.1)жүрек-тамыр жүйесінде әлі белгілі бір өзгеріс туғызбайтын гипертония,2)

Тек жүрек гипертрофиясын туғызатын гипертония,3)көп ағзаларда (жүрек,ми бүйрек)өзгерістер туғызатын гипертония.

Гипертонияның бірінші кезеңінде қан қысымы анда-санда уақытша көтеріліп,морфологиялық өзгерістер өте мардымсыз болады.Бұл ау-руға тән негізгі өзгерістер осы сырқаттың екінші және үшінші кезеңде көрінеді.Морфологиялық тұрғыдан осы екі кезеңді бірге қарауға болады.Бұл аурудың морфологиялық негізінде сыртқы диаметрі 100 мкм және одан кіші артериялар мен артериолалардағы өзгерістер жатады.Осы өзгерістер ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретіп,қан қысымын күшейтетін жүйелердің іске қосылуына себепші болады.

Гипертония ауруының алғашқы кезеңінде қан тамырының ішіндегі қысымның артуы нәтижесінде эндотелий өткізгіштігі күшейіп,қан плазмасы интимаға сіңеді.Эндотелидің зақымдануы ренин,ангио-тензин сияқты заттардың тікелей әсерінен де болады.Осы өзгеріс-тер нәтижесінде артерия біраз қалыңдап,олардың саңлауы тарылады,кейде бұл процесс мускул типті артерияның созылмалы типті артерияға айналуына әкеледі.Дегенмен,уақыт өткен сайын,осы жерде дәнекер ұлпа мөлшері көбейіп,тмаырда склероз процесі бой алады.

Гипертония ауруына байланысты ірі қан тамырларында атеро-склероз процесі айтылған қан тамырларында болатын морфология-лық процестермен байланысты.Тек эндокрин бездеріндегі өзгерістердің негізінде басқа механизмдер жатады,себебі гипертония ауруында бүйрекүсті бездері өздерінен көптеп гормондар шығарады,осы процестердің айғағы ретінде бүйрекүсті бездерінің гиперплазиясын және аденомасын көреміз.Гипофизде АКТГ гормонын шығаратын базофилді жасушалар гиперплазиясы көрінеді.Гипертония ауруынан адамдар миға қан құйылудан,жүрек немесе бүйрек қызметінің нашарлауынан (анурия) өлуі мүмкін.

Қан қысымының төмендеуі немесе гипотониялық ауру.Қан қысымының төмендеуі (мәселен жоғарғы көрсеткіш сынап бағанасы бойынша 100-ден кем болса)жоғары реттеуші орталықтың нерві және гуморалды аппараты қызметінің бұзылуына байланысты деп түсіндереді.Ол жеке дара пайда болатын сырқат емес,оның дем алуына денедегі әр түрлі жағдайлар,аурулар әсер етеді.Мысалы,ас-қазан гастриті,өт қабының қабынуы (холицистит) т.б созылмалы аурулар қан қысымының төмендеуіне әсерін тигізеді.Өйткені аталған ауруларда нерв жүйесі зақымданады.

Сонымен қанның қысымын төмендетуге,қан тамырларының кеңуі не оның қабырғаларының босаңсып,болбырап қалуы әсер етеді деп айтса да қате емес.Қан тамырлары,әсіресе,артериялық тамырлар созылғыш,жұмсақ келеді.Олардың қабырғалары қан келген кезде керіледі,ал жүрек дамылдаған уақытта оларға түсетін қысым төмендейді,бірақ мүлде босамайды,өйткені оларды жан-жағынан қысып ұстап тұратын бұлшық ет талшықтары болады.

Қан қысымы ішкі бездердің қызметіне тікелей байланысты.Қан қысымын төмендететін заттарға жыныс және ұйқы бездерінен бөлінетін гормондар,тамақпен бірге организмге енетін холин (ол бауырда да түзіледі)нерв талшықтары ұшында болатын ацетилхол-ин,зат алмасуынан болатын гистомин жатады.

Бұлардың бәрі қан қысымын төмендетуге арналған бірінші топтағы заттар.Басқа әсер тек нерв жүйесіне байланысты.Сондай-ақ адам ұйықтағанда тоя тамақ жегенде,температура көтерілгенде,қан қысымы уақытша төмендейді.Қан қысымының шамадан тыс төмендеп кетуі (гипотония)денсаулыққа зиян.

Мұндай жайға ұшырыған адам өз бойынан әлсіздікті,дәрменсіздік-ті,солғындықты сезінеді,жұмысқа қабілеті төмендейді,басы айна-лып,көзі қарауытып мең-зең күй кешеді.Қан қысымы төмендегенде әсіресе жүрек-қан тамырларында өзгерістер байқалады.

Өйткені қан қысмы төмендегенде миға қан аз мөлшерде жетеді,қан айналысы нашарлап,соның салдарынан қоректік зат жетіспей,ми-дың,дәлірек айтқанда жоғарғы реттеуші орталықтың қызметі бұзылады.

Демек,қан қысымы мөлшерден тыс қалай қарай ауытқыса да адам үшін қауіпті.Сондықтан қалайда қан қысымын қалыпты жағдайда ұстанған жөн.Ол үшін дұрыс тамақтану,күн тәртібін тыңғылықты орындау,уақытында дем алудың маңызы зор.

Қан қысымының жоғарылауы немесе гипертониялық ауруы.Бұл аурудың негізгі қан тамырларының тарылуы,қан қысымының жоғарылауы.Мұндай жағдайда адамның басы ауырып (желке тартылып)құлақ шулайды,жүрек қағысы жиілеп,тамыр қатты соғады,ұйқы бұзылып,әлсіздік,мінездің өзгеруі сияқты белгілер байқалады.Бұл созылмалы ауру,сондықтан гипертония ауруының асқынған түрінде өмірге өте қажетті көз,бүйрек,ми сияқты мүшелерде өзгерістер байқалып,олардың қызметіне кедергі келтіреді.

Ауруды осындай асқынуға жеткізбей,дер кезінде массаж қолдану пайдалы.Ондағы негізгі мақсат науқас адамды тыныштандыру,көң-лін аулау және қан қысымын төмендетуге көмек көрсету.



Жүректің ишемиялық ауруы.ЖИА-деп жүректің тәждік артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі елеулі өзгерістерді айтамыз.ЖИА халық арасында өте көп тарағандықтан 1965 жылдан бастап жеке ауру ретінде қарала бастады,бұрын ол атеросклероз бен гипертония ауруларының жүректік түрі деп есептелетін.ЖИА негізінен 40-65 жастағы ер адамдар арасында кездеседі.

Жүректің ишемиялық ауруына алып келуші себептерді екі топқа бөліп қарауға болады.Оның біріншілеріне атеросклероз процесінің дамуына мүмкіндік жасаушы және тездетуші қауіп-қатер факторлары кіреді.Оларға:1)Гиперхолестеринемия,2)артерия гипер-тониясы,3)семіздік,4)шылым шегу,5)жүйке жүйесінің шаршап шалдығуы,6)қимыл-әрекеттің аздығы,7)қант диабеті,8)гендік фак-торларды жатқызамыз.

Жүректің ишемиялық ауруының пайда болуы үшін осы факторлар-дың бірнешеуінің қосылған әсерінің маңызы зор.Мысалы,бірінші үш факторлардың бірлескен әсерінен ЖИА осы факторлары жоқ адамдарға қарағанда 8 рет жиі кездеседі.Анестезиолог дәрігерлерде ЖИА дерматологтарға қарағанда 2,5-4 есе көп ұшырайды.Ал екінші топқа осы ауруды тікелей шақырушы себептер жатады.Оған:1)Жүр-ек артериясының тромбозы,2)Осы артериялардың ұзаққа созылған спазмасы,3)жүректің қанға талабы мен оның қамтамасыз етілуінің арасындағы сәйкессіздік,4)жүрек қан тамырларының басылып қалуы жатады.Клиникада ЖИА жіті және созылмалы түрде көрінеді.ЖИА-ның бірінші түріне стенокардия және жіті миокард инфаркты кіреді.Стенокардияның қауіптілігі сонда,ол көп жағдайларда күтпеген өлімге алып келеп,аурулардың 75%-ы ауруханаға жетпей өліп кетеді.

Күтпеген өлімнің ЖИА-ға тікелей қатысы бар екендігіне осы ауруларды жарып көргенде көз жеткізуге болады.Олардың жүрек қан тамырларында атеросклероз процесінің дамығандығын,кей-біреулерінде тромб барлығын,ал өлген кісілердің 35-40%-да миокард инфаркты табылса,олардың 60-65% жүрек қызметінің күрт нашарлауынан өлген.

1,5 Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері.

Бұлшық ет жүйесі ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса,онда олар әлсіздене бастайды,балбырайды,көлемі кішірейеді.Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтады.Сондай-ақ,бұлшық еттер-дің өсуі,олардың талшықтар санының көбеюінен,ұзаруынан

емес,жуандауы әсерінен өзгереді.Бұлшық еттердің созылуы арта түседі.Тонус күшейеді.Қан айналымы және бұлшық еттердің микро және макро элементерімен қоректенуі күшейе түседі.Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады.

Бұлшық ет жүйесін гипокинезиядан арашалаудың бірден бір жолы-олбұлшық ет жүйесінің жұмыс қабілетін арттыру.Дене шынықтырудың барлық түрінде адамның бұлшықет жүйесінің жұмыс қабілеті артатыны белгілі.Бұлшықетке күш салу арқылы оның жұмыс қабілеті мен көлемі артады.

1,6 Қант диабеті өте қауіпті дерт

Қант және басқада тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.Қант диабеті өте қауіпті дерт.Қант диабетімен ауыратын адамдардың қалтасында міндетті түрде инсулин дәрісімен шприц үнемі жүреді.Егер инсулин мен шприц жоқ болса,ол адам сөзсіз тіршілік өмірімен қоштаса береді.Сондықтанда ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады.

Қант дегеніміз пайдасыз бос калория дегеннің ұясы.Өйткені қанттың құрамында көмірсутегінен басқа ешқандай пайдалы да қоректік те зат жоқ..Тек энергияны көп береді.Аспен бірге қантты көп жейтін болсақ немесе басқа да тәттілерді мол пайдалансақ,онда қандағы глюкозаның көлемі артып кетеді.Өйткені сахароза-асқазан ішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды.

Қанда глюкоза деңгейі күрт артқандықтан өз кезегінде ұйқы безі инсуинді де көп бөліп шығарады.Ал инсулин болса,тканьдердің глюкозаны сіңіруіне көмектеседі,сөйтіп қандағы глюкозаның мөлшері азаяды.Бірақ ұйқы безіне қатты күш түседі,үнемі осылай бола берсе,адам тәттіге,қантқа әуес болуын қоймаса,ақырында қант диабетіне яғни ауруға шалдығады.

1,7 Гипокинезияға қарсы амалдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет