Биосферадағы глобальды экологиялық проблемелар.
Бұл қажеттіліктің сын ретінде талдауына, субъектің жан-жақты ойлану талабына, ұдайы өндіріс процесінде«адам – табиғат – қоғам» жүйесіне түзетулер енгізіледі. Қауіпсіздік және тұрақтылықтың дамуы тек қана мол интернационалдық негізінде іске асырылуы тиіс. Әлем бірлестігі өмірінен айыру қазірде мүмкін емес. Ендігі сөз болуға тиісті, ол ескі құрылымдардағы ұйымдастырудың келеңсіз процестері ғана емес, сонымен қатар құрылымдар мен процестердің қаіупсіздіктері мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде тиімділіктің анағұрлым жаңа түрлерін бірлесіп іздеу және оны іске асыру болып табылады.
Экология дегеніміз – тірі организимдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Қазіргі замандаэкология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналып отыр. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады.
Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ақуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашарлатады.
Экологиялық болжам дегеніміз – адамзаттың және олардың табиғат процестеріне ықпалы арқасында табиғат жүйелерінің беталысын, яғни бағытын алдын ала айту. Болжамдаған құбылыстың ауқымы жағынан экологиялық болжам глобальды, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.
Глобальды болжамның алдына қоятын басты міндеті – проблемаларпдың нақтылы маңыздылығын анықтау және алдын ала межелейтін ұсыныстардың тиімді айқындау болып табылады.
Глобальды болжамды зерттеушілерге бірыңғай үлгі шеңберінде қарау және негізгі экономикалық, демографиялық және экологиялық процестерді глобальды түрде дамытуды болжамдауға мүмкіндік береді.
Адам биологиялық тірі организм және қоршаған табиғи орта үшін оның маңызын бағалау өте қиын екендігі белгілі. Сондықтан ол онымен тығыз байланыста. Адам организімі және басқа да тірі организімдер оттегі, су және тамаққа мұқтаж, өмірдің тәулік және маусымдық режимдеріне бағынышты, ауа райының өзгеруін, күннің интенсивті сәулеленуін сезінеді. Осы барлық белгілер және қасиеттер адамныңбиологиялық маңызын және оның табиғатқа тәуелді екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар адам қалған тірі организімдерден ерекше. Бұл тірі организм есті, пайдалы еңбекпен айналысады, ерекше әлеуметтік орта – қоғам жасайды, Адамзат қатынастарының заңдары логикалық, сәйкестілік, мақсаттылық және әділеттілігімен ерекшеленеді.
Адамның тіршілік әрекеті тек биологиялық жәнғе табиғат факторларымен ғана емес, сол сияқты әлеуметтік жағынан да регламенттелінеді. Адамдар табиғи ортаға, өздерінің тұтынушыларына бейімделумақсатында ұжымдар мен бірлестіктерде бірлескен қызметтерге қатысады.
Адам экологиясы жаңа экологиялық ғылымның бағыты ретінде әліде тұрақты ғылым болып анықталмаған және дүниежүзі әдебиеттерінде бұл жөнінен әр түрлі пікірлер мен түсініктер кездеседі. Сонымен, адам экологиясы әлеуметтік-зкономикалық проблемалардышешуде анағұрлым тиімді әдістері мен жолдарын үйретеді және адамдардың өмірлік жағдайларын жақсартады.
Адамдардың табиғи ортамен өзара қатынастарын ұтымды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |