Адам экологиясы Дайындаған : Берикболат Байболат



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі23,37 Kb.
#107383
1   2   3   4
Байланысты:
экология реферат Берикболат Байболат

Урбанизация процесі, немесе миграция, яғни халықтардың қалаларға көшіп қонуы, қала және оның маңындағы ортаға үлкен экологиялық жүктеме туғызады. Урбанизация – бұл әділетті, заңды процесс, қоғам мұқтаждығына сай болады. Адамдардың қалаларға орналасу формасы әлеуметтік-экономикалық артықшылығының айғағы болып табылады.

 Ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда өндіріс, транспорт, байланыс тағы басқа салалар жақсы өркендеген. Бұл жерлерде мәдениет, сауда, денсаулық, тұрмыстық-коммуналдық қызмет көрсету жұмыстары да жолға қойылған. Сонымен қатар, соңғы жылдары селоларда жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты қалаларға келіп жұмысқа орналасу, сөйтіп халықтың елді мекендерден қалаларға келу миграциясы басталып жүр.

 Соңғы он жыл ішінде республиканың қала тұрғындарының саны орта есеппен 4%-ке көбейген. Міне сондықтанда, көптеген қалалардың табиғи ортасы өздерінің тұрғындарының биологиялық және әлеуметтік жағдайларын қанағаттандыра алмай келеді. Болжамдық мәліметтерге қарағандаҚазақсатан Республикасында жуық жылдар ішінде қалалардың саны көбеймейді, бірақ оларда тұратын халықтардың саны 12 миллионға жетіп, олардың 65%-ті қалаларда тұратын болды. Қала тұрғындарының мұндай жоғары деңгейі қоршаған табиғи ортаға қосымша көптеген қиыншылықтар туғызады және оның жұмыс істеуін қиындатады.

 Келеңсіз жалпы көп жағдайда тіпті көрсетілген сын құбылыстар қазіргі экологиялық жағдайдың дамуына шұғыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Осындай әрекеттердің қажеттілігі соншалық, экологиялық проблемаларды шешу басымдық дәрежеге айналып отыр. Мемлекеттер мен халықтар бұл проблемалардың маңызын мойындамай отырып, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны тиімді басқаруды нығайтады және жетілдіреді.

 Экологиялық жағдайдың қазіргі ерекшілігі – ол ұлттық экологиялық жүйеге, сол сияқты халықаралық өмірдің әр түрлі саласына арттырушы ықпалын тигізеді. Қоғам мен табиғаттың бір-бірімен келісілген әрекеттері тек өндіргіш күштердің табиғатқа технологиялық әсері ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік факторлары да алдын ала анықталды.

 Бүгінде экологиялық дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылу, барлық елдермен халықтардың жан-жақты күш салуымен ғана мүмкін болады. Табиғи ортанықорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі бір қатар саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқада фкторлардың іс-әрекеттеріне әділ сүйенеді.

 Қазақстан Республикасы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде көптеген мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықта болып келеді. 1995 жылдан 1998 жылдарға дейін 19 мемлекетпен екі жақты келісімдерге қол қойылды. Қазақстан табиғи ортаны қорғау жөнінде бірсыпыра халықаралық конвенциялар мен жобаларға қатысты.

 Қазақстанның көпшілік аймақтары экологиялық қолайсыз аймақтарға жатады, экологиялық сипаттағы аурулар күннен-күнге көбейе түсуде, республиканың табиғи ресурстары барған сайын бақылаусыз пайдалануда. Сондықтан да экологиялық қауіп-қатер айрықша болып отыр.

 Соңғы жылдары атмосфераға шығарылатынқоқыстардың жалпы көлемі біршама кемігені байқалады, себебі көптеген кәсіпорындар жұмыс істемей тұр. Алайда біріншіден, мұндай қысқару өндіріс көлемінің қысқаруынан едәуір кем болып отыр, демек өнім бірлігіне шаққанда ластану кемудің орнына арта түскен. Екіншіден, автокөліктер бөліп шығаратын улы газдармен ластаудың көбейгені мәлім. Өнеркәсіп өндірісі аз да болса кемігеніне қарамастан су көздерінің ластануы әліде азаяр емес. Әсіресе, халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету күрделі жағдайда болып отыр. Мұндағы басты проблемалар: суды тазарту технологиясының артта қалғандығы, жер бетіндегі және жер астындағы су көздерінің ластануы, ауыз судың техникалық мақсаттарға пайдалануы, ауыз судың өте көп мөлшерде ысырап болуы.

 Қоршаған ортаның химиялық улы заттарменластануы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Соңғы жылдары республикамыздағы елеулі экологиялық қатердің бірі – әскери және бейбіт мақсаттардағы ғарыштық ракета іс-әрекеттері. Ракетаның өте сұйық улы отыны – гептил Республиканың бірқатар аймақтарына көп мөлшерде таралуда.

 Өтпелі кезеңдегі экономика жағдайында қоршаған табиғи ортаны қорғаудың қамын ойлау өз дәрежесінде болмай отыр. Сондықтан да еліміздегі приоритетті міндет – 1998 жылдан 2000 жылдарға дейін «қоршаған табиғи ортаның жағдайының нашарлығын төмендету» болады. Осы мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғат пайдалану министрлігі еліміздегі барлық кәсіпорындарда табиғат қорғау заңдарының орындалу барысын жан-жақты тексереді.

 Қазіргі кезде елімізде 20 миллиард тоннадан астам өндіріс қалдықтары жинақталып отыр. Шығыс Қазақстанда осы қалдықтардың 71%-і шығарылған. Батыста – Каспий теңізінің акваториясы және осы территорияға тірелген жерлер де мұнаймен ластануда. Орталық Қазақстанда су көздері ластанған. Оңтүстікте жерлердің иесіз қалуы да кездеседі. Осыларға Семей мен Аралды да қосуға да болады, өйткенімұндағы экология жағдайы адам тіршілігіне өте қауіпті әсерін тигізуде. Тек қана Көкшетауды таза деген атаққа қосуға болады.

 Шымкент қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Мұнда халықтың саны 400мыңнан асады. Қалада қорғасын, мұнай өңдеу, цемент зауыттары. 3 мұнай химиялық өнеркәсібі, 2 тыңайтқыш өндіру, 4 жылу энергиясы және бірнеше құрылыс материалдары кәсіпорындары бар. Ауа бассейінін ластаудың негізгі көздері өндіріс орындарының қалдықтары және автокөліктерден шығатын улы заттар. Жылма-жыл стационарлық көздерден 400мың тоннадан астам зиянды заттар тасталынады. Қаланың орналасқан жерінің төмен болуы және ауа райының ерекшелігі зиянды заттардың шашырап кетуіне кедергі жасайды. Міне, сондықтан да олардың барлығы дерлік қала және оған жақын жерлерде орналасып, өсімдіктерге, су объектілеріне,топыраққа тағы да басқаларына зиян келтіреді.

 Бүгінде экологиялық қауіпсіздікке және оны тұрақты дамытуға өту Қазақстанның стратегиялық дамуының бірден-бір басты бағыттары болып саналады. Негізгі ойы мен мақсаты – қоғам және қоршаған ортаның бір-бірімен келісілген әрекеттеріне қол жеткізу, сол сияқты қолайлы экологиялық ортаны тұрақтандыру болып табылады.



 2030 жылодарға дейін қоршаған ортаны жақсарту жөнінде төрт басымдық приоритеттік бағыттар белгіленіп отыр:

  1. Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау;

  2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануы іске асыру;

  3. түрлі-түсті жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу;

  4. экологиялық білім беру;

Ұзақ мерзімді стратегия төрт кезеңге бөлінген:

  • бірінші кезең – 1998-2000 жылдар аралығы;

  • екінші кезең – 2001-2010 жылдар аралығы;

  • үшінші кезең – 2011-2020 жылдар аралығы;

  • төртінші кезең – 2021-2030 жылдар аралығы;

Әр кезеңдердің өз мақсаттары және олардың іс жүзіне асыру үшін жауапты міндеттер қойылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет