жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) –
айналысады.
Бүгінгі таңда адам баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мұндай көзқарастар 3 топқа бөлінеді. Біріншісі - діни түсінік бойынша бүкіл әлемді, соның ішінде адамды да Құдай жаратты деген ұғым. Екінші көзқарас бойынша адам баласы жер бетіне ғарыштан келген. Ал, үшінші пікір бойынша - адам баласы жер бетіндегі басқа да тіршілік иелері сияқты ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды. Чарлз Дарвиннің ілімі бойынша адамның пайда болып, қалыптасуы мен дамуы қарапайымнан күрделіге қарай жүрген [3]. Алғашқы адамның қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар қолдары аяқтарынан ұзын, терісін қалың түк басқан ірі маймылдарға ұқсас келді