«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау І нұсқа



бет1/5
Дата15.12.2022
өлшемі27,12 Kb.
#162891
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9-сынып қазақ тілі БЖБ 4


«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа

Оқу мақсаты:

9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе);
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар құрастырады;

  • Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады;

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Сен және сенің құқығың
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ, заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.
Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Бала құқықтары туралы Конвенция.

  3. Бала құқықтары туралы Декларация.

  4. Азаматтық кодекс.

  5. Неке және отбасы туралы Заң.

Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек.
Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті»
(174 сөз)
bilimainasy.kz


1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет